Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)




Скачать 11.55 Mb.
НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
страница2/112
Дата конвертации05.02.2016
Размер11.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://economics.akto.kz/prtkaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймалардың қабырғаларын, іші мен өзегін ескі қоспалардан гидромониторлар мен брандспойттардың көмегімен 12 МПа (120 атм) астам қысыммен тазалау.

Білуге тиіс: қысымы жоғары гидрокамералар мен сорғылардың құрылысы, орындалатын жұмыс көлеміндегі гидромеханика негіздері, әртүрлі құймаларды гидротазалауға қойылатын техникалық шарттар.


13.Гидротазалаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өзектерді қағымдаушы электр гидроқұрылғыны басқару және құйманы қалыптау қоспасының қалдығынан тазалау. Жұмыс режимін таңдау, электродты бакқа түсіру және импульсті тоқ генераторын іске қосу. Құйманы тазалау барысын бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс режимін автоматты реттеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Құрылғыны сөндіру, электродты көтеру және құймасы бар контейнерді (металл қалыпты) электр гидроқұрылғыдан тыс жіберу.

Білуге тиіс: электр гидроқұрылғының, іске қосқыш және реттегіш құрылғылардың кинематикалық және электр схемалары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының құрылысы, импульсті тоқ генераторына түсетін жүктеменің шегі, электр жабдықтары жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.


Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші


14. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары үюшінің басшылығымен шикіқұрам материалдарын шойын пештер мен балқыту пештеріне, қолмен немесе кранның көмегімен үю. Пештік тиеу терезелерінің қалқалағыштарын реттеу. Шикіқұрам материалдарының жарамдылығы мен сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау.

Білуге тиіс: шойын пештер мен балқыту пештерінің жұмыс қағидаты, пештер мен балқыту пештерін толтыру режимі, шикіқұрамдық, толтырушы, тұндырушы және тотықтандырушы материалды, шикіқұрам материалдарының шекті көлемі мен салмағы, пештерге шикіқұрам материалдарын үю тәсілдері, шойын пештегі бос қабаттың көлемі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.


15. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т дейінгі шойын пештерге, балқыту пештеріне ірі көлемді металмен толтырған кезде шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және қолмен үю. Үздіксіз металл балқыту процесінде шикіқұрамды шойын пештерге үю және металл шығару. Шикіқұрамның уақтылы жіберілуін және оның пешке біркелкі түсуін бақылау. Шикіқұрам материалдарын үйген кезде бағаналар мен арықтардың сақталуын бақылау. Үю материалдарының жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою. Үю машиналарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті шойын пештері мен балқыту пештерінің, қызмет көрсетілетін үю машиналарының және оны басқару аспаптарының құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, барлық шикіқұрамдық және толтырушы материалдардың атауы және оларды сыртқы түрі бойынша ажырату, шикіқұрам материалдарын толтыру кезегі, жүктерді кранмен тасымалдау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері, үю машиналарының механизмдерін майлау кезеңділігі.


16. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т астам балқыту пештеріне шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және үю машиналарының көмегімен үю. Үю машинасы механизмдерінің және оның электр жабдықтарының жұмысын бақылау, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: үю машиналарының құрылысы және кинематикалық схемасы, олардағы аспаптардың орналасуы, жұмыс қағидаты, артылған мульділердің шекті көлемі, балқытылатын металдың тиісті маркасына арналған шикіқұрамның құрамы, шикіқұрамның жекелеген элементтерінің металл мен құйманың қасиеттеріне тигізетін әсері.


Құймаларды пісіруші


17. Құймаларды пісіруші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқытып қаптау, қабыршықтарын, жарықтарын эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу және механикалық өңделмейтін құймаларды пісіру арқылы ақаулықты жою. Құйманың жетіспейтін бөліктерін пісіруге арналған қалыптарды жасау. Құймаларды қыздыруға болмайтын жерлері мен бөліктерін оқшаулай отырып, қыздыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары құймаларды пісірушінің басшылығымен механикалық шабуға болатын құймаларды балқыту және пісіру. Құймалар мен пісірілген жерлерді салқындатуды реттеу.

Білуге тиіс: шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың түрлері мен қасиеттері, сұйық металл мен балқытуға арналған шайырдың температурасы, пісірілетін жерге қойылатын талаптар, құймаларды сұйық шойынмен балқыту және пісірудің негізгі тәсілдері, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, құймаларды ілмектеу, көтеру және орнын қауыстыру тәсілдері, құйғыштар мен құйғыш науалардың құрылысы.


18. Құймаларды пісіруші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т дейінгі, механикалық өңделетін және қалыңдықтары әртүрлі шығыңқы бөліктері бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Құймалар мен балқытылған жерлерді қыздыру және салқындату.

Білуге тиіс: құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың қасиеттері, қыздыру және балқыту кезінде құймаларда пайда болатын ішкі кернеу, оны жою шаралары, құйманың қыздыруға болмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері, пісірілген күрделі құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру әдістері мен режимі.


19. Құймаларды пісіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т астам, механикалық өңделетін және жұқа шығыңқы бөліктері мен қалыңдығы әртүрлі қабырғалары бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Металл қабылдағыштарды, сұйық металды құюға арналған құйғыштар мен құю науаларын жасау. Құймаларды толық және балқытылған жерлерді жеке қыздыруды және салқындатуды реттеу.

Білуге тиіс: аса күрделі балқытылған құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру режимдері, құймалардың балқытуға даярлығын және сұйық металл мен шайырдың жарамдылығын анықтау тәсілдері.


Металл құюшы


20. Металл құюшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кран және сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі емес және қалыптарға, металл қалыптарға немесе қабырғасы қалың тұрақты металл қалыптарға құю. Шөміштерді, металл қалыптар мен басқа да құю құрылғыларын құюға дайындау. Жерде конвейерде белгіленген жылдамдықпен қалыптау кезінде әртүрлі өлшемді жакеттерді кигізу және шешу. Құйылатын металдың температурасын бақылау. Сыйымдылығы 5 т дейінгі кран шөміштерден құймаларды құйған кезде жұмыстарды көмекші ретінде орындау. Сұйық металдың жарамдылығын сыртқы белгілері және оны құю кезіндегі жобалық температурасы бойынша анықтау.

Білуге тиіс: шағын крандардың, науалар мен құйғыштардың құрылысы, құйылатын металдардың құйғыштық қасиеттері, қалыптарға құю ережесі және жүктерді қалыптарға орнату және жакеттерді қалыптардан алудың тиімді тәсілдері, қолданылатын металл қалыптардың, қосылма жалғамалардың, сифондар мен аралық шөміштердің құрылысы, науалар мен құйғыштарды футерлеу және бояуда қолданылатын материалдар, металл қалыптарды сырлауда қолданылатын бояулардың құрамы, көтергіш көлік құралдарын пайдалану тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Металды қалыптарға құю:

1) Мост крандардың жүгіртпелері;

2) Диаметрі 500 мм дейінгі арқанды, кран және тізбекті блоктар;

3) Ішпектер және диаметрі 150 мм дейінгі және ұзындығы 200 мм дейінгі мойынтірек қақпақтар;

4) Салмағы 300 кг дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

5) Локомотивтердің тежегіш қаңқа қаптамалары;

6) Диаметрі 500 мм дейінгі бу сорғылардың цилиндр қақпақтары;

7) Медициналық жабдықтардың иықұстағыштарының корпустары;

8) Диаметрі 1000 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

9) Кертпегі жоқ қорамжәшік;

10) Мәнерлі келтеқұбырлар, бедерлі цилиндрлер, екі роульсті кипа планкалар, зәкірлер, клюздер, кнехттер;

11) Қозғалмалы құрамның арматураланған мойынтірегі;

12) Қозғалмалы құрамның өкшеліктері;

13) Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар


21. Металл құюшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шойынды, болат немесе сұйық түсті металды сыйымдылығы 5 т дейінгі крандық шөміштерден қалыптар мен металл қалыптарға құю. Сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол және крандық шөміштерден күрделі қалың қабатты құймаларды қалыптарға құю. Металды қарапайым және күрделілігі орташа қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге және күрделі үлкен кокильдерге орнату. Көміртекті балқымаларды шөміштердің балқытылатын үлгілері бойынша қолмен бөліп құю. Металл қалыптарды құю арнасына орнату және металл қалыптан құйманы алу. Бөліп құятын электр арбаның көмегімен сұйық металды тарату. Шойынды шөміште немесе науада біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен әртүрлі компоненттерді тұндыру арқылы түрлендіру және қоспалау.

Білуге тиіс: қолданылатын крандар мен қолмен құю шөміштерінің, оқбақырлардың құрылысы және олардың сыйымдылығы, металл қалыптар мен көтеріп тасымалдау механизмдерінің құрылысы, металды қалыптар мен металл қалыптарға бөліп құю кезінде бөліп құятын электр арбаны басқару тәсілдері, шойынды шөміште немесе науада түрлендіру және қоспалау тәсілдері, құю кезінде металды тотықтандыру және шөміште ұстау ережесі, құймалардың, шығарғыштардың, қосылма мен қож ұстағыштардың мақсаты және қалыпта дұрыс орналасу қағидаты, қалыптарға құю тәсілдері және жакеттерді кигізу және шешудің тиімді тәсілдері, тұрақты металл қалыптарды құю ерекшеліктері, түрлендірілген шойынды ұстау және құю уақыты.

Жұмыс үлгілері

Металды қалыптарға құю:

1) Диаметрі 500 мм астам арқанды, кран және тізбекті блоктар;

2) Қозғалмалы құрамның букстері;

3) Ішпектер және диаметрі 150 мм астам және ұзындығы 200 мм астам мойынтірек қақпақтар;

4) Тұқым сепкіштің тістері;

5) Салмағы 300 кг астам құймаларға арналған металл қалыптар;

6) Мост крандардың қозғалғыш дөңгелегі;

7) Автотіркегіштердің фрикционды аппараттарының корпусы;

8) Алдыңғы және артқы тұғырдың, беріліс жәшігінің, алжапқыштың, металл кескіш станоктардың кареткасының корпусы;

9) Жылу қазандықтары (қазандықтар секциясы);

10) Тұқым сепкіштердің айқастырмасы;

11) Бу машиналары мен сорғыларының диаметрі 500 мм астам цилиндрлерінің қақпақтары;

12) Диаметрі 1000 бастап 2000 мм дейін тегершіктер мен шкивтер;

13) Құйғыш машиналардың мульділері;

14) Кертпегі бар қорамжәшіктер;

15) Тіс табанның күпшегі;

16) Су құбырлары;

17) Шлакты ағызуға арналған ыдыстар;

18) Диаметрі 400 бастап 1000 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.


22. Металл құюшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 5 т астам бір немесе екі кран шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі құма қалыптарға, металл қалыптарға құю. Металды қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге, күрделі тұрақты металл және құм қалыптарға орнату немесе қоспаланған және көп қоспаланған болатты металл қалыптар мен кокильдерге бөліп құю. Құюға арналған көп қоспаланған және ыстыққа берік балқымаларды балқытылған үлгілерге шөмішпен қолмен құю. Құйғыш шөміштер мен құю жүйесінің құюға даярлығын тексеру. Қалыптарға құйылатын металдың температурасын белгілеу. Құймалардың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: металдың құйылатын қалыптарға сыйымдылығы, әртүрлі маркалы металды әртүрлі қалыптарға құю процесі, қалыптарды құрастыру ережесі, құймалардың, шығарғыштар мен қосылмалардың құрылысы және орналасуы, газды қалыптар мен өзектерден шығару тәсілдері, қалыптарды бекіту ережесі, металдарды әртүрлі қалыптарға құю температурасы мен жылдамдығы және олардың құйманың сапасына тигізетін әсері.

Жұмыс үлгілері.

Металды қалыптарға құю:

1) Илемдеу станоктарының сумен салқындатылатын арқалықтары;

2) Дизельдер цилиндрлерінің блоктары;

3) Паровоз цилиндрлерінің блоктары;

4) Иінді білік;

5) Автотіркегіштің бастары;

6) Конверторлардың мойны;

7) Ауылшаруашылық машиналардың корпустық бөлшектері;

8) Сорушы және шығарушы коллекторлар;

9) Ірі редукторлардың корпустары;

10)Турбиналар мен сорғылардың корпустары;

11) Жұқа қабатты құйма;

12) Гидротурбиналардың қалақтары;

13) Екі-үш қатар сымы бар, диаметрі 2000 мм астам тегершіктер шкивтер;

14) Үю машиналарының мульділері мен тұмсығы;

15) Комбайндардың кесуші аппаратының саусақтары;

16) Турбиналардың келтеқұбырлары;

17) Барлық типті автомобильдердің поршеньдері;

18) Жылу радиаторлары;

19) Дизель рамалары;

20) Ірі станоктар мен илемдеу станоктарының тұғыры;

21) Мойынтірек тіректері;

22) Комбайндардың күпшектері;

23) Ірі станоктардың маңдайшалары мен жылжымалары;

24) Диаметрі 1000 мм астам мойынтірек қалқандар.


Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы


23. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ және қарапайым бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Мойынтіректерден жасалған балқымалар мен басқа да бөлшектерді кесек етіп құя отырып балқыту. Бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау. Құйылатын бөлшектердің бетін қалайылау және мырыштау.

Білуге тиіс: бір типті құю пештері мен оқбақырлардың құрылысы, ұсақ және қарапайым бөлшектерді қорғасыннан құю, құйылатын беттерді қалайылау, бөлшектерге құрамында қорғасыны бар құйманы құю процессі, қалайылау және құюға арналған бөлшектерді қыздыру температурасы, құрамында қорғасыны бар құйманы балқыту процесі және оны кесек етіп құю, бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау процессі.

Жұмыс үлгілері.

1) Тығыздама сақиналар, қорғасын балға, пломбалар - құю;

2) Ауыспалы біліктердің мойынтіректері - құю.


24. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен қорғасын баббитпен құю. Болат таспа мен бөлшектерге баббит құюға дайындау. Баббит құйғыш агрегатқа қызмет көрсету. Баббит құйғаннан кейін таспаны фрезерлеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттың құрылысы, болат таспаны баббит құюға дайындау процессі және болат баббит таспаға қойылатын техникалық шарттар, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделігі орташа, күрделі және ірі бөлшектер мен бұйымдарды құю процесі.

Жұмыс үлгілері

Құю:

1) Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері мен жастықтары – ұсақ көздер мен қабыршақтарға құю;

2) Паровоз сырғымасының ішпектері;

3) Дизельдердің бұлғақ және түпкі мойынтіректерінің ішпектері;

4) Бу қазандықтарының бақылау тығындары.


25. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделі бөлшектерді құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта қысыммен қорғасын баббит құю. Қорғасын баббит дайындау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттарының құрылысы мен кинематикалық схемалары, күрделі бөлшектерді қорғасын-қалайы балқымамен және болат таспаны қорғасын баббитпен құю пpоцесі, құрамында қорғасын бар әртүрлі маркалы баббит пен балқымалардың құрамы мен қасиеттері, қара және түсті металдардың қасиеттері, қорғасын баббит дайындау ережесі, баббит пен оның құрамындағы элементтерді балқыту режимі.

Жұмыс үлгілері

1) Эксцентpик біліктер - құю;

2) Ішпектер мен мойынтірек жастықтары - баббитті қолмен құю;

3) Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері - баббит құйғыш агрегатта машинамен құю;

4) Бу, гидравликалық турбиналардың және кpекинг-сорғылардың ішпектері - құю;

5) Бу турбиналарының бугельдерінің қаптамасы - құю;

6) Ұнтақтағыштың конусы - құю;

7) Қозғалғыш құрамның бурс, моторлы-осьтік және оталғыш мойынтіректер - тозған баббитті қорыту және жаңасын құю;

8) Тірек мойынтіректердің жастықтары - баббит құю;

9) Май-бұранда сорғылардың тысы - құю.


Жер өңдеуші


26. Жер өңдеуші 1-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және негізгі қоспаларды жүгіртпелерде немесе қолмен біліктілігі анағұрлым жоғары жер өңдеушінің басшылығымен дайындау. Ұнтақталған материал мен құмды механикалық және қол електерде елеу. Қоспаның тасымалдауыштардан бункеpлерге берілуін реттеу. Қалыптау қоспасының жұмыс орындарына жеткізу. Қалыптау және негізгі қоспаларға арналған материалдарды жүгіртпелерге жеткізу және арту. Сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен бояуға арналған әртүрлі құрамдарды дайындау және өзектер мен қалыптарды түзетуге арналған материалдарды дайындау.

Білуге тиіс: қалыптау және негізгі қоспалардың құрамына кіретін материалдардың мақсаты, қалыптау және негізгі қоспаларға қойылатын негізгі талаптар, механикалық және қол електерде, ауа жіктегіштерде жұмыс істеу ережесі, қалыптау материалдарын араластыруға арналған қызмет көрсетілетін механизмдерді басқару ережесі, сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен әртүрлі құрамдарды дайындауда қолданылатын материалдардың атауы, оларды сақтау және пайдалану ережесі.


27. Жер өңдеуші
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница