Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында)




Скачать 464.72 Kb.
НазваниеМолдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында)
страница2/4
М Х Дулати
Дата конвертации05.02.2016
Размер464.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznpu.kz/docs/moldasheva.doc
1   2   3   4

2. Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау, бағалау және болжау. Екінші бөлімде үш шағын жүйе (ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және үй шаруашылықтары) бойынша аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне талдау жасалды, облыс тұрғындарының азық-түлікке табиғи және экономикалық қол жетімділігі, 2016-2020 жж. мерзіміне аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне болжам жасалды.

Алғашқы кезекте Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігі агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі буындарының даму деңгейіне байланысты. (1 кесте):

1 кесте –Жамбыл облысы АӨК-нің негізгі өнімі


Көрсеткіштер аталуы

Өлшем бірлігі

1995

2000

2005

2008

Өзгеру қарқыны, %

1.Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі,

соның ішінде

млрд тг

10,9

19,7

45,7

67,3

6,9 есе

-өсімдік шаруашылығы

млрд тг

7,1

11,4

26,2

33,6

4,7 есе

-мал шаруашылығы

млрд тг

3,8

8,3

19,5

33,6

8,8 есе

2.Сусындар мен темекіні қосқанда, тамақ өнімдерін өндіру

млрд тг

1,6

4,6

23,8

33,1

20,7 есе

*Основные показатели развития Казахстана // Знамя труда, №4,5 10 қаңтар 2009 ж. 5 б.

**Статистикалық анықтамалық– 2007, 2008 жж. Жамбыл облысы статистика департаменті. Тараз қ., 2009 ж., 134 б., 2009 ж. 128 б.

1 кесте мәліметтерінен облыстың АӨК-нің жағдайы тұрақтандырылғандығын көреміз. Сонымен қарастырылған аралықта ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,9 есеге, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 4,7 есеге және мал шаруашылығының өнімі 8,8 есеге өсті. Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібінің көлемі 1995 жылмен салыстырғанда 20,7 есе ұлғайды. Өндірілген өнім көлемінің өсуі жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімінің өсуі, егістік және суармалы жерлердің кеңеюі есебінен болды. Майлы дақылдардың, картоптың, көкөністің және бақша дақылдарының өнімділігі мен егістік алқаптарын кеңейту есебінен жалпы өнімнің көлемдері 1995-2008 жж. тиісті 114,3 %-ға, 6,2 есе, 11,1 есе және 21,6 есе өсіп тұр. Мал шаруашылығында мал мен құстың жеке түрлері санының, олардың өнімділігінің өсуі нәтижесінде мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемдері де өсіп келеді. Сөйтіп, сүт өндірісі 135,3 %-ға, жұмыртқа –267,4 %-ға өсті. Сонымен, облыста ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің дамуында жағымды үрдістер байқалды. Сондай-ақ облыста оның дамуының негативті үрдістері де сақталды: зерттеу жүргізілген уақыт аралығында егістік алқап 185,7 мың га қысқарды, бидай өнімділігі 1,8 ц/га, қант қызылшасының өнімділігі 12,6 ц/га қант қызылшасының 99,7 мың тн-ға азайды; шошқа саны 16,8 мың басқа қысқарды; ұсақ шаруашылықтар басым болып келеді, АӨК екі негізгі буынының техникалық жабдықталуы төмен; жеке шаруашылықтармен өндірілген өнімнің үлесі артқан; облыстың ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі кейбір өндірілген өнімдер бойынша 1992 жылдың өндіріс деңгейіне жетпеді және т.б. 2-ші және 3-ші кестелерде тізбектеп қою әдісімен жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі мен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсіміне факторлық талдау жасалған.


2 кесте - Негізгі дақылдардың жалпы түсімі көлемінің өзгерісіне факторлардың тигізетін әсері



Дақылдардың аталуы

2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылдың жалпы түсімінің өзгерісі, млн тг

соның ішінде өзгерістердің есебінен

егін жинау алқаптарының, %

өнімділік

тің , %

бөлшек сауда бағасының, %

1. Дәнді дақылдар

3609,7

2,8

11,4

85,8

2.Қант қызылшасы

-307,6

-99,5

-0,4

-0,1

3.Картоп

2307,5

7,1

10,4

82,5

4.Көкөніс

3604,2

17,9

26,7

82,5

*Есептеулер автормен орындалған

Жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі егін жинау алаңы мен өнімділіктің жоғарлауы есебінен азғантай ғана өседі, негізінен 80%-ға дейін өндіріс көлемдерінің өсуі ауыл шаруашылығы шикізатына қойылатын бөлшек сауда бағаларының өсуі есебінен болды.


3 кесте - Мал шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемдерінің өзгерісіне факторлардың тигізетін әсері


Көрсеткіштер аталуы

2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы өндірілген өнім көлемдерінің өзгерісі, млн тг

Соның ішінде өзгеруі есебінен

Натуралды өлшемде өндірілген өнім көлемінің, %

Бөлшек сауда бағасының, %

1.Малдың барлық түрінің еті

3990,9

-16,4

116,4

2.Сүт

7722,9

23,4

76,6

3.Жүн

345,3

59,4

40,6

4.Жұмыртқа

980,6

35,1

64,2

* Есептеулер автормен орындалған

Мал шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемдерінің өсуі негізінен бөлшек сауда бағаларының өсуі есебінен жүзеге асырылды, яғни 40,6 %-дан жоғары , ал кейбір жағдайларда 116,4 %-ға дейін.

Облыста ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жоқтығы немесе жеткіліксіз қолданылуы нәтижесінде өнеркәсіптік қайта өңдеуден өткізілмейді. Сөйтіп, кейбір тамақ өнімдері бойынша азық-түліктің импорты тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 40%-дан астамын құрайды. Бұл көрсеткіш азық-түлік қауіпсіздігінің 20% шекті деңгейінен аспау қажет.

Облыс азық-түлігін сипаттайтын басты элементтердің бірі халықтың қажеттіліктерін, ең алдымен тамақ өнімдерімен қанағаттандыру деңгейі болып табылады, яғни Қазақ Тағамтану Академиясымен ұсынылған мөлшерде және сапада тамақ өнімдерін тұтыну мүмкіндігінің болуы (4 кесте).


4 кесте - Аймақтағы халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну және өндіру


Көрсеткіш

тердің аталуы



Тұты

ну нормативі

2008 жыл

Өзін-өзі қамтамасыз ету коэффициенттері

2016-2020 жж. өнім өнді

ру


Өзін-өзі қамтамасыз ету

коэффициенті


ко


циенті

Өнім

өндіру

Нақты

тұтыну

Норма

тивке

Нақты

тұтыну

ға

1.Ет және ет

өнімдері

121,4

45,2

54,0

0,372

0,837

58,0

0,478

2.Сүт және сүт өнімдері

260

258,8

241,0

0,995

1,074

252,9

0,973

3.Жұмыртқа, дана

140

96,7

128

0,691

0,755

128,0

0,914

4.Балық және балық өнімдері

5,0

0,16

11,4

0,032

0,014

0,614

0,123

5.Қант

15,26

327,1

36,0

21,435

9,086

348,1

22,811

6.Өсімдік май, литр

8,47

2,48

12,9

0,292

0,192

8,17

0,965

7.Картоп

81,9

101,7

52,0

1,242

1,956

278,6

2,745

8.Көкөніс

59,4

351,6

79,0

5,919

4,450

397,2

6,687

9.Жеміс және жидек

45

5,57

52,6

0,124

0,106

13,017

0,289

* Есептеулер автормен орындалған

4 кесте мәліметтерінен көріп тұрғандай, облыстағы халықтың жан басына шаққандағы сүт және сүт өнімдері, қант, картоп және көкөніс сияқты тамақ өнімдерінің өндірісі тұтынудың ұсынылған мөлшерлерінен жоғары. Барлық өнімдер бойынша облыс халқының тамақ өнімдерін нақты тұтынуы (ет және ет өнімдерінен басқа), Қазақ Тағамтану Академиясы ұсынған ең төменгі ғылыми-негіздегі мөлшерлерден жоғары болады. Және де жұмыртқа, балық және балық өнімдері, өсімдік май, жеміс және жидек сияқты өнімдер бойынша халықтың қажеттіліктері импорттық өніммен қанағаттандырылады. Қарастырылған 1991-2008 жж. мерзімінің аралығында тамақтанудың құрылымы да өзгерді (2 және 3 суреттер):




2 сурет. 1991 жылдың негізгі тамақ өнімдерінің азық мөлшері



3 сурет. 2008 жылдың негізгі тамақ өнімдерінің азық мөлшері


Бұл диаграммалар 1991 және 2008 жылдары үлкен көлемде халықтың азық мөлшерінде қандай өнімдер тұтынылғанын пайыздық көрсеткіштерде көруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2008 жылы азық-түліктің тұтыну құрылымы едәуір жақсарған: нан мен нан өнімдерінің тұтынылуы 2,3 %-ға, картоптың- 4,9 %-ға азайған, бірақ 1,1 %-ға көкөністің, 0,6 %-ға қанттың, 0,3 %- ға жұмыртқаның, 6,1 %-ға сүт және сүт өнімдерінің тұтынылуы көбейген. Ет және ет өнімдері сияқты калориялылығы бойынша құнды және салыстырмалы қымбат тамақ өнімінің халықтың жан басына шаққандағы тұтынылуы 6,0 кг-ға немесе 0,2 % -ға төмендегенін ескеру қажет. Пайыздық көрсеткіштерде ең үлкен үлесті сүт өнімдері (40,1 %) алады, келесі болып нан және нан өнімдері (21,5 %), көкөніс (13,2 %) және картоп (8,7 %) келеді.

Сонымен, облыс халқына тамақ өнімдері қажетті көлем мен сапада қолжетімді.

Халықтың көпшілігінің сатып алу қабілеті ең төменгі күн көріс шамасынан жоғары болатын табыстармен бағаланады. Сонымен бірге, облыста халықтың жеке топтарының арасында ақшалай табыстарды үлестірудің біркелкі еместігі байқалады, әрбір оныншы адам күн көріс шамасынан төмен табыс алады. Облыс халқының белгілі бөлігінің тұтынудың ұсынылатын ұтымды мөлшерлері бойынша тамақтануға экономикалық жағынан қолдары жетпейді, өйткені бір адамның орташа тамақтануы осы қажеттіліктерге нақты жұмсалған жарнадан 1,7 есе жоғары болуы керек.

Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің екі құрамдас бөлігі - ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің дамуын болжау үшін, әртүрлі факторлардан корреляция-регрессиялық әдіс таңдалды. Өз кезегінде, ұсынылатын мөлшерлерге сәйкес халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тамақ өнімдерін өндіру, және де халықтың жан басына шаққандағы табыс мөлшерінің болжамы трендтік тәуелділіктердің көмегімен жүргізілді. Олардың өзгерісіне әсер ететін функциялар мен факторларды анықтау экономист-ғалымдардың зерттеулерін қарастыру нәтижесінде таңдап алынды.

Мәліметтерді өңдегеннен кейін келесі байланыс теңдеулері алынды:

У1 = -146,9 + 0,15Х1+ 2,17Х2 (1)

У2 = -97,1 + 2,47Х3+ 0,05Х4 (2)

мұндағы:

У1 –аймақтың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өткен жылға өзгеру индексі, %;

У2 - тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемінің өткен жылға өзгеру индексі, %;

Х1 - ауыл шаруашылығына салынатын инвестициялар көлемінің өткен жылға өзгеру индексі, %;

Х2 – ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған ауыл халқы санының үлесінің өткен жылға өзгеру индексі, %;

Х3 –ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өткен жылға өзгеру индексі, %;

Х4 тамақ өнеркәсібіне салынатын инвестициялар соммасының өткен жылға өзгеру индексі, %.

Бірінші теңдеуден ауыл шаруашылығының негізгі капиталына жұмсалған инвестициялардың 1,0 %-ға ұлғаюы жағдайында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 0,15 %-ға жоғарлайды, ал жұмыспен қамтылған ауыл халқы санының үлесі 1,0 %-ға өскен жағдайда жалпы өнімнің көлемі 2,17 %-ға өсетіндігін көреміз. Екінші теңдеуден ауыл шаруашылығы шикізаты көлемдерінің 1,0 %-ға өсуі жағдайында тамақ өнеркәсібі өнімдерінің көлемі осыған сәйкес 2,47 %-ға өсетінін көреміз. Ал тамақ өнеркәсібіне жұмсалған инвестициялардың 1,0 %-ға өскен жағдайында тамақ өнеркәсібі өнімінің көлемдері 0,05 %-ға өседі.

Сонымен қатар, диссертациялық жұмыста алынған нәтижелердің маңыздылығына бағалау жүргізілген. Осы бағалауға байланыс теңдеуін, байланыс тығыздығы көрсеткішін, теңдеу көрсеткіштерін тексеру кіреді.

Трендтік әдістің көмегімен 2016-2020 жылдар аралығына ет, сүт, балық және балық өнімдері, өсімдік май, жеміс-жидек дақылдары сияқты тамақ өнімдерін өндіру қанша болатындығы есептелді. Трендтік талдау 1990-2008 жж. уақыт аралығында жүйелік, логарифмдік, дәрежелік, экспоненциалды тренд және 2 дәрежелі полином бойынша жүргізілді. Трендтік болжамдау нәтижелері 5 кестеде келтірілген.


5 кесте– Тамақ өнімдерін өндірудің трендтік болжамның нәтижелері


Тамақ өнімдерінің аталуы

Байланыс теңдемелері

Байланыс тығыздығының көрсеткіші R2

2016-2020 жж. өндірістің орташа көрсеткіші

1.Сойыс салмақтағы ет

У = 0,0401Х2 – 1,332Х + 62,812

0,636

58,0

2.Сүт және сүт өнімдері

У = 70,991LN (Х) + 13,896

0,637

252,9

3.Жұмыртқа

У = 3,5968Х + 23,711

0,562

128,0

4.Балық және балық өнімдері


У =0,0208Х + 0,0935


0,909


0,614

5.Өсімдік май


У =0,0184Х2 - 0,2839 Х + 0,8934


0,706


8,17

6.Жеміс-жидек дақылдары


У = 0,605Х - 0,1072


0,762


13,017

* Есептеулер автормен орындалған


мұнда

У - тамақ өнімдерін өндірудің болжамды шамасы, кг, дана;

Х – уақыттың шартты аралығы ( t ).

2016-2020 жж. өндірілетін тамақ өнімдерінің орташа мәні тең болады: халықтың жан басына шаққанда сойыс салмақтағы ет- 58 кг, сүт – 252,9 кг, жұмыртқа -128 дана, балық және балық өнімдері -0,614 кг, өсімдік май - 8,17 кг, жеміс-жидек дақылдары – 13,017 кг, яғни облыста ет, сүт, жұмыртқа, балық, өсімдік май, жеміс және жидек сияқты тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуіне толық көлемінде жете алмаймыз.

Болашақта (2016-2020жж.) облыс халқының жеке санаттары үшін тамақ өнімдері экономикалық қол жетімсіз болып қалады. Қарастырылған мерзімде тұтынудың ұсынылған мөлшерлері бойынша халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы 2008 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларына бағалардың өсуі есебінен тамақтануға жұмсалатын шығындарды 2,0 есеге көбейтеді.

Сондай-ақ, тамақ өнімдерінің орташа бағалары трендтік тәуелділіктермен болжамдау арқылы анықталды.

Аймақты негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жаңа агро - және ылғал сақтау технологиялары мен кластер құрылымдарын енгізу негізінде АӨК дамытудың мақсатқа бағытталған саясатын қабылдау, сондай-ақ бағаның тұрақтануын қамтамасыз ету, халықтың табыстары мен шығыстарын сәйкестендіру қажет.

1   2   3   4

Похожие:

Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconАқтөбе қаласының азық-түлік
Ақтөбе қаласының мәслихаты жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіп саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру және облыс орталығының...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЭкономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
Азық-түлік қауіпсіздігі барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconШҰбаттың химиялық ҚҰрамы және оның адам ағзасына әсері балтабаева Динара Нұрланқызы, Жүсіпова Гүлманат Күлімбетқызы
Нда агроонеркәсіп кешенін дамыту экономиаканы әртараптандыру мен мемлекеттің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconПавлодар Кереку 2009
Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconАманкелді Д. А., Оспанбаев Ж. А
Сонымен қатар, даму жағынан артта қалған елдердегі азық-түлік тапшылығы да үлкен мәселе болып табылады. Жер шары тұрғындарының 14...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» факультетінің деканы
Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы, тиімділігі, сапасы, стандарттау және жіктеу. Тамақ өнімдерінің сапасын анықтауға әсер ететін факторлар,...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Сонымен қатар металлургиялық өндірісте (60,9 ға), машина жасауда (62 ға), электрмен қамтамасыз етуде, газ беруде, пар және ауа кондиционированиясында...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЖамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Экономикалық өсуге жәрдемдесу және Жамбыл облысы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon«Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу» пәнінен

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница