Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы




НазваниеӘлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы
страница1/4
Дата конвертации23.09.2012
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источникftp://212.154.195.122/Obshaya medicina/3 kurs/Obshest_zdravoohranen/kaz/Sillabus.doc
  1   2   3   4
Ф КГМУ 4/3-03/01

ПП КГМУ 4/01


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


СИЛЛАБУС


OZ 3225 «Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша

051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі -108

ІІІ курс


V семестр


Қарағанды 2011 ж.

Силлабус «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Жалпы медицина» мамандығы үшін 2011 құрастырылған

Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

2010 № Хаттама


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.К. Султанов



  • Оқытушы туралы мәліметтер:



Султанов А.К. - доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 16 жыл, 2001 жылы «Арнайландырылған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың негізгі денсаулығы», 30 баспа жұмысы жарыққа шықты, докторлық диссертациялық тақырыбы «Пенитенциарлық мекемелердегі сотталған адамдардың гигиеналық денсаулығын бағалау».

Еремеев А.М. – доцент, педагогикалық жұмыс стажы-37 жыл, 1982 жылы «Сабақтың әртүрлі ұйымы кезінде оқушының жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы» тақырыпта кадидаттық диссертацияны қорғады, 37 жазба жұмысы жарыққа шықты, ғылыми мүддесі – «Қазақстан тұрғындары денсаулығының жағдайы»


Сайфулина Н.Ф. – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 34 жыл, 48 жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми қызығушылығы – «Орталық Қазақстанда медицинаның дамуы».

  • Байланыс ақпараты: кафедра Гоголь көшесі 40, ауд. 306,307, 308, 323,326, 327 орналасқан.

телефон 51 38 97, қосымша 121.

Пәннің саясаты: студенттер «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәнін оқып- білу кезінде жүйелі және терең түрде оқу керек,семинарлық сабақтарға қатысуы керек және оқу жоспары бағдармасында қаралған барлық тапсырма түрлерін бекітілген мерзім ішінде орындалуы тиіс. Барлық дәрістерге қатысуы керек. Дәріс және тәжерибелік сабақ уақытында сыртқы келбеті жинақы болуы керек, сабақ жүргізуге кедергі болмас үшін ұялы телефонды өшіруі керек. Дәрісті жіберілу кезінде материал-реферат түрінде және лектормен әңгімелесу түрінде өтеледі. Барлық босатылған сабақтар өтеледі: себепті жағдайда кафедрада – ауызша, себепсіз жағдайда - КО. Қарызын өтеу компьютер орталығында оқу бөлімінің құрастыруы бойынша кестеге сәйкес өткізіледі. Бірінші сабақта тест бойынша базистік білім денгейі өткізіледі. Студент өзіндік жұмысты орындау керек. СӨЖ күнтізбелік жоспар бойынша және СӨЖ – дің өткізу уақыты бойынша өткізіледі. Семестрдің аяғында барлық студенттер СӨЖ тапсырмасын тапсыру қажет. ОЖСӨЖ оқытушының тәжірибелік сабақты бағалауы бойынша бағаланады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Оқу үлгерімі балық рейтингілік әріп жүйесінде «Студенттердің оқу үлгерімін рейтингілік жүйеде бағалау туралы ережеге» сәйкес бағаланады.

Студент оқытушыға, қызметкерлерге сыпайы және нақты қарау керек, инвентарға сонымен бірге оқу құралдарымен кітаптарға ұқыпты қарау керек. «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің РГКП еңбек (ішкі) тәртіп ережесінде», оқу үлгерімі жоғары, оқу пәндерін тәртібін бұзғаны үшін оны қатаң түрде сөгіс жариялау керек, ережесінде» қарастырылған.

  • Кіріспе

Қоғамдық денсаулық сақтау- халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлордың тигізетін әсерлер заңдылығын зерттейтін, азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық шаралар жүйесін негіздейтін интегралдық теориялық қолданбалы ғылым болып табылады.

Осыдан, қоғамдық денсаулықтауды кең ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыруымыз керек. Ал, денсаулықты нығайту және сақтау мәселелері денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының жауапкершілігі шегінен шығуда және азаматтардан, жұмыс берушілерден, мемлекеттен жауапкершілікті талап етуде.

Барша дәрігерлер тең шамада, клиникалық дайындығының жоғары деңгейінше қарамастан, саланың барлық сыртқы және ішкі тиімділігінің тасымалдаушысы болып табылатындықтан, денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көрулері тиіс.

Ресурстық қорлар инвестициясын арттыру ұстанымымен қазақстандық қоғамды тұрақты дамыту контекстінде, денсаулық сақтау жүйесін дамыту әдістері мен стратегиясының бір тұтас және жүйелік ұғымы қажет. Сонымен қатар, ұлт денсаулығын жоғарғы деңгейге жеткізу мақсатында ресурстарды тиімді пайдалану.



  • Пәннің мақсаты: қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға және қоғамдық денсаулықты жетілдіруге бағытталған, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті, қоғамдық денсаулық сақтау ісінен болашақ маманын қалыптастыру.

  • Оқытудың міндеттері:

  • қоғам денсаулығын басқарудың әдістемелігіне және тәсілдеріне үйрету;

  • қоғам денсаулығын талдаудың жүйелік амалына оқыту;

  • қоғамдық денсаулық сақтаудың мәселелерін шешуде дайындығын қалыптастыру.

  • Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.

Студент білуге тиісті:

  • денсаулық пен аурудың әлеуметтік, экономикалық және медициналық маңызын;

  • қоғамдық денсаулықтың концепциясы мен теориясын;

  • қоғамдық денсаулықтың көп факторлы детерминациясын;

  • динамикалық әлеуметтік –экононмикалық жағдайымен байланысты тұрғандар денсаулығы тенденциясы мен көрсеткіштерін;

  • денсаулық статистикасының теоретикалық және әдістемелік негіздері: демографиялық статистика негіздері, сырқаттылық статистикасы, физикалық даму және мүгедектікті;

  • Қазақстан тұрғындар денсаулығының қазіргі таңдағы жағдайы;

  • тұрғындар сырқаттылығы мен өлімнің құрылымы мен деңгейін;

  • ең алғаш табылған аурулар класының медико-әлеуметтік маңызын;

  • тұрғындар денсаулық жағдайын есепке алуда әсер ететін ақпараттық жүйелерін;

  • тұрғындар денсаулығын қорғау приоритеттерін.



Студент істей алуға тиісті:

  • әлеуметтік –экономикалық жағдайына байланысты тұрғындар денсаулық жағдайы көрсеткіштерін бағалау және есептеуді;

  • тұрғындар сырқаттылығы мен демографиялық процестер туралы ақпаратты жинау және талдау, оларды қазіргі таңдағы компьютер технологиясын қолданып, статистикалық өңдеуді;

  • қоршаған орта факторларымен өзара байланысы бойынша тұрғындар денсаулығын статистикалық талдау нәтижелерін бағалау және интерпретациялау;

  • тұрғын денсаулығына әсер ететін фактор дәрежесі мен бағытын бағалау, негізгі себеп-салдарлы байланысын білу;

  • тұрғындар денсаулығында медико-статистикалық оқу әдістерін қолдану;

  • медициналық құжаттарды толтыру;

  • тұрғындар денсаулығын нығайту және қолайсыз факторлар әсерін жою үшін арналған ұсынысты өңдеу.

Студент дағдыларды меңгеруге тиісті

  • Тұрғындар денсаулығының оқыту әдістемесімен жұмыс, себепті зерттеу байланысы;

  • Тұрғындар денсаулық жағдайының көрсеткіштерімен өзіндік жұмыс

Студент сұрақ қоюда білікті болуы қажет

  • Ақпаратпен өіндік жұмыс (оқу, анықтама, ғылыми)

  • Пәннің реквизитке дейінгісі және реквизиттен кейінгісі.

Реквизитке дейінгі: информатика, экология, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, медицина тарихы, биостатистика.

Реквизиттен кейінгі: қоршаған орта мен денсаулық, менеджмент және маркетинг негіздері, жұқпалы аурулар, дәлелдеу медицинасының негіздері, коммунальды гигиена, эпидемиология, тамақтану гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы.



  • Пәннің қысқаша мазмұны

Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және пән ретінде

Қоғамдық денсаулық сақтау: анықтамасы, пәні, зерттеу обьектісі, пән тарихы.

Қоғамдық денсаулық-қоғамдық денсаулық сақтаудың пәні.Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде және елдің демографиялық, экономикалық,еңбектік, әлеуметтік, мәдени,қорғаныс күш-қуатының негізі болып табылады. Денсаулық өмір құндылығы және азаматтардың жеке меншігі. Денсаулық және бәсекеге қабілеттілік.

Қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік- биологиялық жолы: халық денсаулығы- биологиялық негізі бар әлеуметтік құбылыс. Денсаулықтың әлеуметтік, экологиялық және биологиялық детерминациясы. Денсаулықтың әлеуметтік факторлары: әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік – экономикалық, медициналық-әлеуметтік.

Денсаулықпен байланысты өмір сапасы. Өмір сапасын зерттеу міндеттері мен әдістемесі. Медико-әлеуметтік нормативтер мен қажеттіліктер. Көрсеткіш жүйесі. Денсаулық пен өмір сапасын медициналық-әлеуметтік зерттеу.

Денсаулық деңгейлері: адам денсаулығын даралық ретінде(жеке адамның денсаулығы), топтық денсаулық(әлеуметтік, кәсіби,демографиялық топтар), халық денсаулығы, қоғамдық денсаулық.Жеке адамның денсаулығы. Қалыптылық және ақаулар туралы түсінік. Денсаулық топтары: дене саулар, саулар, созылмалы аурулармен науқастар. Халықтың әлеуметтік топтарының денсаулығы: отбасылары, әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, аға буын.

Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері

Денсаулық сақтауда және медицинадағы классикалық және жаңа теориялар туралы негізгі түсініктер. Пайда болу тарихы және таралуы. Денсаулық сақтаудың және медицина теорияларының жіктелуі (Ю.П.Лисицин бойынша). Денсаулыққа байланысты теориялар: қауіп-қатер факторлары, өмір салты, «аурулық және кедейлік күй», «өркениеттік аурулар» және әлеуметтік бейімделінбеу. Натуралистік медициналық –биологиялық теориялар: әлеуметтік биология, этологизм, әлеуметтік экология, күйзеліс теориясы және Сельенің жалпы бейімдеулік белгілері, фрейдизм, фрейдизмнің жаңа түрі, психоаналитика, психосоматика, неогиппократизм, стресс және жалпы адаптациялық синдром теориялары, фрейдизм, неофрейдизм, биотипология. Медицина функциональдық ақаулар теориясы: жасушалық ақау, нервизм, кортиковаскулярлық ақау. Натуралистік денсаулық сақтаудың және халық саының өзгеру теориялары: мальтузиондық, мальтузиандықтың жаңа түрі, ″халық санын шектеу"теориясы, расизм. Синтетикалық, әмбебаптық теориялар: денсаулық сақтаудағы конвергенция теориясы.

Заманауи медицинаның этикалық мәселелері:лей қоғамдық денсаулықпен байланысты: гендік инженерия, клондау әдісі, криогенизация, мүшелерді трансплантациялау және имплантациялау, эвтаназия, сұрыптау, адамдарға тәжірибе жүргізу, жасарту, жыныстық өзгерістер және т.б.

Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістетемелер.

Медициналық-әлеуметтік зерттеулер, кезеңдері. Бағдарлама (мақсаттары мен міндеттері) және жоспар (бақылау бірлігі мен объектісі, қамтуы, бақылау бірлігін іріктеу және ақпарат жинау әдістері). Жастық –жыныстық және әлеуметтік топтарды статистикалық зерттеу обьектісі ретінде алу.

Халық денсаулығы жағдайының зерттеу әдістері: статистикалық, әлеуметтік, медициналық құжаттарды талдау және т.б.

Халықтың жастық-жыныстық және әлеуметтік топтарының денсаулығын кешенді зерттеу. Халық денсаулығын сандық және сапалық бағалау. Халық денсаулығын әртүрлі көрсеткіштеріне әлеуметтік және экономикалық факторлардың тигізетінәсерін бағалау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің, зерттелетін жинақтарды қалыптастару тәсілдерінің, жүйелі көрсеткіштердің өзара байланысын ұсыныстар мен тұжырымдары ғылыми практикалық дәлелдеме ретінде пайдалануы. Денсаулық сақтау практикасына зерттеу нәтижелерін енгізу тәсілдері. Халық денсаулығы жағдайының мониторингісі. Халық денсаулығының индикаторлары.

Медициналық-статистикалық ақпарат

Медициналық құжаттар: оперативі, оперативті-тіркеу, тіркеу және есептік құжаттар. Біріншілік медициналық құжат түрінің тізімі. Сырқаттанушылықты қадағалаудағы автоматтық тіркеулер-туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті бойынша біріншілік құжаттарды орталықтандыра өңдеу.


Демографияның медициналық – әлеуметтік мәселелері.

Демографияның мазмұны және анықтамасы. Халықтың демографиялық статистикасының обьектісі ретінде. Халық денсаулығы үшін жәнеденсаулық сақтау тәжірибесіндегі демографиялық мәліметтердің маңыздылығы.

Халық статистикасы: саны, орналасу тығыздығы, жасы, жынысы және т.б. белгілері бойынша құрамы. Халық статистикасын зерттеу әдістемесі. Халық санағы, ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Халықтың жастық құрылым типтері: прогрессивті үдемелі, стационарлық, регрессивті немесе кері тартпалы. Қазақстан халқының саны және құрамы.

Халық динамикасы: халықтың механикалық және табиғи өзгеруі. Көшіп-қону түрлері: эмиграция, иммиграция, қалалану, шарасыз орын ауыстырушылар, босқындар. Көшіп-қонудың негізгі себептері мен салдарлары. Халықтың механикалық қозғалысын зерттеу әдістері.

Туушылық, анықтамасы, есептеу әдістемесі. Туушылыққа әсер ететін (жалпы және жеке) факторлар. Туушылыққа қарқынының әлеуметтік-экономикалық және т.б, факторлармен өзара байланысы. Туушылықтың арнайы көрсеткіштері: фертильдік (ұрықтылық) және инфертильдік, некелік және некесіз және т.б. Халық өлімі: жалпы және жасқа сәйкес, деңгейі, құрылымы мен қарқыны. Халықтың табиғи өсуі, түрлері. Депопуляция ұғымы (демографиялық қиысу). Туу мен өлімжағдайларын тіркеу және есепке алу жүйесі. Туу мен өлім деректерін куәландыратын есептік құжаттар. Тууышылық пен өлімді тіркеуге алуда медициналық қызметкерлердің рөлі. Халықтың табиғи өзгеруін талдау. Дүниежүзі елдерінде, Қазақстанда аймақтар бойынша өзгерудің ерекшеліктері.

Сәбилер өлімі.: Тірі туу, өлі туу, ұрық туралы түсінікСәбилер өлімін талдау және есептеу әдістемесі. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің басты себептері: перинатальдық кезеңде пайда болатын жағдай, дамуында туа біткен ақаулар тыныс алу мүшесінің аурулары.

Болашақ өмірдің ұзақтығы, анықтамасы, принциптері және оларды есептеу әдістемесі. Өлім (өмір сүру) кестесі туралы түсінік. Қазақстандағы және басқа елдердегі болашақ өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіштері. Халықтың қартаюы, салдарлары. Қазақстандағы және басқа елдердегі егде адамдардың үлесі. Егде адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық, медициналық және психологиялық тұрғылары.

Қазақстандағы және басқа елдердегі демографиялық саясат.

Өсіп-өнудің денсаулықпен байланысы.

Өсіп-өнудің денсаулықпен байланысы, анықтамасы. Азаматтардың өсіп-өну құқығы және оны жүзеге асыру кепілі. ҚР-ғы 2006-2016 жылдардағы гендерлік теңдік стратегиясы. 200-2012 жылдарға ″Ерлер және өсіп-өнудің денсаулықпен" мемлекеттік бағдарламасы.

Отбасын жоспарлау. Ұрықтанушылықтың реттелуі анықтамасы, әдістері. Жасанды түсік медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. Жасанды түсік тастаудың таралуы. Әлеуметтік факторлардың жасанды түсік тастаудың жиілігіне әсері. Жасанды түсік тастауға қарсы жүргізілетін негізгі шаралар. Жасанды түсікке қарсы шарала, контрацепциялық шаралардың маңызы. Туу жасындағы әйелдердің денсаулығына жасанды түсік тастаудың кері әсерінен сақтану.

Ана өлімі өсіп-өну жасындағы әйел денсаулығының бірлескен көрсеткіші ретінде. тАкушерлік себептерге тікелей және жанама байланысты ана өлімі. Қазақстандағы барлық ана өлімінің басты себептері: шұғыл генитальді аурулық, акушерлік қан кетулер, жасанды түсіктер. Өсіп-өндің денсаулықпен байланысы индексі.

Халық сырқаттанушылығы және оны зерттеу әдістері.

Халық денсаулығының жағдайын кешенді түрде бағалау үшін сырқаттанушылық статистикасының маңызы, Жалпы және алғашқы сырқаттанушылық туралы түсінік. Денсаулыққа байланысты мәселелердің және аурулардың халықаралық статистиканың жіктелуі (АХЖ, БҰҰ 10-шы қаралуы), құрылу принциптері Халық сырқаттанушылығының зерттеу әдістері және көздері. Негізгі тіркеу және іс жүргізу құжаттары. Өздігінен қаралу, өлім себептері, медициналық тексеру мәліметтері бойынша сырқаттанушылықты зерттеу. Ауруды есепке алу (тіркеу). Сырқаттанушылықты жеке және құрама есепке алу.Сырқаттанушылықтың басымдылық кластарының медициналық-әлеуметтік тұрғылары. Айналағыларға қауіп төндіретін аурулар мен әлеуметтік маңызды аурулар туралы түсінік. Аурулықтың кейбір түрлерін арнайы тіркеу (жұқпалы кеселмен аурулық, аса маңызды жұқпалы емес сырқаттар уақытша еңбекке жарамсыздық, госпитальдық аурулық). Уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі көрсеткіштері және оның экономикалық маңызы. Әрбір ауруды жеке тіркеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты зерттеу. Тіркеу ережесі, кәсіби аурулар мен улануларды тексеру, осылар бойынша тіркеу және есепке алу. Сырқаттанушылықты зерттеудің таңдамалы және жалпылай тәсілдері. Сырқаттанушылықтың себептерін және құрылымын зерттеудегі дәрігерлердің маңызы.. Қазақстанның халқының сырқаттанушылықты туралы негізгі мәліметтер.

Сырқаттанушылықты қадағалаудағы автоматтық тіркеулер-туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті бойынша біріншілік құжаттарды орталықтандыра өңдеу.

Физикалық даму.

Физикалық дамудың негізгі негізгі белгілері мен өлшемдері (антропометриялық, физиометриялық соматоскопиялық). Антропометриялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістемелігі. Физикалық дамуды бағалау кестелері және стандарттары Физикалық дамуды топтық және жекелік бағалалануы. Сигмальды бағалау. Балалардың және жасөспірімдердің физикалық және жыныстық дамуының (акселерация және децелерация) медициналық-әлеуметтік маңызыі.

Халықтың кейбір топтарының физикалық дамуын бақылау жүйесі: сәбилердің, мектепке дейінгі жастағы балалардың, оқушылардың, студенттердің, әскерге шақырылатындардың, шақырылғандардың, шақырылғандардың, кейбір өнеркәсіптегі жұмысшылардың.

Мүгедектік

Мүгедектік себептері. Мүгедектік топтары және оларды топтастыру принциптері. Халықтың мүгедектелігі, деңгейі, құрылымы. Медициналық–әлеуметтік сараптамалық комиссиясының құжаттары. Мүгедектік көрсеткіштері.

Қоғамдық денсаулық сақтау жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттар.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған халықаралық конференция (Алма-Ата, 1978). Алматы декларациясы-ХХ ғасырдың ұлы хартиясы. ДДСҰ «жиырма бірінші жүз жылдықта денсаулық бәріне арналады. (Денсаулық-21), мақсаты, міндеттері. Мыңжылдық Саммитінде қабылданған «Нью-Йорк, 2000ж .), мыңжылдықты дамыту мақсаты, Қазақстанға арналған мақсаттар, мониторинг индикаторлары. «Қазақстан-2030» стратегиясы. Өркендеу, қауіпсіздік және баршав қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту». 4 ұзақ мерзімді басымды «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарыныңсалауаттылығы», шешілетін мәселелер:туушылықтың жоғарлауына, өлімнің төмендеуіне, өмір сүру ұзақтығының артуына негізделген демографиялық саясат; салауатты өмір салты және т.б. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқына жолдауындағы денсаулық тақырыптары.

Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастыру

Денсаулықтың валеологиялық тұрғылары. Өмір салты түсінік. Өмір салтының денсаулыққа әсері. Медициналық белсенділік. Салауатты өмір-салты және оны қалыптастыру. Өмір салтының көрсеткіштері мен бағалау принциптері. Халық денсаулығына қауіп-қатер факторларының жіктелуі.. Өмір сүру дағдысына байланысты қауіп-қатер факторлары. Экономикалық дамыған елдерде аурудан сақтану стратегиясы: популяциялық стратегия және жоғары қауіп-қатерлі факторлар стратегиясы. Әлеуметтік және медициналық сақтану шаралары. Алғашқы және екінші тұрғыдан сақтану шаралары. Сақтану бағдарламалары: кешенді және мақсаттылық, көп факторлық және бір факторлық, ұлттық, аймақтық, салалық және бірлестік. Аурудан сақтану және салауатты өмір сүруді қалыптастырудағы медициналық қызметкерлердің маңызы. Халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері.Мемлекеттік бағдарлама ″Салауатты өмір салты" мемлекеттік бағдарламасы.

Қоғамдық денсаулықты сақтаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының конституциясы (1995 ж. 30-шы тамыз) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен принциптері

Денсаулық қорғауда мемлекеттік кепілдікті қамтамсыз ету және азаматтар құқығын сақтау. Медициналық көмектің шектелуі кепілдік көлеміндегі тегінділігі, сабақтастығы және бәріне-бірдей қол жететіндігі. Денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы. Медициналық көмек алудағы әлеуметтік әділдік және теңдік. Халықтың қажеттілігіне сай денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және медициналық мекемелерге бірдей жағдай жасау. Медициналық әлеуметтік және медициналық санитарлық шаралардың ғылыми негізделуі және профилактикалық бағыттылығы. Медициналық сақтандырудың және көп салалы медицинаның дамуы. Азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттік басқару органдардың, жұмыс берушілердің және лауазымды адамдардың жауапкершілігі. Азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттік басқару органдардың, жұмыс берушілердің және лауазымды адамдардың жауапкершілігі. Азаматтардың және айналасындағылардың денсаулығын сақтау және нығайтуға жауаптылығы. Сектораралық ынтымақтастық. Қаржылық төлем әділеттілігі.

Медициналық көмектің түрлері: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек. Қайта оңалту (реабилитация).

Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың иерархиялық құрылымы. Денсаулық сақтауды басқарудың деігейлері: орталық және жергілікті.

Денсаулық ұйымының тізімі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі, анықтамасы, тізбесі.

Денсаулық сақтау мекемелерінің кепілдік медициналық көмек көлеміне кірмейтін төлемді түрде көрсетілетін медициналық көмектердің тізімі.

Халыққа амбулаторлық-емханалық көмекті көрсету

Халыққа амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдсатыру принциптері (учаскелік принцип, жалпылық, қолжетерлік, профилактикалық бағыттылық, дәрігерді ерікті таңдау). Негізгі амбулаторлық-емханалық ұйымдар (қалалық емхана, қалалық аурухананың емханасы).

Қалалық емхана, мақсаты мен мен жұмысын ұйымдастыру. Емхананың қызметкерлері және жұмыс істеу тәртібі. Емхананы басқару. Емхананың құрылымы: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімшелері (терапиялық, хирургиялық бөлімдері, дәрігер-маман кабинеттері, қайта оңалту бөлімі, физиотерапевтикалық бөлімі), емдеу-диагностикалық бөлімдер (рентгенологиялық, эндоскопиялық, функциональдық әдістер, зертханалар және басқалар), әкімшілік-шаруашылық бөлім. Қалалық емхананың бөлімдерінің міндеттері және жұмысын ұйымдастыру. Қалалық емхананың және оның бөлімдерінің жұмысының көрсеткіштері.

Учаскелік дәрігер мақсаттары, міндеттері, жұмысын ұйымдастыру, қызметінің көрсеткіштері.

Халықты диспансеризасиялау. Қазіргі кезеңдегі диспансеризациялау. Қазіргі кезеңдегі диспансеризация мақсаттары. Диспансеризация жүргізу бойынша нормативтік құжаттар, диспансеризацсиялаудың тарихы, талдау және нәтижелері.

Қазіргі кезеңде диспансеризацияны жүргізу. Диспансерлік бақылауға алынатын тұрғындардың топтары. Диспансеризацияның мақсаттары. Барлық мамандағы дәрігерлердің диспансерлік бақылау ұйымдастыруы, медициналық құжаттар. Диспансерлік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстың көрсеткіштері. Медициналық тексерулер. Қазақстанда жалпы практикалық дәрігер/ жанұялық дәрігер: мақсаттары, міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі, қызметінің түрлері. Семиялық дәрігерлік амбулатория, мақсаттары және жұмыс істеу принциптері, жұмысты ұйымдастыру, қаржыландыру.

Акушерлік терапевтикалық-бала емдеу бірлестігі.

Амбулаторлық-емханалық мекемелердің тіркеу мен іс жүргізу және есептеу құжаттары.

Кеңестік-диагностикалық орталық. Құрылымы (тіркеу орны, диспетчерлік жүйе, психосоматикалық анықтау бөлімі, анықтау үрдісін анықтау бөлімі, клиникалық-кеңестік бөлім, терапевтикалық, бала емдеу, хирургиялық бөлімдер, зертханалар: гематологиялық және жалпы клиникалық зерттеу, клиникалық-иммунологиялық, цитоморфологиялық, функциональдық анықтау, компьютерлік томография, рентгенмен тексеру, эндоскопиялық, ультрадыбыстық анықтау, биохимиялық және т.б.) міндеттері. Қаржылық-шаруалық жұмысының принциптері, қаржыландыру қорлары. Диагностикалық орталықтарға келушілерге жолдама беру реті. Диспетчерлік жұмыс және оны қаралуға келушілерге реттеу жұмысы.

Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру. Негізгі принциптері және ұйымдастыру түрлері. Ауруханалық емес шұғыл жәрдем. Орталық жедел жәрдем станциясының және оның бөлімдерінің жұмысын басқару. Мақсаттары, міндеттері және жедел жәрдем станциясының құрылымы (шұғыл бөлім, госпитьализациялау бөлімі, жедел жәрдем станциясының және амбулаторлық-емханалық мекемелердің жұмысының байланыстылығы. Жедел медициналық көмектің ауруханасы, оның қазіргі кезеңдегі жағдайлары, жұмысының тиімділігі және сапасы.

Халыққа ауруханалық көмекті ұйымдастыру

Ауруханалық көмек жүйесінде көп салалы аурухана негізгі және алдағы буындағы бөлім. Қалалық аурухананың құрылымы қызметкерлерінің саны, міндеттері және жұмысын ұйымдастыруы. Аурухананың төсектер санының құрылымына, сипатына және қаржыландыруына әсері. Ауруханалық көмекке нормативтік қажеттілік. Аурухананың жұмысының көрсеткіштері: төсек қорын пайдалану көрсеткіштері (төсектің жыл бойы пайдалануы, төсек айналымы, госпитализациялау көлемі, бір аурудың емделу ұзақтығы), өлім көрсеткіші. Аурухана орнына жүретін технологиялар.

Диспансерлер

Кардиологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, эндокринологиялық, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері, олардың құрылымы, міндеттері, қызметтері, істерінің ұйымдастырылуы.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру

Ауылдық медициналық ұйымдардың тізімі. Ауыл тұрғындарының медициналық қызметкерлермен, амбулаторлық-емханалық және ауруханалық көмекпен қамтамасыз етілуі. Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қол жетулігі. Ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы материалдық-техникалық сипаттамасы. Ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің кезеңділігі (ауылдық дәрігерлік учаскесі, ауылдық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдары), олардың сипаттамасы және бағалануы.

Ауылдық дәрігерлік учаскесі: медициналық ұйымдар, медициналық көмек көрсетуден көлем, міндеттері. Ауыл-шаруашылық жұмысына және оның мерзімдігіне байланысты медициналық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ауылдық дәрігерлік учаскесі санитарлық ағарту жұмысы. Ауыл тұрғындарының кейбір топтарын диспансеризациялау, эпидемияда қарсы жұмыс жүргізу

Аудандық медициналық мекемелер, олардың міндеттері. Орталық аудандық аурухананың құрылымы және міндеттері, медициналық көмектің көлеміне, аудандық денсаулық сақтау жүйесін басқаруға байланысты ұйымдастырушылық әдістемелік орталықтың қызметін жүргізуі. Жедел және шұғыл көмекті ұйымдастыру. Аудандық мекемелердің жұмысы, құжаттары.

Облыстық медициналық ұйымдар: облыстық аурухана, (міндеттері, құрылымы және жұмысының көрсеткіштері).

Ауылдық жерде ана мен баланы қорғауды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Өнеркәсіп жұмысшыларына медициналық-санитарлық көмекті ұйымдстыру

Медициналық-санитарлық бөлім, денсаулық сақтау орындары, олардың құрылымы мен міндеттері. Цехтік учаскелік ұстаным. Жергілікті және салалық денсаулық сақтау жүйесінің өзара байланысы. Цехтік учаскелік дәрігердің негізгі міндеттері, қызмет көрсетудің бригадалық әдісі. Өндірістік жарақаттануды және уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығын төмендетудегі цехтік дәрігердің маңызы. Жұмысшыларды медициналық тексеруден өткізу және оны ұйымдастыру. Жұмысшыларды, жас өспірімдерді, әйелдерді диспансерлік тіркеуге алу. Өндірістердегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыс. Өндірістік жарақаттанудан және кәсіби аурулардан сақтану, өндірістерде еңбек жағдайын қорғау және қауіпсіздік техникасы. Медициналық-санитарлық бөлімінің әкімшілікпен және қоғамдық ұйымдармен байланысы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Өндірістердің әлеуметтік дамуы-өнеркәсіп жұмысшыларының денсаулығын нығайтудың негізі.

Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру

Біріккен оның міндеттері және құрылымы. Әйелдер кон сультациясы және оның құрылымы, қызметкерлерінің саны, жұмыс істеу әдістері мен түрлері. Әйелдер консультациясының жұмысындағы учаскелік ұстаным және диспансерлік тәсіл. Медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін негізгі топтары. Қызмет көрсету аймақтағы әйелдер арасындағы профилактикалық жұмыс. Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу. Әйелдер денсаулығының жағдайын зерттеу және олардың еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар жасау. Жүкті әйелдерге медициналық қызметті ұйымдастыру. Туылатын сәбидің денсаулығын қорғау үшін жүргізілетін жұмыстар. Жүкті әйелдерді дер кезінде тіркеуге алуды толық тексеруді, жүктілік кезінде үзбей бақылауды қамтамасыз ету. Босануға дейінгі мерзімді жүкті әйелдерді жанжақты дайындау. Гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық қызметті ұйымдастыру, оларды диспансерлік тіркеуге алу және бақылау. Өндірістік өнеркәсіптердегі акушер-гинекологтың жұмысы. Перзентхана оның құрылымының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар. Жүкті әйелдер және гинекологиялық ауруы барларды қабылдауды ұйымдастыру. Жұқпалы ауруларға қарсы жұмыс жүргізу. Аналар өлімі мен сәбилер өлімінің алдын алу шараларын жүргізі. Акушерлік-гинекологиялық көмектің мамандандырылуы. Әелдер консультациясының және перзентхананың жұмысының құжаттары, есеп беруі мен көрсеткіштері. Әйелдер консультациясы мен перзентханада және балалар емханасы жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету.

Перинатальдық орталық, міндеттері. Отбасын жоспарлау және өсіп-өнуден денсаулықпен байланысы орталығы, оның міндеттері.
  1   2   3   4

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconӘлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы
Орташа шаманы есептеген кезде бақылау бірлігі 10-ға тең болса, біз бұл шаманы топтастырамыз ба?

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconIv курс VII viii семестр
...

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconРешение тестовых заданий и ситуационных задач подготовка рефератов
«Әлеуметтік медицина денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика» пәні

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconРефераттар дайындау
«Әлеуеттік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика» пәні

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconПрезентация рефераттың құрылымы
«Әлеуеттік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика» пәні

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconРефератқа мэліметті енгізу
Арағанды мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік медицина жэне денсаулық сақта}'ды уйымдастыру кафедрасы

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы icon«денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы бағдарлама
М110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша докторантура үшін емтихан бағдарламасы

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconСиллабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін
...

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconРеферат дайындау слайд дайындау аралық бақылау өткізу оқытушымен қосымша сабақ жүргізу Әдебиеттер: Қоғамдық денсаулық сақтаудың тәжірибелік сабағы Лисицина Ю. П., Копыта Н. Я. М., 1984. «Қоғамдық гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»
Мақсаты: амбулаторлық-поликлиникалық мекемелерде ұйымдастыру жұмысын үйрету және бекіту; басты көрсеткіштердің қорытындысы мен анализін...

Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы iconРефератқа мәліметті енгізу
Мақсаты: Медицина және денсаулық сақтаудағы классикалық, жаңа теориялар туралы негізгі түсінік. Пайда болу және таралу тарихы. Медицина...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница