Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің




Скачать 211.72 Kb.
НазваниеӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Дата конвертации06.02.2016
Размер211.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kaznu.kz/content/files/pages/folder9724/религиоведение каз.doc
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен

бекітілген



«6М020600 - ДІНТАНУ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6D020600 - Дінтану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар филос. ғ. д., профессор Рысбекова Ш.С., филос.ғ.д, профессор Кұрманалиева А.Д.


Бағдарлама Дінтану және мәдениеттану кафедра мәжілісінде қарастырылған

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Д. Кұрманалиева


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова


Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова


МАЗМҰНЫ


1.Мамандыққа қабылдау емтихандарының мақсаты мен міндеттері

Магистратураға қабылдау емтихандарының мақсаты – талапкерде профессионалды дінтану саласында,оған жеке түрде әртүрлі деңгейдегі және түрдегі міндеттерді орындайтын кәсіби міндеттерді негізгі кәсіби жауапкершілік пен білімнің қалыптасуын бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері:

  1. Магистр дәрежесін ізденушінің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін, ғылыми білімді ЖООда және мектепте дінтану білімін ұйымдастыруында қолдана білуін бағалау.

  2. Кәсіби салада типті міндеттерді шешу үрдісінде білімді біріктіре білу және қалыптастыру дәрежесін анықтау.

  3. Ақпараттық және коммуникативтік мәдениет білімділік дәрежесін анықтау.

  4. Жалпы мәдени ережелер және кәсіби ынталандырудың қалыптасу дәрежесін енгізу.

«Қабылдау емтихан формасы – күрделенілген ауызша-жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы өзінің емтихан билеттерінің сұрақтарына жауапты жауапқағазына жазып, емтихан коммисиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға берген кезде жауап қағазындағы жазба аппеляция негізіне алынады.».

2. «6М020600 - Дінтану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар

Емтиханда ізденушілер жеке бастарымен зерттеудің жаңа тәсілдеріне үйрену, кәсіби функцияларды іске қосуымен байланысты міндеттер мен мақсаттарды қоя білу дәрежелерін көрсету керек. Оларды шешуде алынған ғылым әдістерін қолдануға дайын болу,адамзат пен мемлекет алдында істеген кәсіби және ғылыми іс нәтижелеріне жауап беру, демокртаиялық сенім мен гуманистикалық құндылықтар негізінде құрылған белсенді азаматтық позиция ұстану,кең кәсіби салада шығармашылығын көрсете білу,өз мамандығының қоғамдағы орнын түсіне білу,кәсіби міндеттерді орындауда жоғары ынталындыруға, іске үлкен жауапкершілікке ие болу,азаматтық және кәсіби борыш сезіміне ие болу, жаңа идеялар ойлап табу қасиетіне ие болу,өзінің мүмкіншіліктерін жоғарылату,қоғам және этикалық нормаларға әсер етпей өз саласында оптималды стратегияларды жасау,жаңа немесе аяқ асты ситуацияларда мәселерді шеше білу және істеген ісіне жауап беру секілді қасиеттерді бойына дарыта білу керек.

3. Білім беру бағдарламасының пререквизитттері

Пререквизиттар қатарына кіреді: «Дін тарихы» - 3 кр (БД), «Дін философиясы» 3 кр (БД), «Қазіргі заманғы дін эволюциясы» - 2 кр (ПД) «Қазіргі дәстүрлі емес діни мәдениеттер мен қозғалыстар» (БД) – 3 кр.

4. Емтихан тақырыбының тізімі

    1. «Дін тарихы» пәні

  1. Дін:анықтама, элементтері және дін құрылымы

Діннің пайда болуы және оның маңызы туралы теологиялық, философиялық, социологилық, психологиялық және т.б.тұжырымдамалары. Дін құрылымы мен элементтері. Діни таным, иман діни танымның интегративті қасиеті сипатында.Дін функциялары.

  1. Дін негізі мен алғышарттары.Дін әлеуметтік феномен ретінде

Діннің пайда болу, өмір сүру, орындалу факторы (әлеуметтік,әлеуметтік-мәдени, антропологиялық, гносеологиялық).Оның Ресейдегі ерекшелігі.Адам тарихы санатында діннің қоғамдағы ролі.

3. Діни танымның алғаш формалары

Дін классификациясы әдістері.Діннің қалыптасуының тарихи тәсілнамасы.

Тотемизм, фетишизм, анимизм, магия діннің алғаш формалары ретінде. Олардың маңызы мен ерекшелігі. Әлем діннің алғаш формаларында адам сезімдерінің проекциясы мен бағалауы ретінде.

Мәдениеттер: бабалар,жер игерушілік,мал бақташылық,ақсүйектер, шамандар және т.б. Олардың сипаттары; тарихи анализ;қоғам өмірінде ролі. Қазіргі заман діні мен діннің әртүрлі формалардың қатынасы.

4. Көне славян діні

Ежелгі славяндардың нанымдары туралы жазбаша деректері.Ежелгі славян діні пұтқа табынушылық түрі ретінде.Оның ерекшелігі.Адамдардың ісімен және күнделікті өмірмен байланысы.Славяндік пұтқа табынушылық және христиандық.

  1. Индуизм діни-философиялық жүйе ретінде

Индуизм ұлттық дін,әлеуметтік ұйымдастыру синтез,діни-философиялық доктриналар мен теологилық қөзқарас , өмір сүру бейнесі мен тәрбие стандарты ретінде. Индуизм тарихының ұзақтығы мен тартымдылық себептері.Діни-философиялық жұйе ретінде индуизмның негізгі компоненттерінің сипаты.

  1. Қытай діні: конфуциандық және даосизм

Бабалар мәдениеті Қытай дінінің негізі ретінде. Олардың этикалық бағыттары. Конфуцийдің діни-философиялық ізденістері.Оның «Нақыл сөздер» кітабы. Даосизм,оның мазмұны мен негізгі жағдайы. Қытайдың діни жүйелерінің өзіне тән ерекшелігі және олардың Қытай мәдениетінде алатын орны.

7. Иудаизм

Иудаизмныі мазмұны мен маңызы ұлттық дін ретінде. Иудаиз дінтануын түсіндіретін каноникалық жазбалар. Иудаизм мен христиандық: тарихи байланыс, жалпы және ерекше.

8. Буддизм: шығу тарихы,діни танымы және мәдениеті

Буддизм ең ежелгі әлемдік дін ретінде.Оның пайда болуы мен тарихы. Буддизм көзқарастар жүйесі ретінде,оның философиялық, этикалық, әлеуметтік құрылымы. Діни таным мазмұны.Сансарлар, кармалар, нирвана ойлары. Драхма туралы ізденіс буддалық философияның біріккен идеясы. Основные идеи и принципы Махая мен Хинаяның негізгі ойлары мен қағидалары буддизмнің негізгі бағыттары ретінде.

9. Христиандық:шығуы,негізгі бағыттары,дін танымы және мәдениеті

Христиандықтың пайда болуы, әлемдік дін ретінде қалыптасуы.Христиандық аплоегетика мазмұны, оның христинадық дамуында трансформациясы. Христиандық ойлардың маңызы (провиденциализм, креационизм, трансценденттік и Құдайға жете алмауы, қасиеттілік,ерекше болужәне т.б.). Нагордық уағыздау ойлары мен қағидалары.Христиандықтың бөлінуі және зардаптары .Негізгі бағыттары. Ресейдегі христиандық.

10. Ислам:шығу тарихы,дін танымы және мәдениеті. Қасиетті кітаптар

Ислам әлемдік дін ретінде пайда болуы. Ислам идеологиясы, догматикасы, этикасы, мәдениеті.Иудо-христиандық ағымдармен байланысы және өзіне тән ерекшеліктері. Мұсылмандардың қасиетті кітаптары.Исламные негізгі бағыттары: шиизм, суннизм, суфизм. Олардың ерекшеліктері. Қазіргі әлемдік мәдениетте исламның алатын орны.Оның қоғами-саяси өмірге әсері.Ресецдегі ислам.

11. Дәстүрлі емес діндер

Қазіргі дәстүрлі мес діндердің пайда болуының себептері.Дәстүрлі емес діндердің әртүрлілігі: неохристиандық, сайентологиялық, сатаниндік және т.б.Олардың ізденістерінің мазмұны және олардың дәстүрлі діндер иснтитуттарымен байланысы.Дәстүрлі емес діндер және діни перспективалар.

12. Қазіргі әлем және қазіргі заман адамы діни және діни емес парадигаларда

Гуманизм қоғами және діни баяндамада.Олардың сөйлесу мәжбүрлігі. Возможности и примеры диалога о мире и человеке в XX – XXI ғғ. Адам және әлем туралы диалогтардың мүмкіндігі мен мысалдары.Дін бірлігі ойы, орыс және батыс философиясында адамзаттың бірлігі,философия және ғылым жайында


4.2 «Дін философиясы» пәні

13. Дін философиясы мен дінтануға кіріспе

«Дін философиясы», пән,құрылымы,міндеттері.Дін философиясы және дінтану. Дін философиясы –діни дүниетаным теориясы. Дін философиясы, діни философия,діни антропология. Б.Спиноза діннің имманенттік сын қағидалары. Т.Гоббс діннің әлеуметтік ролі, Д.Толанд христиансдық, иудаизм мен ислам бірлігі. И.Кант руханият пен дін қатынасы, Гегель дін мен оның формаларының пайда болуы мен даму сипаты. Л.Фейербахтағы дін маңыздылығы. К.Маркс пен Ф.Энгельстің діни алыстату ғылыми тұжырымдамасы.

14. Дін және еркін ойлау жаңа саяси және ойлау мінезінде контекстінде

Диалогиялық қарама-қайшы жағдайда жаңа саяси ойлар, дінтану, еркін ойлау,атеизм мәселелері.Қазіргі заман дінге сенушілердің діни таным анализінде касстық тәсілнамада шектеулігі.Ой, іс және наным плюрализмі жағдайындағы дін мен атеизм. Проблема дін мен атеизмнің деидеологизация және дүниетанымдық оппозициямәселесі.

15. Діннің маңызы мен пайда болуы динамикалық жүйе ретінде

Діннің әлеуметтік, гносеологиялық, психологиялық және тарихи түбірлері. Дін маңыздылығын анықтау ғылыми қағидалары.Діни бейнелеу объектісі мен пәні. Нақтының діни көрініс ерекшелігі. Діни жүйенің маңыздылығының марксиситік емес теориялары. Діни жүйе теориясы.Діни жүйенің негізгі элементтері мен функциялары.

16. Дін қоғамдық таным формасы ретіндегі ерекшелігі, олардың басқа қоғамдық таным формаларынан ерекшелігі

Нақтының діни көрініс ерекшелігі.Күнделікті өмір көрінісіндегі дін қатынасының екінші деңгейлігі. Діннің қоғамдық күнделікті өмірден алшақтығы,оның салыстырмалы даралығы және консерватизм.Дін қоғам тынымындағы дүниетанымдық формасы ретінде. Дін мен мифологияның органикалық байланысы. А.Ф.Лосевтің мифке дінге еш қатынасы жоқ құбылыс ретіндегі біржақты көзқарасы. Барлық мифті діннен шығаратын Рановичтің қате көзқарасы. Діни танымның гносеологиялық анализбен алмастыру ретінде діннің симиотикалық тәсілнама ролінің тым қатты бағалануы.

17. Дін құрылымы, және оның негізгі элементтері. Діни таным түсінігі және оның қарама-қайшы түсінілуі.

Дін дін танымның, діни қатынастың, діни институттардың және ұйымдардың толық бірліге ретінде.Діннің аныұталған «сөйлесу структура лармен» қатынасы ретінде.Діннің негізгі элементтері:көрінісі /концептуалды элементі/,мәдениет, сезім.Діннің ұйымдастырылу құрылымы,діни жүйелердің моральді кодексі.Діни таным адам танымының нақтылы-сезімдік және абстрактілі кездердің қарама-қайшылығының бірлігі ретінде. Діни танымның ішкі келіспеушіліктері/сезілетін және сезілмейтін/.

18. Дүниетанымдық және идеологиялық бағыт ретіндегі діннің әлеуметтік функциялары

Діннің компенсаторлық, регулятивтік, дүниетанымдық, интегративтік, коммуникативтік,ұйымдастырушылық функцялары.Діни ұйымдардың сакралды және кәсіби салыстырымдылығы. Қоғамдық-саяси және ұлттық-азаттық қозғалыстарда діннің алытын орны мен ролі.Көркем әдебиеттер мен публицистикада діннің ролінің өте қатты бағалануы.

19. Дін маңыздылығы мен оның оный пайда болуы туралы қазіргі заманғы теориялар мен тұжырымдар

Конфессионалды және осы әлемдік дінтану. Батыс дінтануындағы діни-идеалисттік негіз,діннің идеалистік философия тұжырымдамасы. Дін социологиясы /Э.Дюркгейм, М.Вебержәне т.б. Дін социологиясындағы функционализм /Т.Парсонс және т.б. /. Дін психологиясы тұжырымдамалары /З.Фрейд, К.Юнг/, Діндегі феноменологиялық бағыттар. «Діни тәжірибе» тұжырымдамасы /Джемс/.

20. Православты философия және дін

Православты дінтанудағы діни негіздеме. Мистическое богословие Восточной церкви /Дионисий Ариопагит/. Исихазмның этико-аскетикалық білім алу. Иоанн Дамаскин, Фотий. Паламизм және оның православ шіркеулерінің қоғамдық-саяси ориентациясына әсері. Соборлық орыс ұлттық ойы ретінде. Мистиктік-ашықтық /С.Радонежский, Нил Сорский/және рационалды-схоластикалық /Иосиф Волоцкий/ бағыттар Орыс православ философиясында. Православ философиясының теистикалық сипаттары Ф.Голубинский, В.Кудрявцев-Платонов, М.Тареев/. «Жалпы бірлік метафизикасы», софийлік Вл.Соловьева. Неоправославтік /Н.Бердяев, С.Булгаков, Л.Шестов, Д.Мережковский/.Қазіргі православтіктің өзінің философтік мұрасына қатынасы. «Жалпы бірлілік метафизикасы» Вл.Соловьева. Бостандық идеясы онтология қағидасы ретінде Н.Бердяева, Л.Шестова. Толық білім мәселесі.Жалпы бірліктің этикалық аспектісі /П.Флоренский, С.Булгаков, С.Франк, Е.Н. и С.Н. Трубецкие, Л.Карсавин/.

21. Католиктік философия-теологиялық жүйе және оның әртүрлілігі.

Католиктік философияның аристотелдік-томисттік және платонды- августиндік дәстүрлері. Неотомизм /Ж.Маритен, Э.Жильсон и др./.Ғылым, философия және дін қатынасының мәселесі.Наным гармониясы мен ой қағидалары. Тейяр де Шарден тұжырымдамаларындағы рационализм және эволюцинизм. Католиктік иррационализм: «іс философисы», христиандық экзистенциализм, персонализм.Жаңа «әлеуметтік теология» /бостандық теологиясы,мәдениет теологиясы және т.б.

22. Протестанттық теология және философия

Протестантық теология ерекшелігі. Ортодоксалды теология /М.Лютер, Ж.Кальвин/, Либералды теология /Ф.Шлеермахер, Э.Трельч/. Неоортодоксия /К.Барт/. Теология Христиандықтың «демифологизация» теологиясы /Р.Бутман/. Диалектиктік теология /Р.Нибур/. Экзистенциалды теология /Н.Тилли/. Фундаментализм.

23. Діннің исламды философиясы

Орта-ғасырлық араб-мұсылман философиясының түсініктері мен мәселелері. Фикх және ислам философиясындағы рационализмның басталуы.Мұсылман құқықнамасындағы әдістер мен көздер.Араб-мұсылман философиясындағы негізгі мәселелер.Басталуының сипаттамасы, атрибуттары, іс атрибуттары.Іс тұжырымдамасы,адам ісінің автономиясы мәселесі, «жекешелендір»түсінігі. Зат: «бар болуые», «бар болмауы», «пайда болуы», «бекітілген». Атомизм. Себепкерлік.Құдай мен әлем байланысына негізделу, жаратылу себебі, заң себебі, әлем өзгеруі себебі. Құпиялылық акциденция бары теориясы.Абай философиясындағы нағыз дінлі дәлелдеуі Ы. Алтынсаринның дінге козқарасыШ.Уалихановтың дінге көзқарасы.Ш.Құдайбердиев шығармашылығындағы Құдай және күнделікті өмір мәселесі.

24. Дін мен ғылымда табиғат пен қоғамды ғылыми түсіндірудің тәсілнамасын айырмашылығы

ҒТРдың атеистік көзқарасқа әсері.Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың жетістіктерінің діни-идеалистік, және ғылыми-материалистік интерпретациясы.Дін ғалымдарының креационизді, теизмді,финализмді жаратылыстану ғылымдарының көрсеткіштерімен түсіндіруі.Социогенездін теологияда және атеизмде түсіну айырмашылығы.Қоғамдық және діни тұжырымдамаларда әлеуметтік иллюзиялар және утопиялар. Дүниетаным дамуында провиденциализм, фатализм, эсхатология, футурология және апокалиптика.Қазіргі заман мәселелері бойынша атеист пен дінге сенушілердің диалогы.


4.3 «Қазіргі заманғы дін эволюциясы» пәні

25. Дін эволюциясы түсінігі

Дін эволюциясы кең ойлау шекарасында. Эволюция объективті тарихи үрдіс ретінде.Мәдени эволюция және оның діндегі орны.Эпистемология мен дін эволюциясының байланысы.Дін эволюцисының ғылымның дамуы мен адамдарың өмір сүру жағдайының өзгеруімен байланысы.

26. Дін эволюцисы тарихы

Діни сферада үзілмейтін өзгерістер тарихы. Діни сферада эволюциалық және рефолюциялық үрдістер.Діни формаларының мәжбүрлі және ерікті өзгеру жолдары. Мәжбүрлі түрде таратылға ислам мен хрисиандық тарихы,Батыс Еуропа елдерінде протестанизмды қабылдауы.

27. Ғылыми-техникалық үрдістердің діни сфераға әсері

Дін және ғылым:Келіспеушілік себептері және келісу мүмкіндігі.Христиандық философияда Құдайды абстрактілеу тенденциясы әлемді Құдайсыз көрсетудің ғылыми-жаратылыстанушылық тәсілнама ретінде.Техникалық жаңартуларды енгізу тенденциясының жайылуын діни сын арқыры түсіндіру.ҒТПның қоғамдық-саяси және дін сферасына әсері.

28. Секуляризация мен сакрализация

Діннің догмалар мен дәстүрлердің сакрализация тенденциясы.Сол тенденцияның себептері мен әсері. Секуляризация әлеуметтік-мәдени үрдіс ретінде. «Секуляризация» терминініңмәнінің өзгеруі. Секуляризация үрдісі теңсіздігі.Секуляризацияның қоғамдық топтарға әсері. Нақтылық жағдайды діни және діни емес көзқарастармен анықтау. Секуляризация діни анықтамада көңіл қалу нәтижесі ретінде.

29. Шіркеулік-мемлекеттік қатынастардың дін дамуына әсері

Дін мемлекетті ұйымдастырушы фактор ретінде.Шіркеулердің мемлекет құрылымынан ажыратылу үрдісі және дін эволюциясы.Орыс ұлттық идеал эволюциясы: православ приоритеттінен бастап –дербестікке жету проритеті.Мәдениеттің кең ауқым алуы (масондық,орыс кәсіпкерлерінің діни бірігуі және т.б.) Тұлғалардың құқытарын қорғайтын халықаралық ұйымдар, олардың қай дінге сай екеніне қарамастан.

Дін мемлекетті ұйымдастырушы фактор ретінде.Шіркеулердің мемлекет құрылымынан ажыратылу үрдісі және дін эволюциясы.Орыс ұлттық идеал эволюциясы: православ приоритеттінен бастап –дербестікке жету проритеті.Мәдениеттің кең ауқым алуы (масондық,орыс кәсіпкерлерінің діни бірігуі және т.б.) Тұлғалардың құқытарын қорғайтын халықаралық ұйымдар, олардың қай дінге сай екеніне қарамастан.

30. Плюрализм жағдайындағы дін эволюциясы

Плюрализм жағдайы қоғамдық және индивудиалдық өмірді діни басқару монополиясының қарама-қайшылығы ретінде.Плюрализм жағдайындағы ерекшелігі: діни құрылымдардың көбеюі,әмбебап символикалық жүйелердің сипатын жоғалтуы. Дәстүрлі діндердің өздерінің әсерлілігі мен авторитетін төмендеуі. Дәстүрлі емес діндер мен мәдениеттердің жайылуының өсу тенденциясы.

31. «Қазіргі қоғамда дін дағдарысы» мәселесі

Жаң заман катаклизмы және діни доктриналардың көңілден шығуы.Діни догмалардың ескіру себептері. Ницше(Құдай өлді) ізденістерінің 19 ғасырдағы жағдайға әсері.Әлемнің аяси картасының өзгеруі.Әлемді түсіндірудің жаңа түсіндірмелері(діни емес).Дүниетанымның ғылыми дағарысы. «Жаһанды дін дағдарысының» дұрыс талқыланбауы.

32. ХХ ғаысрдағы католицизм

Пия Х-нан Иоанн Павелға II-ге дейінгі шіркеу. Иоанн Павел II шіркеуі мен понтифакты.Қазіпгі заман құралдары мен католиктік шіркеу жағдайы: дін білімі теологиясы және мәдениеті.ХХ ғасырдағы католиктердегі миссионерлік іс-әрекет.Қазіргі заманғы католиктік монахиндік. Діни-шіркеулік әртүрлілік жағдайы және АҚШ пен Канаданың урбанизацияланған қоғамындағы католиктік ордендердің шарттары.Оңтүстік Американың ұлттық тәуелсіздігінің соғыстары және секуляризация үрдістері.Латын Америкасындағы католиктік мәдениеттің трансформациясы.

33. XIX ғ.аяғы – ХХ ғасыр басындағы православті шіркеулер

XIX ғасырдың соңғы онжылдығындағы «шіркеулік ренессанс».Шіркеу, мектеп және мемлекет байланысы.Қасиетті Синод құрамы.Монастырь мен Ақсүектілік лаврының мүліктік жағдайы және байлығы.Қайырымдылық аналар қоғамы. Орыс дінтану білімінің рухани академиясы мен мектептері Ресейдің Алыс Шығысында,Қытайда,АҚШта, Автралияда,Жапония және т.б. мемлекеттерде мисиялардың орналастыруы.

34. ХХ ғасырдағы протестандық.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы протестандық теология. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы протестандық теология. Қазіргі заманғы протестандық тенденциялар.Африка,Индия,Оңтүстік Америка және Алыс Шығыстағы неопротестиандық миссионерлік істің ерекшеліктері.

35. Діндегі модернизм

Модернизм мен постмодернизм түсінігі.Протестанттық модернизм тенденциялары (секуляризация, десакрализация).Әлеуметтік евангелизмдегі «Иисус Христостың бейнесінің адам қалпына келтірілуі»:Иисус Христос «Жердегі Құдай патшалығы»қоғамдық-мәдени үрдістің қатысуышсы секілді.Христиандықтағы бес мәдени қағидалар (Р. Нибур). «Христос мәдениетке қарсы», «Христос мәдениетте», «Христос мәдениет үстемінде», «Христос пен мәдениет парадоксы», «Христос мәдениетті көркемдеуші ретінде».Әлемнің өмір сүруі мәселесі өмірге және этикаға бірыңғай көзқарас негізінде мәдениет синтезы ретінде.

36. Экуменизм діннің жаңа жағдайы ретінде

Дәстүрлі діндерге деген жаңа жағдай. Шіркеулердің Бұкіләлемдік Кеңесі (Женева) экуменитикалық қозғалыс координаторы ретінде.Конфессионалдық сипатына орай халықаралық бірлестіктер. Лютерандік Бүкіләлемдік Федерация, Пресвитериандық Бүкіләлемдік Альянсжәне т.б. Бір мемлекет деңгейіндегі бірлестіктер.АҚШтағы ұлттық Хрситос шіркеулер кеңесі, Британдық шіркеулер кеңесі.Экуменикалық қозғалыста Орыс Православты шіркеуінің алатын орны.Экуменикалық қозғалыстағы саяси-қоғамдық акциялар мен конференциялар мәселесі.Жаңа қоғамдық-саяси шарттардағы экуменикалық қозғалыс ерекшелігі.Қоғамдық-саяси жағдайындағы келіспеушілікті шешудегі экуменизмның мәні Экуменизм сыны.

37. Діндегі фундаментализм

Фундаментализм түсінігі.Фундаментализмның әртүрлі ортодоксия түрлеріне жақындығы.Фундаментализмның пайда болу себептері. Фундаменталисттік ағымдар мысалы (Ислам мен протестанизмда)Фундаменталисттердің демократияға көзқарасы. Фундаментализмның жалпыға белгілі болуының экономикалық,саяси және діни негіздері. Фундаменталисттердің модернизмне көзқарасы.

38. Исламдык фундаментализм

Исламның модерниазацияның қабылдаушы үрдісі және фундаменталистікке бөлінуі. Демократизация үрдісіне исламның қатынасы (бағалаудың анықсыздығы).Ислам фундаментализмының негізгі идеясы (вахаббизм).Исламдік фундаментализм ұйымдастырылуы: доктриналар,мақсаттар,міндеттер,іс-әрекеттер (Алжирлық «Иссламдық құтқару майданы» ұйымы мысалында).Фундаменталистердің діни синкретизмге қатынасы. Қасиетті соғыс шындығын уағыздайтын діни ағымдардың пайда болу себептері.


4.4 «Қазіргі заманғы дәстүрлі емес діндер қозғалысы мен мәдениеттері» пәні

39. «Дәстүрлі емес діндер» феноменінің маңызы және түсінігі

Дәстүрлі емес діндердің пайда болуының «кең» және «тар» анализдеу әдіснамасы. Терминология мәселесі. «Дәстүрлі емес дін», «дәмтүрлі емес діншілдік», «альтернативті дін», «жаңа дін», «ресми діндерден тыс діншілдік», «оккультизм», «мистика», «секта» және т.б. термидердің анықатамасы.

Жаңа діндердің қалыптасуы мен дамуының тарихи-әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени шарттары. Дәстүрлі емес діндердің жалпы тарихи немесе нақты тарихи факторларының қалыптасуы. Дәстүрлі емес діндер мен секталардың қалыптасу сұлбаларының механизмы. Дәстүрлі емес діндердің «ошақтану» жағдайы туғандағы қазіргі заманғы Қазақстан мәселелері.

40. Дәстүрлі емес діндердің ерекшелігі

Жаңа діни қозғалыстардың типологиясы мен классификация мәселесі.Классификация түрлері және оның кемшіліктері.Діни емес группалардың жалпылығы.Дәстүрлі емес діндердің синкретикалық табиғаты.

Діни ұйымдар, мәдени іс-шаралар және діни таным деңгейіндегі функционалдық-құрылымдық анализ түріндегі жаңа діндердің ерекшелігінің анықталуы.Жаңа діни қозғалыс кешенінің діни модификацияларының тенденциясы.

41. Дәстүрлі емес діндерің діни анализі

Неохристиандық діни қозғалыстар. «Христтың шіркеуі», «Соңғы Баян шіркеуі», «Ұлы Ақ Бауырлығы», «Державды Құдайи Ананың православды шіркеуі», «Қасиетті рухтың әлемдік христиандықтың бірігу ассоцияциясы» және т.б. Харизмат-негіздеуші жекелігі және оның пайда болуы,оның статусы,діннің таралуы. Адептік діни білім анализі,әлемге, табиғатқа,мемлекеткеғазаматтық борышқа қатынасы.

Ритуалды практика, мейрамдар ерекшелігі.Ішкі топтық өмірдің ұйымдық негізі,иерархиясы,ерекшілігі. Неоисламдық діни қозғалыстар. Необуддийстік діни қозғалыстар. Индуисттік діни және рухани-ағартушылық ұйымдар. Славяндік жаңа пұтқа табынушылық. «Иванов мұғалімінің жүйесі», «Бажовецтер»,Жергілікті синкретикалық дәстүрлі емес діндер.Ғылыми сипаттағы діндер. «Саентологтар шіркеуі»:тұлғаны зерртеу

42. «Антимәдени қозғалыстар мәселесі және ұят еріктігі»

«Антимәдени қозғалыс» терминының мазмұны.Жаңа діни қозғалыстардың мәселесін православты және жалпы христианды түсінуі.Антимәдени іс-әрекеттерде қауіпті тенденциялар.«Ұят еріктігі және діни бірлестіктер» туралы Федералды заң (1997 г.) және басқа нормативты құжаттар дәстүрлі емес діни бірлестіктерді реттеу контекстінде.

43. Дәстүрлі емес діндер және болашағы.

Қазіргі діни жағдайдың динамикасының дамуы.Жаңа діни қозғалыстардың эволюция жолы.Дәстүрлі үрдістің мазмұны. Дәстүрлі емес діндердің перспективілері.Қазіргі және болашақ конфесиаларалық ортада дәстүрлі емес дін орны.


4.5 «Дін әлеуметтануы» пәні

44. Дін әлеуметтануы пәні және құрылымы

Діннің негізгі әлеуметтік теориялары. Діннің әлеуметтік функциялары. Діни сана, діни қызмет. Культ діни қызмет түрі ретінде: оның түрлері. Культтан тыс қызмет. Діни қатынастар. Діни ұйымдар: шіркеу, секта, деноминация, культ.

  1. Дін әлеуметтануының дамуы және пайда болу алғышарттары

Еуропалық қоғамның қазіргі заманғы қоғамға көшуі, секуляризация үдерісі. Діннің «жарықтанған сана» тұрғысынан сыны, оның қоғамда құндылық келісімге жету рөлі. Әртүрлі ғылымдардың дінді мәдениет феномені ретінде түсінуге ықпалы.

46. Дін әлеуметтік интеграция факторы ретінде: Э. Дюркгейм.

Діни өмірдің элементарлық түрлері және олардың әмбебап сипаттамалары: «әлеуметтік факт» ретінде қарастырылатын діннің анықтамасы. «Қасиетті заттар» және олардың әлеуметтік қызметі. Дін «ұжымдық көрініс» ретінде (сенім, миф), ұжымдық әрекет (ритуал, культ) және адамдардың «моральдік қоғамға» бірігуі (шіркеу). «Механикалық солидарлық»: дін дәстүрлі қоғамда интеграция факторы ретінде.

47. Дін «әлеуметтік әрекет» жүйесінде: М. Вебер.

Дін адам қызметін рационализациялау әдісі ретінде; оның магиядан айырмашылығы; аскетизм және мистика. Әлемдік діндердің өмірге қатынастың идеалды түрлері ретінде салыстырмалы талдауы. Дін және әлеуметтік өзгеріс. Харизма және пайғамбарлық. Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы. Протестанттық этика және капитализм рухы: бейбітшілік тақуа және кәсіпкершілік қызметі. Адам қызметінің бейбітшілік өрістері (саясат, білім, отбасы, көркем шығармашылық және т.б.).

  1. Әлеуметтануда экономика және діннің өзара байланысы.

Діннің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарға әсері. Протестантизм және экономика. Ислам және экономика. Қоғамда отбасы және діннің қатынастарының нормативтік аспектілері.



  1. Дін және әлеуметтік конфликттер.

Дін қоғам және жеке тұлға қызығушылықтары арасындағы конфликтті шешу әдісі ретінде. Діни фанатизм және экстремизм. Этника және тұлғааралық қатынастарда конфликттік жағдайларды шешудегі діннің мүмкіншіліктері. Дін плюралистік қоғамда; төзімділік саяси, құқықтық және моральдік категория ретінде.

  1. Дін және тұлға.

Құндылықтық таңдау мәселесінің философиялық және психологиялық аспектілері. Құндылықтық бағдарлаудың рационалдық және иррационалдық үдерістері, олардың діндегі бейнесі. Құндылықтық бағдарлау түрлері, сәйкес келетін тұлға түрлері және діндарлық түрлері. Діни қатынастың психологиялық механиздері.


5. Ұсынылатын әдебиет тізімі


1. Негізгі әдебиет:

  1. Яблоков И.Н. Дінтану негіздері. М.: Выс. Шк., 2004. – 511 с.

  2. Лобазова О.Ф. Дінтану. М.: Баспалық-сатылым корпорациясы «Дашков и К», 2006.-488 с.

  3. Пивоваров А.В.Дін философиясы М.: Академиялық жоба, 2006.- 640 с.

  4. .

  5. Солдатов А.В. Дінтану. СПб.: Издательство «Лань», 2004.
    Гараджа В.И. Религиоведение. – М. 1995

  6. Гараджа В.И. Дін социлолгиясы. М. 2006

  7. Шахнович М.М.Дінтану. СПб. 2006

  8. Самыгин С.И, Нечипуренко В.И., Полонская И.Н. Дінтану: Дін социологиясы мен психологиясы. Ростов на Дону.

9. Қазақстан діндері.. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ университетініңт дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы Алматы, 2010 421 б.

2. Қосымша әдебиет:

  1. Әлем ұлттарының мифы. Энциклопедия. 1991.

  2. Элиаде М. Дін тарихы трактаты. Спб,бсп. «Алетйя», 1999.

  3. Джеймс У. МДіни тәжірибе көптүрлілігі. Мәскеу. «Наука», 1993.

  4. Щелокова Е. ХХ ғасырдың 20-60-жылдардағы Қазақстандағы діни ахуал / Евразийское Сообщество.-2003.

  5. Ильин И.А. діни тәжірибелер аксиомасы. – М. 1993

  6. Орынбеков М.С. Ежелгі Қазақстан сенімдері. А, 1997

7. Васильев Л.С. Шығыс діндерінің тарихы. Мәскеу, 1998

8. «Қазiргi дәстүрден тыс дiни қозғалыстар және культтер»./ Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ университетініңт дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы Оқу-әдістемелің құрал. Алматы, 2012 180 б.

Похожие:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Темпус жобасы бойынша "Екінші компетенция ретінде Ақпараттық технологиялар" оқыту бағдарламасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер
С. С. Қазақстан амфибиялары мен рептилиялары: анықтауыш: [оқу құралы: баспаға әл-Фараби атын. ҚазҰУ биология фак. Ғылыми кеңесі ұсынған]...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер
Алдабергенов, М.Қ. Анорганикалық полимерлі қосылыстардың термодинамикалық функциялары: оқу құралы: [баспаға әл-Фараби атын. ҚазҰУ...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер
Шушарина, Л. М. Аэрологиялық диаграмманы өңдеу және талдау: оқу-әдістемелік құрал / Людмила Матвеевна Шушарина, Айман Сагынбаевна...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл-Фараби атындағы қАЗҰу оқытушылары мен қызметкерлерінің
Л-фараби атындағы ҚазҰУ оқыту­шылары мен қызметкерлерінің Этика кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы саналы және психологиялық ахуал орнатуға...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер
Бейсембаева, Р.Ұ. Медициналық және ветеринариялық биотехнология: оқу құралы / Роза Ұлтубайқызы Бейсембаева; әл-Фараби атын. ҚазҰУ....
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
БҰҰ-на мүше болғанына 20 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған «the changing nature of conflict in the XXI century» атты...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің iconӘл фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына түскен әдебиеттер
С. М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: оқулық / Серік Мейрамұлы Әпенов. Өңд., толық. 2-ші бас. Алматы: Заң әдеб., 2009....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница