Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні




Скачать 335.81 Kb.
НазваниеБөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні
страница1/2
Дата конвертации07.02.2016
Размер335.81 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://dreamlair.ucoz.com/_ld/0/88___.doc
  1   2
Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.

1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы........................4

1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті..........................................................6

1.3 Ақшаның түрлері..........................................................................................7

Бөлім 2. Ақшаның қызметі.

2.1 Ақшаның атқаратын қызметі....................................................................13

2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.......................

Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.

3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.

3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.


Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.

Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Сонымен қатар, әр бөлімге жекеше тоқталатын болсақ, бірінші бөлімде ақшаның пайда болуы және оның түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтеміз.

Ақша – кез – келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі.

Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Екінші бөлімде ақшаның атқаратын бес қызыметі туралы және де ақшаның қажеттілігі, оның экономикалық маңыздылығы туралы қарастырамыз. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арсындағы белгілі бір экономикалық қарама –қарсылықтарды көрсететін экономикалық категория ретінде маңызы зор.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының және басқа да дүниежүзілік елдердің валюталық жүйесі туралы қарастырамыз. Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады.


Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.

1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып,жауап берді. Ақша тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.

Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда адам еңбегінің нәтижесі - өнім. Ал оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын, яғни белгілі өнімді сату- сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтытуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі – тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардаң басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал оның еңбек теориясын негізін қалаушылар ХVII ғасырдағы ағылшын экономисі У. Петти, ХVII ғасырда өмір сүрген шотландық А. Смит, XIX ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғасырда К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құынын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.

Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түсекен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату – сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сату – сатып алу жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір – біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесіне ерекше бір тауар, яғни тауар ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша». Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті.

Ақша кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «Индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттайды. Ол мынадан айқын көрінеді:

Бірішіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама – қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.


1.3 Ақшаның түрлері.

Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар – номиналды құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» - «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VIIғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX – Xғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIXғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орында, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

  • алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;

  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;

  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысын не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағазды белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар – номиналды құны нақты құнынан, яғни олардың өедірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздай жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуы себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алу жүру қолайсыздығы;

  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алумақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;

  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналды құны мен олардың нақты құны арасында айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э.XIIғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда болды. Брінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991 – 1992жж. және Қазақстан 1993ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттік қаржы жзетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

«Вексель» сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель – белгілі бір соманы алдын – ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыщқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексальді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Банкнота (ағылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынандай айырмашылығы бар:

Мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме.

Кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілділігі болады, ал банкнота қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиеттерде банкнота екі түрге бөлінеді: классикалы және жай.

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті. Олар металға алмастырылмайды, тек қана орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз ақша айналыстарының заңдылықтарына бағынады.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынандай:

Біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

Екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

Үшіншіден, ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырсу құралы.


Бөлім 2. Ақшаның қызметі.

2.1 Ақшаның атқаратын қызметі.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі біржақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы;

  2. айналыс (айырбас) құралы;

  3. төлем құралы;

  4. қорлану және қор жинау құралы;

  5. дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға әкелетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарда өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқалы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық роль атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадый түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т(тауар).

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сонда-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ереше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімінен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).

Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталмағандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

  • банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

  • сақтандыру міндеттемелері;

  • әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құрал қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынды, сөйтіп тауарды сатып алу және сату қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:

  1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

  2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,

сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларды қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлық құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге заем немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретінде металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» деп жазды. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты халықаралық валюталық қордың СДР – і атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталық одаққа бастапқы да 11 ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1-қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1-шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.


2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл – ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндіреді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің “Никомахова этика” деген кітабында “Айырбасқа қатынастардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа негізделген әрбір өлшем болуы қажет” деп жазған.Бұл ой көне Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекіткен.

ΧVІ ғ. бас кезінде утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің “Золотая книга о наилучем устройсве государства и новом острове Утопия” деген еңбегенде «барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен» деп жазған.Сондай-ақ XIX утопист – социолистер Прутон, Оуэн, Грейт және басқалар да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прутон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуеннің тауарларды ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттерді банкроттыққа соқтырған.

Субъективті ой-пікірлер ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту – адамдар арасындағы келісімнің өнімі» деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді ұсынды.

Сондай-ақ 90-жылдардың бас кезінде шыққан «Экономикс» атты кітабында К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша – ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе» деп жазды.

Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.

Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының дамуына көп еңбек сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан «көз шағылыстыратын» - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің ия ең жоғары дәрежесінде болармыз, ия қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына лақтырылып тасталармыз» деп өз ойын қорытындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола береді.

Маркстің айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:

Біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар: біртектілігі, оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы. Ол тек «патша арағында» ғана ериді.

Екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның біршама жоғары құны бар және алтын ақша құнсызданбайды.

Алтынның қоры шектеусіз еместігінен, оны шығаруға зор еңбек жұмсалады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан оның құнсызданбауы туралы, егер толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның нақты қажеттілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық қорына түседі. Керісінше, айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналымға кері оралады. Алтын ақшаның, өз иемденушісіне зардапсыз, айналым қажеттілігіне оңай, әрі тез икемделетін мүмкіндігі бар.

«Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің түріне және көлеміне жоспар бекітті.

Нарқтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, корпоративтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорындарды жеке меншіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.


Кіріспе

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.

Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Сонымен қатар, әр бөлімге жекеше тоқталатын болсақ, бірінші бөлімде ақшаның пайда болуы және оның түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтеміз.

Ақша – кез – келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі.

Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Екінші бөлімде ақшаның атқаратын бес қызыметі туралы және де ақшаның қажеттілігі, оның экономикалық маңыздылығы туралы қарастырамыз. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арсындағы белгілі бір экономикалық қарама –қарсылықтарды көрсететін экономикалық категория ретінде маңызы зор.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының және басқа да дүниежүзілік елдердің валюталық жүйесі туралы қарастырамыз. Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатад

Қорытынды

Қорыта айтқанда, ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

Сөйтіп, ақшалар ертеден азаматтың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.

Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, балықшы, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызымет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер бұрындары сатып алу процесі жалпыға бірдей эквивалентпен талтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Қазіргі кезде кәсіпорындарды жекешелендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфлияциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ақша, несие, банктер\ Жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 жыл.

2. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары\ Жалпы ред.Б.А. Көшенова Алматы, Экономика, 2000 жыл.

3. Ақша айналысы және несие\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш. ИздатМаркет Алматы, 2004 жыл.

4. Коммерциялық банктердің операциялары\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш. ИздатМаркет Алматы 2002 жыл.

5.Деньги, кредит, банки\ Под ред.О.И.Лаврушина. Москва, Финансы и статистика 2000 год.

6. Финансы, деньги, кредит\ Под ред. О.В. Соколовы. Москва, Юристь 2001 год.

7. Общая теория денег и кредита\ Под ред. Е.Ф. Жукова. Юнити, Москва 2000 год.


Бөлім 3. Валюталық жүйе.

3.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесіде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастырула. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасы болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама – қарсы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысыты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң, «Банк және банк қызыметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң, сонымен Қазақстан Республикасиның Президентінің Жарлықтары жатады.

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, алтын және басқа металдарды республикаға әкелу және алып кету , жібіру тәртібін белгілеу болып табылады. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

- Қазақстан Республиасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай – ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай – ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

ҚР-ғы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:

  • шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;

  • резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;

  • резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;

  • ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай – ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;

  • алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;

  • халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы – валюталық және несие – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;

  • қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

  • жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;

  • резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай – ақ ҚР – ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.


3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір – бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: Әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықта да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйеұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе.

  • Дүниежүзілік валюталық жүйе.

  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйехалықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежүзілік валюталық жүйебұл халықаралық несие – қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

1) Ұлттық валюта

1) Резервтік валюталар

2) Ұлттық валютаның алмастырылу шарты

2)Валюталардың өзара алмастырылу шарты

3) Ұлттық валюта паритеті

3) Валюталық паритеттерінің ортақ режимі

4) Ұлттық валюта бағамының режимі

4)Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

5)Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

5) Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

6) Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

6) Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

8) Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу

8) Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастығы

9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

10) Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

10) Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
  1   2

Похожие:

Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні icon1 АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconИнфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconТілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconКіріспе
Ақшаның айналысы” атты осы курстық жұмыста мен Баймурзин Нұржан Қазату студенті ақшаның пайда болуынан бастап,оның айналыста қандай...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconИслам дінінің пайда болуы және таралуы
Мақсаты: Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні icon1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан бұрынғы,...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні icon1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан бұрынғы,...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconСабақтың тақырыбы: Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Сабақтың мақсаты: Білімділік
Білімділік: Оқушыларға Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы мағлұмат беру
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconІІ. Биосфераның пайда болуы Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар ІІІ
Биосфера – ерекше биос өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың...
Бөлім Ақшаның пайда болуы мен мәні iconЭкономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі
Инфляция термині латын сөзі «inflatio»қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница