Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы




НазваниеТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
страница1/22
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.45 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://taraz.zhambyl.kz/userfiles/programma_taraza_kaz_.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22





ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


Басшы және жауапты орындаушы:


___________________ К.Қосымов

(қолы)


Тараз, 2010


МАЗМҰНЫ





Кіріспе………………………………………………………………


3

1

Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..


4

2

Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….


11

3

Өңір дамуының болашақ көрінісі…………………………………………..



71

4

Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары

……………………………………...




75


5

Қажетті ресурстары………………………………………………


118

6

Бағдарламаны басқару…………………………………………….


119





КІРІСПЕ


Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.

Дамыту бағдарламасы Тараз қаласының барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде қаланың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.

Тараз қаласының негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.

Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.


1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Бағдарлама атауы

Тараз қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Тараз қаласының аумағы 0,1 мың шаршы метрді немесе Жамбыл облысының аумағының 0,07% құрайды және Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан,


Қала халқы 355,1 мың.адамды құрайды, орташа халықтың тығыздығы аумақтың 1 мың шаршы метрге 3551 адамды құрайды.

Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.

Бағыттары

  • Агроөнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

  • Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;

  • Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Бағдарламаның мақсаттары

    • Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

    • Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша инновациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салалардағы жоғары шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы Тараз қаласының өнеркәсіптік әлеуетін жоғарылату;

    • Өнеркәсіптің энергетикалық тиімділігін арттыру;

    • Тұрақты өсім қарқынымен және осы заманғы, прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;

    • Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсімі үшін қолайлы орта жасау;

    • Тиімді сауда саясатын жүргізу;

    • Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

    • Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;

    • Атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметті қорғау жүйесін жасау;

    • Мүгедектерді, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;

    • Бұқаралық спортты және жоғары табыстар спортын дамыту;

    • Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау;

    • Көлік инфрақұрылымын дамыту;

    • Тұрғын үй құрылысын ынталандыру;

    • Азаматтардың қолайлы өмір сүруі;

    • Экономиканың электр энергиясына сұранысын қамтамасыз ету;

    • Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

    • Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту;

    • Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру тиімділігін арттыру;

    • Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру шеңберінде әлеуметтік өміршеңдігін қалыптастыру;

    • Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;

    • Жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін олардың салауатты өмір салтын қолдау үшін жағдайлар жасау;

    • Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;

    • Гендерлік теңділікті нығайту;

    • Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;

    • Қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл;

    • Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Міндеттері

  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

  • Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

  • Инновацияларды дамыту және технологиялық модернизацияға ықпал ету;

  • Химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі және экспорты көлемдерін арттыру;

  • Металлургиялық өнімдердің жалпы көлемін арттыру;

  • Машина құрастыру өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;

  • Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемін арттыру;

  • Өнеркәсіп салалары бойынша энергия сыйымдылығын төмендету көрсеткіштері;

  • Асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал шаруашылығын дамыту;

  • Тараз қаласының аумағында мал шаруашылығының қызмет көрсететін инфрақұрылымын дамыту;

  • Бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру, экспортқа бейімделген өндірістерді қолдау;

  • Бәсекелестікті дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім беру бойынша көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту;

  • Орта жалпы білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату;

  • Электрондық оқыту жүйесін ендіру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

  • Педагог кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;

  • Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Қаңғыбастықтың, қадағалаусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерін отбасыларына орналастыруды жолға қою;

  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

  • Халықтың кірістерін арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

  • Мүгедектерге, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бастан кешіріп отырған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;

  • Мүгедектер мен қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Мәдениет және өнер саласын жалпыға таныту;

  • Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;

  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу;

  • Аумақтар мен елді мекендерге құрылыстар салу және тиімді дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

  • Үйлерді нормативтік пайдалануды кондоминиум объектілерімен дербес қамтамасыз ету;

  • Электр өткізу желілері мен кіші станцияларды модернизациялай отырып электр энергиясы өндірісін арттыру;

  • Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру;

  • Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

  • Әкімдік АҚ деңгейін 100% көтеру;

  • Әкімдік бастамаларын жалпыға тарату;

  • Байланыс қызметтерін жетілдіру;

  • Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  • Азаматтық қоғам институттарының еліміздің даму Стратегиясын іске асыруға қатысуын кеңейту;

  • Өңірлік электрондық және баспа БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;

  • Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетін арттыру және заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету;

  • Жастар ортасында салауатты өмір салты қағидаттарын, бағдарламалық үрдістерді насихаттау;

  • Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту;

  • Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

  • Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарына жылжуына қатысу;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктерінің қажетті деңгейін ұстау;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;

  • Зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге құралдардың қорларын құру және оларды өз мақсаты бойынша пайдалану үшін тұрақты дайындықта ұстау;

  • Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-қимыл;

  • Қаланың мұрағаттарында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байыту, сақталуын қамтамасыз ету.

Іске асыру кезеңдері

  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру.

  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және облыстың одан арғы әлеуметік-экономикалық дамуына негізді қалыптастыру.

Мақсатты индикаторлары

  • 2015 жылға қарай өнеркәсіптік өнімді шығарылымның нақты өсімі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 7,6% құрайды;

  • 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің нақты өсімі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 24,0% құрайды;

  • 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 1,5 есеге ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 9,5% дейін ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай химия өнімнің өндіріс көлемі 2,3 есе ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай әр түрлі тыңайтқыштар өндірісі жылына 1200 мың.тоннаға дейін жетеді;

  • 2015 жылға қарай химия саласындағы еңбек өнімділігі әр жыл сайын 10%-ға дейін ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай металлургия өнімдерінің және металл бұйымдарының өндірісінің 31,5 млрд.теңгеге дейін екі есе ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай машина құрылысының өндіріс көлемі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 1,2 есе ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай машина құрылыс саласындағы еңбек өнімділігі бір адамға шаққандағы жылына 3,9 млн.теңгеге ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай құрылыс материалдар өндірісіндегі еңбек өнімділігінің 5,85 млн.теңге/адамға дейін ұлғаяды;

  • 2015 жылға қарай ЖЖӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсібі өнімнің шығарылым үлесі 0,06% -ды құрайды;

  • 2015 жылға қарай жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға шаққандағы 5 млн.теңгеге дейін ұлғаяды;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің ФКИ 2015 жылы 106,8%-ды құрайды;

  • 2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 33%, сүт - 32%, жеміс пен көкөніс - 15% артады;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 44,5 бірлікке көбейеді (2013 ж. – 43);

  • 2015 жылы бөлшек сауда айналымы өсімінің қарқыны 105% құрайды (2009 жылы -102,9% );

  • 2015 жылы сауда ФКИ 105% құрайды (2009 жылы -102,9% );

  • 2015 жылы сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 104% (өткен жылға) құрайды (2009 жылы -102%);

  • Сауданың ФКИ 2015 жылы 104%-ды (өткен жылмен) құрайды (2009 жылы -102%);

  • 2015 жылы сыртқы сауданың өсу қарқыны 103,9% (өткен жылға) құрайды (2009 жылы -62,6%)

  • Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесінің өсімі 1,9% құрайды (2009 жылы -1,1% );

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы – 72,6% және 2015 жылға қарай – 81,5%;

  • 12-жылдық бағдарламамен жұмыс істейтін мектептер үлесі (1,5,11 сыныптар) – 2015 ж. – 100%;

  • Орта-техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады - 2013 жыл – 73,3%, 2015 жылға қарай - 76,7 %;

  • Жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі - 2013 жыл – 54,3%, 2015 жылға қарай 56,4%;

  • 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,6% құрайды;

  • 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 83,9% құрады, 2015 жылға қарай 80% құрайды;

  • Тараз қаласы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмысшы күшінің үлесі 2009 жылы 54,8% құраған, 2015 жылға қарай деңгейі 46,5% жетеді;

  • Өмір сүру деңгейінен төмен кірістері бар тұрғындардың халықтың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 4,8% құраған, 2015 жылы 9,0% құрайды;

  • Қала бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39% құраған, 2010 жылы 32,2% құрайды, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 19,4%, 2015 жылға қарай – 22%;

  • Облыстың спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2013 жылы – 11,1%, 2015 жылға қарай – 12,9%;

  • Тараз қаласы халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылы - 55%, 2015 жылға қарай - 70%;

  • Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 66,2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж. ішінде) 3307,9 мың шаршы м. жетеді;

  • Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай - 100% құрайды (2013 ж. – 92,4%);

  • Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 50% құрайды;

  • 50% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;

  • 2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 40% көтеру;

  • 2015 жылға қарай МИО Интернет-қорлардың қол жетерліктің және ашықтықтың деңгейі 100%;

  • 2015 жылға қарай автоматтандырылған МИО бизнес-процесстердің үлесі 100%;

  • Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 65% құраған, 2015 жылға қарай 85% құрайды;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 65% құраған, 2015 жылға қарай 85% құрайды;

  • Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2010 ж. – 25%, 2015 жылға қарай 32% құрайды;

  • Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 80%, 2015 жылға қарай 88% құрайды.;

  • Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 16%-дан 2015 жылы 21%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар саясатын іске асыруға қатысатын Тараз қаласының жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылы 32%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар отансүйгіштігінің деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 65%-дан 2015 жылы 67,5%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 75%-дан 2015 жылы 81%-ға дейін ұлғаяды;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген қаланың халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 93,0% , 2015жылға қарай 96 % құрайды;

  • Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы - 58%, 2015 жылы -60% құрайды, 2009 жылы 55% құраған;

  • Әйелдердің айлық жалақысының ерлердің айлық жалақысына қатынасы 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% қамтамасыз етіледі;

  • Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 50% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);

  • Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 45-тен жоғары емес (2009 ж. – 38,7);

  • Қаланың ТЖ кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтылуы.

Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*

Қаржыландыру көздері: мемлекеттік және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаттары, қарыз қаражаттар.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 34 126,1 млн.теңге;

2012 жыл – 29904,8 млн.теңге;

2013 жыл – 44 971,7 млн. теңге;

2014 жыл – 42675,6 млн.теңге;

2015 жыл – 38989,4 млн.теңге.

Барлығы: 190 667,6 млн.теңге

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ


2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері


Қала облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау жағындағы жазықта, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Климат ерекшеліктері қуаңшылық және континенталды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келуімен ерекшеленеді. Қазіргі Тараз Жамбыл облысының ірі әкімшілік-мәдени орталығы болып табылады. Тараз және Астана қалаларының ара қашықтығы 1300 км құрайды, ал Алматы қаласына дейін – 550 км. Қала батысында Жамбыл және Жуалы аудандарымен, солтүстігінде – Байзақ ауданымен, шығысында – Тұрар Рысқұлов ауданымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Қаланың аумағы Жамбыл облысының 0,1 мың шаршы км немесе 0,07% территориясын құрайды. Халқы 355 119 адам, немесе облыс халқының 34% .


Тараз қаласы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қаңтар-қыркүйек 2010 жыл





қаңтар-қыркүйек 2010 жыл

қаңтар-қыркүйек 2010 жыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2009)

өнеркәсiп өнiмдердiң көлемi (жұмыстар, қызметтер), қолданыстағы баға, млн. тг

49171,8

135,5

Негізгі капиталға инвестиция, млн. тг

27727,4

208,6

Қаржыландыру көздерінің арқасында үйлерді пайдалануға енгізу, шаршы метр

32008

101,4

Көлiктiң барлық түрлерімен тасымалданған жүктер, мың тонна

314,6

172,2

Жүк айналымы, мың тонна/км

8436,3

80,8

Тасымалдаған жолаушылар, мың адам

72985,4

120,7

Жолаушы айналымы, мың жолаушы/км

580823,0

103,7

Көлiктiң барлық түрлерiнің табыстары, мың тг

372634,9

-

Мал шаруашылығының негiзгi өнiмдерiнiң өндiрiсi:







- мал және құс (тiрi массаға), тонна

240,5

111,4

- сүт, тонна

2819,8

101,8

- жұмыртқалар, мың дана

1390,3

102,6


Тараз қаласы айтарлықтай бәсекелестiк басымдылықтарға ие болатындай табиғи ресурстарына бай. Сонымен қатар, тұрғындардың ұлттық әр түрлiлiгi (қазақтар, орыс, өзбектер, кәрістер, түріктер және тағы басқалар) де қала артықшылықтарының бірі. Қала түсті металдарға бай, барит, қаптайтындар және техникалық тастар, құрылыс материалдары, фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып келеді және Тараз қаласы өнеркәсібінің дамуын анықтайды.

Барынша экономикалық тиімді жол тораптарының қиылысуында орналасқан қала аумағының транзиттік әлеуеті (әуе, темiр жол және автомобиль) жоғары болып табылады, бұл Азия елдерімен, Таяу және Орта Шығыс және де Еуропа елдерімен өзара байланыстырады. Туристтiк потенциалды дамытуға қаланың мүмкіндігі барынша мол, бұл әсіресе шипажай-қорықтағы аймақтар мен олардың рекреациялық қорына, сонымен қатар ерте заманның тарихынан сыр шертетін тарихи-сәулеттiк ескерткiштерінің көптігіне негiзделген.

Қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымы көп салалы сипатқа ие. Кен өндiру өнеркәсiптiң самғауы экспортқа негізделген пайдалы қазбаларды өндiруімен байланысты. Электр энергиясын, газ және суды өндiру мен үлестiрiлуі өлкенiң өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымында небәрі 27, 5%-ын құрайды.

Сонымен бiрге, қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсi бірқатар қиындықтарымен беттеседі: ең алдымен, бұрынғы одақтас республикаларының өнеркәсiптiк өнiмге деген сұраныстың құлауы (әсіресе, Ресей жақтан), және протекционистік саясат шарттарының дұрыс орындалмауынан ұқсас өнiмді шығару кезінде шетел өндiрушiлерiне (Қытай) қарағанда бәсекеге төтеп бере алмауы қабiлетсiздiгі.

Жоғарыда айтылғандай тұрақты даму химия өнеркәсiбiне тән, бұл жағдай азық-түлік бағасының тұрақты дамуымен түсіндіріледі.

Атмосфераны ластайтын заттардың көлемдерiнiң өсуi, негiзiнде, құрылыстың дамуымен, автокөлiктiң санының ұлғаюымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарын орындамауымен, автокөлік жанармай сапаның нашарлығымен, өндiрiс қалдықтарын қайта өңдеу мен тұтынудың шешiлмеген сұрақтарымен байланысты.

Экологиялық іс-шаралардың дұрыс жүргізілмеу нәтижесінде мұнай-химиялық өнеркәсiбінің химиялық өнімдерінің қалдықтар көлемдерiнiң үлкеюi; жылуэнергетикалық кәсiпорындарда - жылулық және электр энергиясының өндiрiстiң ұлғаюы; құрылыс өндiрiстерi кәсiпорындарда - қазiргi заманғы әдiстер мен цемент және оның құрамында асбест болатын материалдарды өндіру барысында шаң мен газды тұтатын жабдықтарды қолданбауы атмосфераны ластауда. Бұл жағдай басқа да салаларда орын алуда, оның бірден-бір себебі қалпына келтіруге арналған құралдар мен жаңа заманға сай құрылғылардың жетіспеушілігі. Сонымен қатар, табиғи ортаны қорғау шараларына тиісті бюджеттік төлемдердің жетіспеушілігі мен дұрыс бөлінбеу салдары көптеген жылдар бойы көкейкестi мәселелердің бірі болып келді, дегенмен ақшалай көлемде алынған айыппұл әрдайым ынталандыру шарасы болып табылмайды.

Қаладағы әлеуметтiк мәселелер: кәсiптiк оқыту мекемелерiндегi оқытушылардың, медициналық мекемелерде жоғары мамандырылған дәрігерлер мен медициналық жабдықтардың жеткіліксіздігі; ана мен баланың өлiм көрсеткiшінiң өсуi; ҚР-дың басқа өлкелерімен салыстырғанда өлiм-жiтiмiнiң жоғарғы көрсеткiшi; тұрғындардың мәдени белсендiлiгiнің, әлеуметтiк саладағы бюджеттiк құралдардың қолдануының төменділігі.

Қаланың инфрақұрылымы аймақта бiрқалыпты таралмаған және қызметтердiң түрлерi бойынша дамымаған.

Көлiк инфрақұрылымы (көлiктiң барлық түрлерi және жолдар) қарқынды дамытуды қажет етеді, сонымен қатар, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек.


2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы Өскемен қ

Тараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница