Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации06.02.2016
Размер74.7 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/51288.doc


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы


«Қазақ балалар әдебиеті» пәнінен 050117, 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР


Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ
ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К.


Филология, журналистика және өнер кафедрасы


«Қазақ балалар әдебиеті» пәні бойынша 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Пәнді оқу барысында қарастырылатын тақырыптар


1-тақырып. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Фольклор және балалар әдебиеті. Орта ғасыр мұраларындағы балаларға қатысты ой-пікірлер. XIX ғасырдағы ақындары және балалар әдебиеті. Ы.Алтынсарин және балалар әдебиеті. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті. XX ғасырдағы көркем шығармалар (проза, поэзия, драма). С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов және балалар әдебиеті. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев және балалар әдебиеті.

Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу, өркендеуі жөнінде ғалымдардың зерттеулері. Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшелігі. Қазақ балалар фольклоры. Фольклорлық ұсақ жанр: жаңылтпаштар, санамақтар, мазақтамалар, тақпақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Қиял-ғажайып, жан-жануар туралы ертегілер. «Қобыланды батыр» жыры. Орта ғасырдағы балалар әдебиеті. XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің идеялық-тақырыптық, көркемдік-тілдік ерекшелігі. Махамбет жырларының елдік, ұлттық өрнек. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің классигі. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы. Ыбырай әңгімелері: «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй». Жазушы позициясы. Шәкәрімнің білім-ғылым, өнер, тазалық тақырыбындағы өлеңдерінің мәні. Мәшһүр Жүсіп және балалар әдебиеті. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Мұхаммед пайғамбар бейнесі. Ақынның білім-ғылым, өнер, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдерінің маңызы, көркемдігі. «Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы», «Жарты нан хикаясы», «Шайтанның саудасы» өлеңдерінің шағын драмалық тартысқа құрылуы. XX ғ. бас кезіндегі қазақ балалар әдебиетінің идеялық-тақырыптық ерекшелігі, көркемдік сипаты.. С.Көбеевтің «Үлгілі бала», оқулығы мен «Үлгілі тәржіма» кітабының маңызы. С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов балалар әдебиетіне қосқан үлесі. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі әсемдік әлемі, тақырыбы мен идеясы. Б.Майлинннің өлеңдерінің тілі, стилі, тақырыбы мен идеясы. М.Дулатовтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдігі, қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Ж.Аймауытовтың өлеңдерінің мәні, тақырыбы мен идеясы, қазақ балалар әдебиетіне әкелген жаңалығы. М.Жұмабаевтың өлеңдерінің көркемдік сипаты, стилі. Ақын шеберлігі. Қ.Кемеңгерұлы әңгімелері.. С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы ақын, әрі ғалым.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-30 беттер, [2], 13-72 беттер, [3] 5-20 беттер, [25] , 5-30 беттер

2-тақырып. М.Әуезов және балалар әдебиеті. С.Мұқанов балалар әдебиетіне қосқан үлесі. С.Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы.

М.Әуезовтің балалар әдебиеті туралы зерттеулерінің, мақалаларының маңызы. «Жетім» әңгімесіндегі заман шындығының суреттелуі, автор позициясы. «Көксерек» повесінің идеясы, тақырыбы, кейіпкерлер әлемі. Автор позициясы. С.Мұқановтың балаларға арналған туындыларының мәні. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс», «Бала Шоқан» шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. «Бала Шоқан» повесіндегі Шоқан бейнесінің сомдалуы. М.Иманжанов әңгімелерінің көркемдік қырлары. «Алғашқы айлар» повесіндегі кейіпкерлер. С.Бақбергеновтың «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестерінің сюжеті, көркемдігі.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 3-15 беттер; [12], 3-15 беттер, [13], 1-25 беттер, [15], 147-190 беттер, [19],109-265 беттер; [20], 4-98 беттер, [32], 1-15 беттер, [39], 3-90 беттер

3-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы. Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы.

Қазақ балалар поэзиясының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері, дамуы, зерттелуі. Ө.Тұрманжанов - балалар әдебиетінің классигі. Өтебай Тұрманжановтың әр түрлі тақырыптағы өлеңдерінің көркемдігі. Қазақ балалар әдебиетіне әкелген жаңалықтары. Ө.Тұрманжанов – ертегіші. М.Әлімбаев - балалар әдебиетінің классигі. Өлеңдерінің көркемдігі, танымдық-тәрбиелік мәні. М.Әлімбаев – бала психологиясын жетік меңгерген ақын. Автор шеберлігі. М.Жаманбалинов - балалар әдебиетінің классигі. Ақын өлеңдерінің көркемдігі. М.Жаманбалинов ертегілерінің танымдық, тәрбиелік, көркемдік ерекшеліктері. Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған шығармаларының көркемдігі, идеялық мәні. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған кітаптары. Ж.Кәрбозиннің өмірі мен шығармашылығы. Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік ерекшелігі. Б.Ысқақовтың балалалрға арналған өлеңдері. Қ.Ыдырысовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Н.Әлімқұлов өлеңдерінің тақырыбы, идеясы, көркемдігі.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 1-136 беттер, [8], 1-79 беттер, [9], 1-76 беттер, [15],102-111 беттер, [19], 109-119 беттер, [20], 36-49 беттер, [24], 30-80 беттер, [29], 60-81 беттер, [33], 70-90 беттер, [38], 45-62 беттер.

4-тақырып. Әдібай Табылдиев, Жақан Смақов, Қадыр Мырзалиев, Қастек Баянбай, Абдрахман Асылбеков, Адырбек Сопыбеков, Ескен Елубаев шығармашылығы. Сұлтан Қалиев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбеков шығармашылығы.

Ә.Табылдиевтің балаларға арналған фантастикалық туындыларының көркемдігі. Ж.Смақов балалар поэзиясының өзіндік ерекшеліктері. Балалар әдебиетіне әкелген соны жаңалықтары. Ж.Смақов өлеңдеріндегі бала психологиясы. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің идеясы, тілі, стилі. Қ.Баянбай поэзиясының даралығы. Қ.Баянбай – ертегілер шебері. А.Асылбеков өлеңдерінің көркемдігі. А.Сопыбеков өлеңдерінің танымдық мәні. Е.Елубаев өлеңдерінің көркемдігі. Ақын өлеңдеріндегі бала бейнесі. Сұлтан Қалиев, Нұрхан Жанаев, Есентай Ерботин, Жеңіс Қашқынов, Совет Әлімқұлов, Несіпбек Аитов, Жарасқан Әдірашев, Өтепберген Ақыпбековтердің өлеңдеріндегі балалар бейнесі. С.Қалиев, Е.Ерботин Н.Аитов өлеңдеріндегі ұлттық нақыштар.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-64 беттер, [15], 185-199 беттер, [17], 1-79 беттер, [18], 1-48 беттер, [24], 15-114 беттер, [29], 375-528 беттер, [38], 139-158 беттер.

5-тақырып. Қазақ балалар прозасы. Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы. «Менің атым Қожа» повесі. «Балалық шаққа саяхат» повесі. Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен жазушылық шығармашылығы. Марат Қабанбаев шығармашылығы.

Қазақ балалар прозасының дамуы, зерттелуі. Қазақ балалар прозасының тақырыптық-идеялық, көркемдік-тілдік ерекшеліктері. Қазақ балалар ақын-жазушыларының авторлық тұлғасы. 1970-80 жылдардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық процесі мен авторлық позициясы. Б.Соқпақбаев шығармашылығының зерттелуі. «Менің атым Қожа» повесіндегі балалар характері. Қожа, Жанар, Жантас бейнесі сомдаудағы жазушының соны, дарашеберлік қырлары. «Балалық шаққа саяхат» повесінің сюжеті мен композициясы. Повестегі кейіпкерлер әлемі. Бала тағдырының аянышты өрнектелуі. Тұрдыбек трагедиясы. Заман шындығының повесте бейнеленуі. Сансызбай Сарғасқаев шығармаларында сюжеттік, тақырыптық ерекшеліктері. «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ» әңгімелерінде бала характерлерінің ашылуы. «Бүршік жапырақ жаяды» повесінің сюжеті, көркемдігі. М.Қабанбаев өмірі мен шығармашылығының зерттелуі. «Қала мен қыз бала», «Бақбақ басы толған күн», «Пысық болдым, мінекей», «Жиһанкез Тити», «Сурет салғым келмейді», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестерінің жазушы шеберлігі. «Бақбақ басы толған күн» повесіндегі Заманбек бейнесі, бала характерінің ашылуы. «Пысық болдым, мінекей» повесіндегі кейіпкерлер әлемі (Досан, Әйеш, Ғайша). «Жиһанкез Тити» әңгімесіндегі Тити арманының шынайы өрнектелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [15], 95-99 беттер, [19], 246-254 беттер, [20],49-58 беттер, [26], 37-50 беттер, [27], 15-32 беттер, [28], 25-31 беттер, [34], 1-91 беттер, [38], 62-74 беттер

6-тақырып. Саид Баязитов, Нәсіреддин Серәлиев шығармашылығы. Молдахмет Қаназов шығармашылығы.. Қазақ балалар драматургиясы.

С.Баязитов шығармаларындағы балалар психологиясы. «Күтпеген кездесу», «Арал робинзондары», «Алтын кілт», «Майлы қалам», «Том Сойердің туысы», «Уәде», «Тәтті қауын», «Көгілдір үйрек әңгімесі» шығармаларындағы бала бейнесі. Н. Серәлиевтің «Жеңешем, жорға және мен», «Ыстық күлше» повестеріндегі жасөспірімдер психологиясы. М.Қаназов шығармашылығының зерттелуі. «Чика-Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» шығармаларының идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. Сюжеті мен композициясы. Балалар характерін ашудағы жазушы шеберлігі. М.Қаназовтың авторлық позициясы.

Қазақ балалар драматургиясының туу, қалыптасу жолдары. Қазақ балалар драматургиясының негізгі тақырыптары. Балаларға арналған драмалық шығармаларды жас ерекшелікке сйкес шартты түрде бөлу. Қазақ балалар драмасының шағын түрлері. Қ.Ыдырысов «Танысу» интермедиясы. С.Әуелбаеваның «Оюхан мен Жоюхан» шағын пьесасы. С.Елубаев «Асар» пьесасы. Ересек балаларға арналған қазақ балалар драмасы. С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» пьесасы.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 3-120 беттер, [25], 10-50 беттер , [27], 3-250 беттер, [28], 1-100 беттер, [38],158-180 беттер.

Похожие:

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница