Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер




НазваниеҒылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер
страница2/13
Дата конвертации23.09.2012
Размер2.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://92.47.127.46/mxs_uploads/files_kz/52_03.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық үрдістер

  • Облыста білім қызметкерлерінің АКТ-құзыреттілігін арттыру бойынша шаралар жоспары іске асырылады. 2010 жылы 234 білім беру мекемелерінің басшылары оқыту семинарына қатысты, 93 мектеп директорлары Интернет ресурстарын пайдалану бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2-диаграмма.

Арақашықтық курспен қамтылған педагогтар саны





2007 жылдан 2010 жыл аралығында ШҚО БАИ-да 14 арақашықтық курс өткізілді, онда кейс- технологиясы бойынша информатика, химия, математика, физика, биология, дінтану пәндері бойынша 774 педагог оқып шықты.

ШҚМУ-да ШҚО БАИ-дың 20 қызметкерлері Өскемен қ. ресурстық орталығының білім порталында MOODLE жүйесі бойынша сырттай-арақашықтық оқытудан өтті және педагог-тьютордың сертификатын алды.

Институт қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерімен тығыз әріптестік етеді және 130-дан астам тірек білім мекемелері бар. Бұл білім мекемелерінің базасында педагогтардың курстық дайындығының практикалық бөлімі іске асырылады: шығармашыл жұмыс істейтін педагогтардың, жаңашыл педагогтардың сабақтарына қатысу, талдау, семинарларды, ашық сабақтарды өткізу. Институт облыстың мектептері, кәсіби лицейлері, колледждері базасында көшпелі біліктілікті арттыру курсын өткізіп отырады, бұл курстарда педагогтар негізгі жұмыстарын үзбей кәсібилікті жетілдіру ісімен айналыса алады. Институт аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдістемелік қызметтері, облыстық білім мекемелері арқылы біліктілікті арттыру үрдісін ұйымдастыру және басқарумен айналысады, тиімді педагогикалық технологияларды, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге, біліктілік аттестациясына педагогтарды дайындауда көмек көрсетеді, курсаралық кезеңде мұғалімдердің жұмысына жетекшілік етеді, білім қызметкерлерінің оқуға қажеттіліктерін зерделейді.

ШҚО БАИ біліктілікті арттыру курстары күндізгі, сырттай, арақашықтық және көшпелі түрде өткізіледі. Курстардың барынша көп тараған түрлері – тренингтер, практикумдар, жұмыс орнындағы курстар, семинарлар, шеберлік сыныптары, көшпелі курстар. Біліктілікті арттыру курсының аумағында Жас басшылар мектебі, Педагогикалық шеберлік мектебі, Технологиялық дайындық мектебі жұмыс істейді.

Біліктілікті арттырудың мәселелі курстарының модульдік бағдарламалары мамандандырылған курстарды өткізуге және өтінімдерде көрсетілген тақырыптардың негізінде курс жобаларын құрастыруға мүмкіндік береді. Педагогтардың кәсіби өсуінің диагностикалық картасын талдауы және мониторингтік зерттеулері жаңа технологияларды пайдалану тиімділігін және оларды оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігін 85-90% мұғалімдер түсінетінін көрсетті.

2010 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының 11 қалалық және ауылдық мектептерінде «Оқу үрдісін технологияландыру – жаппай сапалы білім беру шарты» пилоттық жобасы жүргізілді. Пилоттық жобаның аумағында біліктілікті арттыру институты облыстың барлық аудандары мен қалаларының базасында оқушыларды оқытуда электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша 10 облыстық, 16 көшпелі шеберлік сыныптарын өткізді. БАИ 16 қызметкері электрондық оқыту бойынша Ұлттық ақпараттандыру орталығының тьюторлары болып табылады.

Біліктілігін арттыру жүйесінде электрондық оқыту әдістемелік базаны жаңартудың факторы болып табылады. Институттың мультимедиялық кабинетінің қорында институт қызметкерлері шығармашыл жұмыс істейтін педагогтармен бірлесіп әзірлеген CD түрінде бейнематериалдардың 1000 атауы және 30-дан астам электрондық құралдар бар. Педагогтар «Үздік сандық білім ресурсы» республикалық арақашықтық сайысының жеңімпаздары - Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияның білім порталында (автор Нұрғалиев Т.К., Күршім ауданы, Боран ауылы) және «7-сыныпқа арналған физика бойынша виртуалды зертханасында» (авторлары Глухих О.Н., Акежанова А.Ш., Сафарова Н.С., Өскемен қаласы, №31 орта мектеп) жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ие. 75% ауылдық мектептердің педагогтары үшін (оның ішінде 82% шағын жинақталған мектеп) электрондық оқыту қашықтан оқыту мүмкіндігін береді.

Біліктілікті арттыру курсын мұғалімнің жұмыс орнына жақындату, оқу үрдісін нақты әдістемелік ілеспелеуді іске асыру мақсатында 2010 жылы келесі әдістемелік модульдер енгізілді:

  • педагогтың жұмыс практикасында кейс-технологиясын пайдалану;

  • кәсіби деңгейді арттыру жүйесінің элементі ретінде «Moodle» электрондық ресурсын пайдалану;

  • педагогтардың кәсіби іс-әрекеті жүйесінде сандық ақпараттық ресурстарын (САР) дайындау және пайдалану негіздері.

6. Курсаралық жұмыс

Институттағы ғылыми-әдістемелік жұмыс педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі қазіргі талаптарды іске асыруға, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін тиімді жағдай жасауға, курс және курсаралық кезеңде білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үрдісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған.

2010 жылдың қараша айында алғашқы рет «Қазіргі жағдайда оқушылар тұлғасының әлеуметтенуінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық Интернет-конференция өткізілілді.

Біліктілікті арттыру институты Ы.Алтынсарин ҰБА, ББЖ КБАРИ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы СМИ, СМПИ, «Алтай Технопаркімен серіктестік туралы Меморандумдарға қол қойған. Білім саласындағы шетелдік серіктестермен (Ресей, Беларусь Республикасы, Моңғолия) әріптестік жалғасуда, Омбы педагогикалық колледжімен, Алтай мемлекеттік университетімен әріптестік туралы келісімшарт жасалған.

БАИ кабинеттерінің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары және әдіскерлердің жеке ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері педагогтардың біліктілігін арттыру мазмұнын жаңарту, курстық оқыту үрдісіне интерактивті формалар мен технологияларды енгізу, білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үрдісін ғылыми-әдістемелік ілеспелеу мақсатында жүргізіледі.

Институттың қызметкерлері ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетпен белсенді айналысады. 2010 жылы «Қазіргі парадигма мәнмәтінінде сынып жетекшілерінің біліктілігін арттырудың педагогикалық жағдайлары» (Ташкенбаева С.Ж., әдіскер) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды. Екі ізденуші білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша диссертациялық зерттеулерді аяқтап жатыр. ШҚО БАИ қызметкерлері 13 арнайы курс, 42 әдістемелік құралдар мен ұсыныстар әзірледі.

ШҚО БАИ қызметкерлері халықаралық және республикалық шараларға белсенді қатысады:

  • институттың шет тілдері кабинетінің меңгерушілері Астапова Е.И. (2009-2010 жж.) және Мухамадиева Г.Ж. (2010 ж.) «Ағылшын тілі және ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Британ Кеңесі жобасының халықаралық тренерлері болып табылады.

  • БАИ қазіргі білім технологиялары кафедрасының аға оқытушысы Саверская С.Н. 2010 жылдың қазан айында Омбы қаласында (Ресей) өткен «Кәсіби білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу» аймақаралық ғылыми-практикалық семинарына қатысты.

  • 2010 жылдың сәуір айында Алтай өлкесінің әкімдігінің шақыруымен облыс педагогтары БАИ тарих кабинет меңгерушісі Щеглов С.Г. жетекшілігімен Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында өткен «С.П.Титовтың педагогикалық мұрасы» атты бүкілресейлік педагогикалық оқуларға қатысты. Щеглов С.Г. «Ауылдық ШЖМ жұмыс істеу» секциясында баяндама оқыды.

Институт педагогтар мен білім мекемелерінің кәсіби шеберліктің республикалық сайыстарына, конференцияларға, олимпиадаларға қатысуы үшін жүйелі көмек көрсетеді және ғылыми-әдістемелік жетекшілік етеді.

2010 жылы «Педагогикалық әлем» газетінде облыс педагогтарының инновациялық білім технологияларын енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі кең насихатталады, жарияланған 90 жұмыстың жартысынан артық осы мәселеге арналған.

Ақпараттық және әдістемелік базаны тарату және насихаттауға тамыз кеңесінде өткізілетін «Педагогикалық жобалар», «Білім берудегі инновациялар» фестивальдер ықпал етеді. Онда 15 секцияда 62 шығармашыл жұмыс істейтін педагог өздерінің тәжірибелерін, жобалық іс-әрекеттерінің нақты нәтижелерін ұсынды.

«Дарынның қырлары – 2010» электрондық құралында «Шығармашылық байқауы» атты педагогтардың көркем шығармашылықтарының облыстық көрмесінің материалдары ұсынылған.


7. Халықаралық серіктестік, гранттарға қатысу

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесі ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың бірыңғай үрдісінде қызмет етеді. Институт іс-әрекетінің инновациялық бағыттарының бірі гранттар мен халықаралық серіктестікке қатысу болып табылады.

Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу:

  1. Евразия/Оңтүстік Азия (ТЕА) елдеріндегі орта мектептердің пән мұғалімдерінің оқыту шеберліктерін жетілдіру бағдарламасы.

  2. «СЕВИТАС «Орталық Азия» ұйымы басқаратын «Азамат Жобасы» халықаралық бағдарламасы).

  3. БҰҰ мен ЮНЕСКО «Білім беру барлығы үшін», «Білім беру тұрақты даму үшін» халықаралық бағдарламалары.

  4. «Джуниор Эчивмент Қазақстан» халықаралық бағдарламасы

5. Қазақстанның орта мектептеріндегі ағылшын тілі мұғалімдерінің әлеуетін өсіруге бағытталған Британдық Кеңес ЕТТЕ жобасына қатысу (English for Teaching: Teaching for English): «Ағылшын тілі және ағылшын тіліне оқыту әдістемесі».

  1. «Рогаланд» (Норвегия) аймағының Курстық және кәсіби дайындау орталығы мен білім басқармасының арасындағы серіктестік туралы Меморандумы негізінде әрекет ететін Қазақстан-Норвегиялық жобаны іске асырудағы әріптестік.

Институтта 2 үйлестіруші орталық жұмыс істейді:

1. «Біздің үй», «Экономика мен қаржылық сауаттылық» экономикалық бағдарламалары бойынша «Шеврон» халықаралық компаниясының қолдауымен «Жастардың жетістігі» аймақтық орталық, мақсаты – мұғалімдердің озық тәжірибелерін тарату мен айқындау. Облыста 27 тірек мектебі жұмыс істейді (Өскемен қ.-7, Семей қ.-3, Риддер қ.-5, Зырян қ.- 3, Аягөз қ.-5, Бесқарағай ауданында - 2, в Жарма ауданында -3).

2. «Джуниор Эчивмент Казақстан» экономикалық бағдарламалар мен қоғамдық қордың жобалары бойынша орталығы. ШҚО педагогтары мен оқушылары экономика бойынша халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлдегер болып табылады: 2009 жылы Ресейдің Берцк қаласында өткен олимпиадада 1-орын, 2010 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында өткен Эссе сайысында 2-орын.

Институт халықаралық гранттарды жеңіп алды:

1. ҚР Үкіметі/МЭҚ/ПРООН «Алтай-Саян Экоаймағының Қазақстандық бөлігінің биоалуан түрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану», «Қазақстанда таулы агро-биоалуан түрліліктің in-situ сақтау» жобасын жүзеге асыру. «Мектептік орман шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру – орман шаруашылығының мамандарын дайындау үшін кәсіби бағдарлық жұмыстың түрлерінің бірі» тақырыбында халықаралық конференция, өткізіліп, оған Іле Алатау мемлекеттік табиғи парктің, Жоңғар Алатау, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің өкілдері, Батыс Алтай қорығының мамандары, ШҚМУ ғалымдары қатысты. (2010 жылдың қазан айы).

2. «Шеврон» компаниясының «Кәсіби өзін-өзі анықтау» тақырыбы бойынша ұйымдастырушылар мен психологтарды оқытуға және семинар өткізуге грант (2009 жылдың маусым айы).

Институт қызметкерлері қатысты:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЮНЕСКО кластерлік бюросы және ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесіп өткізген инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Халықаралық конференция (2010 жыл) -2 адам.

2. Алматы қаласында өткен «ҚР және ТМД білім беруін ақпараттандыру» Халықаралық форумында ШҚО БАИ электрондық жобаларының презентациясы өтті.


8. Тәрбие үрдісінің ақпараттық-әдістемелік ресурстары

«ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие беру Тұжырымдамасы» аясында тәрбие беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институтының білім үрдісін идеологиялық ілеспелеу жөніндегі іс-әрекетін қарастырады. Жасөспірімдердің толеранттылығын және ұлтарылық мәдениетін тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтау, аталған бағыт бойынша оңды жұмыс тәжірибесін айқындау және тарату мақсатында «Жасөспірімдер ортасында толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетті тәрбиелеу: мәселелері мен шешу жолдары» мәселесі бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда оқушылардың толеранттылығын қалыптастыру бойынша инновациялық жобалар мен бағдарламалар талданды.

2007 жылдан бастап 199 мектептік мұражайлар белсенді іс-әрекет атқарады. 2009 жылдың мамыр айынан бастап 1,5 жыл бойы облыстық этнографиялық мұражайда ШҚО БАИ мен облыстық табиғи-ландшафтты мұражай-қорықтың бірлескен жобасы – «Мен тұратын өлке» атты экспозициясы жұмыс істеді. Экспозицияның үш кезеңіне облыстың 47 үздік мектептік мұражайлары қатысты. Көрменің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұрпақтың мәңгі есінде» атты үшінші кезеңіне облыстың барлық аймақтарынан мектеп мұражайларының 700-ге жуық белсенділері қатысты.

Балалар мен жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысы 2009-2010 оқу жылындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы, ҚР Конституциясының 15 жылдығы Ұлы Абайдың туғанына 165 жыл, еліміздің, «Кіші Отанның» өмірі секілді қоғамдық маңызы зор оқиғаларда көрсетілген мазмұнды материалда құрылған. Біліктілікті арттыру курсының аумағында 25 педагог әлемнің шығармашылық мұғалімдердің Халықаралық Интернет-жобасының желісінде 222 жобаның ішінде Қазақстан Республикасының атынан тек екі жұмыс ғана болды: Зырян ауданының №11 ОМ шығармашылық ұжымының «Ұмытылмас соғыстың ұмытылған ескерткіштері» және «Біз тұратын үй» жобалары. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Педагогика жаршысы» журналының арнайы шығарылымымен қамтамасыз етілді. Онда Ұлы Отан соғысының педагог-қатысушылары туралы әңгімеленеді, қайғылы жағдайларға тарихи баға берілген және тірі куәгерлердің естеліктері жарияланған.

Өскемен қ. «Көшбасшылар планетасы» балалар ұйымының жұмыс тәжірибесі «Бәріне қызықты планета» балалар қозғалысы арқылы жасөспірімдерді пайдалы әлеуметтік іс-әрекеттерге тарту бойынша жұмыстың әдістері мен түрлері» атты әдістемелік құрал ретінде ұсынылған.

2 ағымдағы біліктілікті арттыру курсында 53 мектеп инспекторлары балалар құқығын қорғау бойынша, қиын өмірлік жағдайға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді қалыпқа келтіру тиімді жүйесін құру бойынша жұмыстың бағыттарымен танысты. Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінде Өскемен қаласының тәжірибесі ұсынылып, зерделенген. Онда қала әкімдігі мен ЮНИСЕФ балалар қорының «Балаға дос қала» атты бірлескен жобасының аумағында балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық, құқықтық көмек кешенін көрсету бойынша отбасы мен балалықты қорғау қалалық орталығы құрылған.

Инклюзивті білім берудің міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Аталған бағыттың аумағында жалпы білім беретін мекемелер жағдайында дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін кедергісіз аймақты құру бойынша әлеуметтік бейімделу және еңбектік қалыпқа келтіру (ӘБЕҚ) орталығымен тығыз әріптестік іске асырылады. Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес беру және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері өкілдерінің қатысуымен «Мектеп жасындағы балаларды оқытуды ұйымдастыруда инклюзивтік әдіс» атты облыстық семинар өткізілді.

9. Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі

оқу-әдістемелік іс-әрекет

2010 жылы біліктілікті арттыру курсымен 338 инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен 149 жалпы пән педагогтары қамтылған. ББЖ КБАРИ-да біліктілікті арттыру курсынан 13 колледж басшылары өтті, Семей қаласындағы көшпелі курста 63 педагог өзін-өзі тану бойынша, 47 педагог кәсіпкерлік және бизнес мәселелері бойынша Халықаралық еңбек ұйымы желісі бойынша курстан өтті.

«Газэлектр дәнекерлеуші», «Шаштаразшы», еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша 4 ағымды курс, жалпы білім пәндеріне жетекшілік ететін кабинеттермен бірлесе отырып 5 кіріктірілген курс өткізілді. 2 кезеңді курс өткізу курстық дайындықтың сапасын және АК-технологияларды меңгеруді қамтамасыз етеді. Курстың бағдарламалары оқу материалдарының өзектілігін, педагогтардың біліктілігін және еңбек өтілін ескере отырып, әзірленген.

Курсаралық кезеңде білім ұйымдарының тапсырысы бойынша семинарлар өткізілді:

    • «Педагогикалық технологияларды енгізу – оқушылар тұлғасының дамуының шарты» (Өскемен қаласының политехникалық колледжі, 25 адам);

    • Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мәселелері туралы 2 семинар-практикум (68 адам);

    • «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жасөспірімдерге адамгершілік-рухани тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбы бойынша әдіскерлер мен директорлардың орынбасарларына арналған 4 оқыту семинары (85 адам).

Курстық дайындықтың деңгейін дәрісшілер құрамы қамтамасыз етеді, оның құрамына облыстың 13 ұйымынан 52 адам кіреді, оның ішінде 9-ның ғылыми атағы бар.

Үздік білім ұйымының сайысында Шығыс Қазақстан әкімінің сыйлығы Семей қаласының Бизнес колледжінің педагогикалық ұжымы мен Зайсан қаласының №16 кәсіби лицейіне берілді.

«Үздік сандық білім ресурсы» ТжКБ мекемелерінің 30 % біріктірді.

Кабинет техникалық және педагогикалық жоғарғы оқу орындарымен (ШҚМУ, ШҚМТУ, ШҚГК, ҚАЕУ) Семей және Өскемен қалалық ресурстық орталықтарымен әріптестік етеді. Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша Колледждер Ассоцияциясымен, Кәсіби лицейлер директорларының Кеңесімен серіктестік қарым-қатынастар орнатылған.

«Кәсіби білім беру жүйесіндегі қазіргі білім техноогиялары: тәжірибесі, мәселелері және даму болашағы» облыстық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша материалдардың жинағы шығарылды.

Жыл бойы облыстық үйлестіруші-сараптамалық кеңеске ұсынылған 36 әдістемелік материалдарға пікір жазылды, соның ішінде 30 % мемлекеттік тілде, 36 % арнайы пән бойынша жазылған. Өткен жылмен салыстырғанда келіп түскен әдістемелік материалдардың өсімі 63 % құрайды, оның ішінде 17 % педагогикалық лицейдің педагогтарымен, 46 % колледж оқытушылар әзірлеген.

Кабинет кеңесі Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атындағы колледж, ШҚГК, медициналық колледж, Өскемен қаласының №15 КЛ, №1 КЛ, Семей қ. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, геологиялық барлау колледжі, политехникалық колледжі, сервис колледжі, Р.Байсейітов атындағы қаржылық-экономкалық колледжі, №9 КЛ, Зырян ауданының №10 КЛ педагогтарының педагогикалық және интерактивті технологияларды енгізу бойынша озық тәжірибелерін жинақтау жұмыстары жүргізіліп, біліктілікті арттыру курстарында таратады.

«Педагогика жаршысы» ғылыми-әдістемелік журналы мен «Педагогика әлемі» газетінде педагогтардың 52 мақаласы жарияланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің 55 жылдық жұмыс тәжірибесіне «Педагогика жаршысы» журналының мерейтойлық нөмірі арналған.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconПлан работы института на 2010 год
Білім мекемелерін басқару мәселелері жөнінде мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңес

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconЖАҢа педагогикалық технологиялар
Бұл оқу құрал болашақ педагогикалық мамандарға, мектеп мұғалімдеріне және жоо-ның студенттеріне арналған

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер icon16. 10. 2012 ж. Мектеп басшыларына !
Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 12 қарашасында «Ахмет Байтұрсынов оқулары» облыстық педагогикалық...

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconАҒартушы ыбырай алтынсариннің педагогикалық М¥расы
Соңғы жылдары өткізіліп жатқан ғылыми-практикалык конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде этнопедагогика мұраларының...

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconКіріспе
Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын...

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconҚазақстан Республикасы
Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-педагогикалық негiздерi

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconГ. Т. Ескалиева Мектеп басшыларына!
Актюбинской сш проводиться городской семинар для учителей информатики (рус) на тему «Дидактическое обеспечение урока vb»

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер icon1 т ақырып. Педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі
Бұл мұғалімнің педагогикалық ойлауы мен іс-әрекетке, педагогикалық құбылыстарды талдауға және құрылымдық элементтерге бөлшектеуге,...

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconМанкеш ақСӘуле ерженбайқызы үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері
Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасында орындалды

Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар мектеп басшыларына арналған аймақтық семинар-кеңестер iconМектеп басшыларына!
...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница