Кіріспе




Скачать 413.62 Kb.
НазваниеКіріспе
страница2/5
Дата конвертации23.09.2012
Размер413.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/AutoReferats/Mazhenova_R_B.doc
1   2   3   4   5

Зерттеудің кезеңдері:


Бірінші кезеңде (2000-2002) нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.

Екінші кезеңде (2002-2004) зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді; тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып, эксперимент басталды.

Үшінші кезеңде (2004-2006) зерттеудің теориялық және практикалық қорытындылары жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері талданып, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, диссертацияны рәсімделу жүзеге асырылды.

Зерттеу базалары:

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының №145 «Балапан», №42 «Тілек», №65 «Балауса» балабақшаларында, №68 мектеп-интернат-балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктерін ашу негізінде этностық-мәдени сәйкестілік түсінігін нақтылау.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру үлгісі педагогикалық шарттардың жүйелі түрде өңделуіне әсерін тигізеді.

  3. Этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы нақты педагогикалық шарттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады: тілдік ортаның белсенділігі, бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру, бес-алты жастағы балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуда отбасының көмегі, отбасының этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы.

  4. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Жұмыс нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Қарағанды-1997-2005; Талдықорған-2002; Жезқазған-2004-2006; Алматы-2005; Көкшетау-2005-2006); ғылыми мақалалардың баспаларында (Информационно-методический вестник РИПК СО «Менеджмент в образовании», № 3 (30), 2003; Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, №1(33), 2004; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы «Ізденіс», гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1, 2006; Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-педагогикалық басылымы «Ұлт тағылымы», №1, 2006) жарияланды; мектепке дейінгі педагогикалық-психологиялық даярлық теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде баяндалды. Сонымен қатар оқу-әдістемелік құрал (Қарағанды-2003); қазақ және орыс тілдерінде типтік оқу бағдарламалар (Қарағанды-2003-2005) жарияланды. «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама; «Мектепке дейінгілерге этностық-мәдени білім беру» бағдарламасы; «Ата-аналармен жұмыс» әдістемелік нұсқауы, «Тәрбиешілерге көмек» атты практикалық нұсқау әзірленді.

Диссертация құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер көздерінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі, зерттеудің практикалық мәнділігі, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар айқындалады.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері ашып көрсетіледі, осы ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың теориялық үлгісі құрылып, олардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесі анықталады.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру жұмысының ұйымдастырылуы мен барысы, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері көрсетілген.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.

1   2   3   4   5

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе icon1-бөлім. Микроэкономикаға кіріспе 1-тақырып. Микроэкономика пәніне кіріспе
Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты микроэкономика пәнінің логикасы мен құрылымын, негізгі экономикалық түсініктерді және зерттеу...
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Тіл біліміне кіріспе»
«5В011700» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттеріне 1-семестрде «Тіл біліміне кіріспе» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
Кіріспе iconКіріспе

Кіріспе iconҚорытынды
Кіріспе
Кіріспе icon1 тарау
Кіріспе
Кіріспе icon1 тарау
Кіріспе
Кіріспе iconМазмұНЫ
Кіріспе
Кіріспе iconЖоспар
Кіріспе 3
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница