Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында)




Скачать 464.72 Kb.
НазваниеМолдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында)
страница1/4
М Х Дулати
Дата конвертации05.02.2016
Размер464.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznpu.kz/docs/moldasheva.doc
  1   2   3   4
ӘОЖ 338.439.02 (574.52) Қолжазба құқығында


МОЛДАШЕВА АЛТЫНАЙ БОРАНБАЙҚЫЗЫ


Азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау,

болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі

(Жамбыл облысының материалдарында)


08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары мен аялары бойынша)


Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге арналған диссертациялық жұмыстың


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде орындалды


Ғылыми жетекшілер: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Дәуренбекова Ә.Н.

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мамырбаева О.Б.


Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,

профессор Әкімбекова Ғ.Ү.


экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент Әмірбекұлы Е.


Жетекші ұйым «Тұран» университеті


Қорғау 2010 жылы « 1 » шілде күні сағат 14.00. -де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Д.14.63.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде жүргізіледі.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би, 28, мәжіліс залы 31.


Диссертациялық жұмыспен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы «____»_____________таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

э.ғ.д., профессор А.Ә. Рамазанов


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды мәселе болып отыр. Оны шешуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешені маңызды роль атқарады. Ол халықтың азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ оның азық-түлік тәуелсіздігі өндірілетін өнімнің саны мен сапасына тікелей байланысты болады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) кәсіпорындарында жүргізілген мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерістері ауыл шаруашылығын дағдарысқа алып келді: ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімі төмендеді, мал шаруашылығындағы мал саны мен олардың өнімділігі қысқарды, барлық агроқұрылымдардың жалпы санындағы ұсақ шаруашылықтардың үлесі артты, шикізат өндірушілер мен қайта өңдеушілердің арасындағы байланыстар мен қатынастар үзілді, олардың нәтижелері тамақ өнімдерін тұтынудың құрамы мен мөлшеріне шапшаң әсер етті. Қазақстанда реформаға дейінгі кезеңнің соңғы жылдарымен салыстырғанда нанның және картоптың тұтынылуы шамамен бір жарым есеге ұлғайды, ал ет және сүт өнімдерінің, жұмыртқа, жеміс және басқада өнімдер қатарының тұтынылуы тұтынудың бекітілген ең төменгі мөлшерінен төмен болып отыр.

Қазіргі таңда Республикадағы тамақ өнімдерін тұтыну жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу нәтижесінде біршама тұрақтандыруға қол жеткізілді. Бірақ ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмендігінен немесе жеткіліксіз қолданылуынан қайта өңдеуден өткізілмеуде. Мемлекеттің азық-түлік нарығында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділіктің біраз төмендегеніне қарамастан, табиғи қол жетімділігі қамтамасыз етіліп жатыр.

Қазақстан нарығындағы терең өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен 37 %-ға жоғары. Импорттық өнімді тұтынудың ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20,0 %, ал оның 60,0 %-дық мәнінде салалар толық бұзылады, және азық-түліктің әлемдік нарығына толық импорттық тәуелділік пайда болады. Міне сондықтан импорттық өнімдерді отандық өндірістің өнімдерімен алмастыру арқылы, оны қысқарту мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет. Әрі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80,0 %-нан кем болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін іздеу ерекше маңызға ие болады. Мұның бәрі тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері экономикалық ілім классиктерінің еңбектерінде қарастырылған. А.Смит, Ф.Кэне, Т.Мальтус, К.Менгер, К. Маркс және басқалары өздерінің еңбектерінде азық-түлікті өндіру мен тұтынудың маңыздылығын көрсетті.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің әртүрлі аспектілері шет елдің көптеген ғалымдарының зерттеулерінде, соның ішінде В.Г. Агаевтың, В.Ю. Багановтың, П.Т. Бурдуковтың, В.Р. Боевтың, Р. Гумеровтың, А.П. Зинченконың, С.Ковалевтың, Р.З. Саетгалиевтың, А.Сенның, В.И. Писларьдың, Д.В. Шаховтың, Ю.С. Хромовтың және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Отандық ғалымдардың Л.А. Әбділдинаның, Ғ.Ү. Әкімбекованың, Р.А. Алшановтың, С.Б. Ахметжанованың, А.М. Баяндинованың, В.В. Григоруктың, А.Т. Есполовтың, Т.А. Есіркеповтың, А.А. Кайгородцевтің, М.Е. Қазембаевтың, Г.А. Қалиевтың, К.А. Сағадиевтың, А.А. Сатыбалдинның, А.Б. Молдашевтың, А.Б. Тілегеновтың, Е. Әмірбекұлының және көптеген басқалардың жұмыстарында азық-түлік қауіпсіздігің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері қарастырылған.

Қарастырылып жатқан мәселе бойынша орындалған еңбектер санының көптігіне қарамастан, аймақ деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері жеткіліксіз зерттелген. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі негізінен алғанда оның аймақтағы жағдайымен анықталады. Өз кезегінде әрбір аймақ өзіне тән ерекше табиғи-климаттық жағдайларынан бастап әлеуметтік-экономикалық жағдайларына дейін ие болады. Бұл жағдайлар үнемі өзгеріп тұрады: халықтың қажеттіліктері көбейеді, ресурстық мүмкіндіктер азаяды, ал ол әрбір кезеңде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді талап етеді.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты және зерттеудің міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының мәліметтері негізінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда зерттеу, талдау және ғылыми негізделген ұсыныстар жасаудан тұрады. Анықталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешілуі тиіс:

-азық-түлік қауіпсіздігінің ұғымына (категориясына) қолданатын көзқарастардың эволюциясын зерттеу;

-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін зерттеу негізінде оның ұтымды тұстарын отандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау және талдап, қорыту;

-аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне талдау жасау, бағалау және болжамдау жүргізу әдістемесін әзірлеу;

-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтерін –аймақтың АӨК-н және халықтың тамақтану жағдайын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда бағалау;

-АӨК-ң екі буынының дамуына ықпалын тигізетін факторлардың және тамақ өнімдеріндегі облыс халқының табиғи және экономикалық қанағаттану дәрежесіне болжам жасау;

-аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмінің негізгі бағыттарын айқындау.

Зерттеудің пәні өндіріс жағынан, сондай-ақ, тұтыну жағынан азық-түлік қауіпсіздігіне ықпалын тигізетін жағдайлар, факторлар мен экономикалық қатынастар жиынтығын құрайды.

Зерттеу нысаны - азық-түлік қауіпсіздігінің жүйе қалыптастырушы факторы ретінде Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешені мен үй шаруашылықтары.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР нормативтік-құқықтық, заңнамалық актілері, сондай-ақ эволюциялық теория, шет елдердің тәжірибесі, экономикалық үдерістерді талдау мен үлгілеудің әдістері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының классикалық және қазіргі замаңғы еңбектерінде баяндалған зерттеу нәтижелері алынды.

Зерттеудің ақпараттық базасының негізіне ҚР статистика Агенттігінің ресми статистикалық ақпаратының және Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің, ҚР облыстық кеден комитетінің мәліметтері пайдаланды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алынған нәтижелерінің жеткілікті салыстырылуы мен дұрыстығын (корреляция-регрессиялық және трендтік модельдеу, симплекс-әдіс), сондай-ақ, абстракты-қисынды және есептеу-конструкциялық әдістер арқылы қажетті ақпарат тәуелділіктерін алуды қамтамасыз ететін экономикалық зерттеулердің әртүрлі әдістері қолданылды.

Ғылыми жаңалығы. Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:

-азық-түлік қауіпсіздігінің мәні мен маңыздылығы нақтыланды; азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік қамтамасыздығы мен азық-түлік тәуелсіздігінің арасындағы өзара байланыс анықталды. Азық-түлік қауіпсіздігі иерархиясының негізінде оның деңгейлері ажыратылған: дүниежүзілік, ұлттық, аймақтық және жеке дара (үй шаруашылықтары). Осы кезде жүйелендірілген критерийлер мен көрсеткіштер арқылы әрбір деңгейдің ерекшелігі көрсетілген;

-аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің үш шағын жүйелері: ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және үй шаруашылықтарына талдау, бағалау және болжамдау жүргізу әдістемесі жасалған. Талдау жүргізу үшін әр шағын жүйенің ішкі және сыртқы факторларының топтастырылуы жасалған; зерттеу нысанының қол жеткен деңгейін бағалайтын көрсеткіштер негізделген;

-Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайына талдау жасалған, оның нәтижесінде АӨК дамуының жағымды және жағымсыз үрдістері анықталды;

-экономика-математикалық болжамдаудың әдістері арқылы АӨК-ң негізгі буындарының дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар айқындалды, және таяу болашаққа негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету анықталған;

-тамақ кластерінің үлгісі ұсынылған және негізделген, сондай-ақ осы кластердің атқаратын қызметінің ұйымдық-экономикалық механизмі жасалған;

-минералдық тыңайтқыштар мен су ресурстарын тиімді пайдалану үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы жерлерін ықшамдау әдістемесі жасалған.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

-аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін талдау, бағалау және болжамдау әдістемесі;

-ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің даму болжамын сипаттайтын байланыс теңдігі; негізгі тамақ өнімдерімен халықтың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін және азық-түлік тауарларына жұмсалатын бір адам табысының орташа шамасын анықтау үшін бағалар болжамын анықтауға мүмкіндік беретін трендтік тәуелділіктер;

-төрт сала кластерінен (қант, жеміс-көкөніс, сүт және етті қайта өңдеу кластерлері) тұратын тамақ кластерінің үлгісі, сала кластерлерінің құрамына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сервистік-дайындау орталықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары және инфрақұрылымның нысандары кіреді;

-минералдық тыңайтқыштар мен су ресурстарын тиімді пайдалану үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы жерлерін ықшамдау әдістемесі.

Жұмыстың қолданбалы құндылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстарды жасаудан тұрады. Ұсынылатын шаралардың жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімін ұлғайтуға, минералдық тыңайтқыштар мен су ресурстарын үнемдеуге, кластерге қатысушылар арасындағы өндірістік-экономикалық қатынастардың тиімділігін арттыруға, еңбектің жоғары нәтижелілігіне ынталылықты күшейтуге және Жамбыл облысындағы негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуіне жетуге мүмкіндік береді.

Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасалған ұсыныстар және оларды жүзеге асыру механизмі «Таразсушар» РМК, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен енгізуге және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ оқу үдерісінде «Ауыл шаруашылығының экономикасы», «Сала экономикасы», «Экономика және менеджмент» пәндерін оқыту кезінде «Экономика», «Азық-түлік тауарларының технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістердің технологиясы», «Жерге орналастыру», «Агрономия» мамандықтарының білімгерлерін оқыту үдерісінде қолдануға қабылданды.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық жұмыстың негізгі теориялық және тәжірибелік жағдайлары «Мемлекетті әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және саяси жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Көкшетау қ., Көкшетау Университеті, 2006 ж.), «Экология, құрылыс және су шаруашылығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2007 ж.), «Қазақстан қоғамы: ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Тараз қ., «Әулие-ата» университеті, 2007 ж.), «Ұлттың ғылыми білім потенциалы және еліміздің бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2008 ж.), «Current economic issues & perspectives of the central asia region» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Istanbul, Suleyman Demirel university, 2008), «Zpravy vedecke ideje- 2009» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Praha, Publishing House, 2009 roku), М.Х.Дулатидің 510- жылдығына арналған «V1 Дулати оқулары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2009 ж.) баяндалып, талқыланды.

Басылымдар. Диссертация тақырыбы бойынша 14 ғылыми еңбек, оның ішінде 4 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Азық-түлік қауіпсіздігінің теориялық негіздері. Бірінші бөлімінде азық-түлік қауіпсіздігінің теориялық негіздері қарастырылды, оны қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі зерттеліп, жалпыланды, азық-түлік қауіпсіздігіне талдау, бағалау және болжамдау жүргізу әдістемесі жасалды.

«Азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымының негізгі базасы «азық-түлік қауіпсіздігі», «азық-түлік қамтамасыздығы» немесе «азық-түлік тәуелсіздігі» деп аударылатын ағылшын термині «food security» болып табылады. Көптеген мемлекеттердің ғалымдары «азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымын пайдаланатындығын атап өту қажет. Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі өмірлік мәнге ие болып отыр, өйткені әлемнің дамыған елдерінде тамақ өнімдерінің артығымен өндірілуі, дамушы елдерде оның өткір тапшылығы, ашаршылық пен жартылай ашаршылық қалыптаса бастады.

Экономикалық әдебиетте азық-түлік қауіпсіздігінің анықтамасы төрт түрлі көзқараста берілген. Осы диссертациялық жұмыста орындалған зерттеулердің негізіне А.А. Кайгородцевтың авторлық анықтамасы алынған. Оның анықтамасы бойынша «азық-түлік қауіпсіздігі- бұл халықтың ең әлсіз, кедей топтарының міндетті түрде басым болған жағдайда, адамдардың өмірі мен әрекет істеуге бейімін сақтау және қолдау үшін қажетті көлем мен сапада тамақ өнімдерінің табиғи және экономикалық қол жетімділігінің шарты және азық-түліктің сыртқы көздерінен мемлекеттің толық тәуелсіздігі кезінде оның өз өндірісі арқылы барлық халықтың азық-түліктің негізгі түрлерімен тұрақты қамтылуы мүмкін болатын экономиканың, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы».

Сонымен, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі төңірегіндегі әртүрлі көзқарастардың мазмұнын қарастырып, біз азық-түлік қауіпсіздігінің мәні салауатты тіршілікті қамтамасыз ету, импорттан мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезіндегі алғашқы қажеттіліктің өнімдері бойынша мемлекеттік резервтерді және тұрақтылық қорларын құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару, отандық АӨК қабілеттілігінен тұрады деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы адам қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа деген қажеттілік ең алғашқы қажеттілік болып табылады.

Жоғарыдағы анықтамадан азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік қамтамасыздығы және азық-түлік тәуелсіздігі сияқты ұғымдар өзара тығыз байланысты екендігі байқалады. «Азық-түлік қамтамасыздығы» халықтың қолында азық-түліктің бар болуын білдіреді, ал «азық-түлік қауіпсіздігі» сонымен бірге азық-түлік ұдайы өндірісінің мүмкіндіктерін қамтиды. Өз кезегінде азық-түлік тәуелсіздігі азық-түлік қауіпсіздігінің, сонымен бірге азық-түлік қамтамасыздығының туындысы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі әртүрлі деңгейлерге сәйкес қарастырылады. Әдеттегідей – бұл дүниежүзілік, ұлттық, аймақтық және жеке дара (үй шаруашылықтары) деңгейлері. Әртүрлі деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің мақсаттары әртүрлі болады. Дүниежүзілік деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаты ашаршылыққа ұшыраған адамдардың санын төмендету, әсіресе дамушы мемлекеттерінде; ұлттық деңгейінде – импорттың мүмкін болу көлемі кезінде ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақты жағдай; аймақтық деңгейінде – халықтың қалыпты тіршілік қызметін қамтамасыз ететін тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру; үй шаруашылықтарының деңгейінде – халықтың қолында бар табыстарына сәйкес тамаққа деген қажеттіліктерінің нақты қанағаттандырылуы.

Иерархияның әрбір деңгейі үшін азық-түлік қауіпсіздігін бағалайтын критерийлер мен көрсеткіштер нақтыланды және жасалды. Бұл үш критерий - астықтың ауыспалы дүниежүзілік қорларының мөлшері (барлық тұтыну көлемінен 17 %), импорттық өнімді тұтынудың ғылыми ұсынылған табалдырық деңгейі (барлық тұтыну көлемінен 20 %), азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету (тұтынудың жалпы көлемінен 80,0 %); көрсеткіштер- халықтың жан басына шаққандағы астықтың өндірісі, тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық мөлшерлері, тамақтанудың энергетикалық құндылығы, тұтынатын өнімдердің сапасы, табиғи қол жетімділік, экономикалық қол жетімділік, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ. Азық-түлік қауіпсіздігінің дүниежүзілік деңгейі бірінші критерийімен және бірінші көрсеткішімен бағаланады, азық-түлік қауіпсіздігінің ұлттық деңгейін барлық үш критерий және жеті көрсеткіш, аймақ деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігін үшінші критерий және екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы көрсеткіш бағалайды, үй шаруашылықтары деңгейіндегі азық-түлік қауіпсіздігі тек қана екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы көрсеткіштерімен бағаланады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін зерттеу және жалпылау келесіні көрсетті:

1.Дамыған мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келесі стратегиялары қалыптасты – өзін-өзі қамтамасыз етуге негізделген экспортқа және импортқа бағытталған саясат.

2.Дамыған мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі негізінен алғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленетін субсидиялар, жеңілдікпен несиелеу жүйесі, баға құралының көмегімен өндірушілерді ынталандыру, ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымының құрылысы, ауыл шаруашылығы экспорты мен азық-түлікті жеткізуді субсидиялау, ғылымның жетістіктерін ауыл шаруашылығына енгізу арқылы протекционистік сипатқа негізделген.

3.Азық-түлік қауіпсіздігіне жету үшін дамыған мемлекеттер дамушы мемлекеттерге елеулі көмек көрсетеді. Осы көмектің салдары бір жағынан оң әсерлі – ақша құралдарының, несиелердің бөлінуі, гуманитарлық көмек көрсету, екінші жағынан теріс әсерлі – азық-түлік жеткізіліміне дамымаған мемлекеттердің тәуелділігі күшейеді.

Республикамыз ДСҰ енуде дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен келесі жағдайлар ескерілуі қажет:

-бағалардың коридорымен, азық-түліктің мемлекеттік ресурстарымен және мемлекеттік тауар интервенциясымен ішкі азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін құру;

-ЕҚ сияқты тарифтік жүйенің орнына компенсациялық төлемдер мен өтеулер жүйесін енгізу құқығын Қазақстанда бекіту;

-Дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланып, ауыл шаруашылығының өте маңызды салаларының, әсіресе мал шаруашылығының осы халықаралық ұйымның ережелеріне кіргізілмеуіне қол жеткізу.

Мемлекеттің, соның ішінде оның аймақтарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тамақ өнімдерімен өзіндік қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне қол жеткізу АӨК-нен кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері мен шаруашылықты және өндірісті басқарудың тиімді формаларын енгізу, шаруашылықтың тоқтап тұруын болдырмау, тағы басқалары арқылы өндіріс тиімділігін көтеруді талап етеді.

Осы міндеттің жүзеге асырылуында маңызды роль АӨК-нің қазіргі жағдайын талдауға беріледі. Зерттеудің осы кезеңі қалыптасқан жағдайларға және АӨК дамуының үрдістеріне баға беруге, халықты тамақ өнімдерімен қанағаттандыру үшін оның негізгі салаларының арасындағы қарама-қайшылықты анықтауға, дағдарыстан шығу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайын талдау, бағалау және болжамдау мәселелері бойынша зерттеулердің жеткіліксіздігі ескеріліп, диссертациялық жұмыста аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін талдау әдістемесін жасауға әрекет жасалды (1 сурет). Талдаудың нысаны азық-түлік қауіпсіздігінің үш шағын жүйелері: аймақтың ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі мен үй шаруашылықтары болып табылады. Ол үшін әрбір шағын жүйенің азық-түлік қауіпсіздігіне тигізетін әсеріне байланысты ішкі және сыртқы факторлардың топтамасы жасалды. Азық-түлік қауіпсіздігіне факторлардың әсер ету дәрежесі сондай-ақ, шағын жүйенің әрбір деңгейі үшін ұсынылған көрсеткіштермен бағаланады. Жұмыста азық-түлік қауіпсіздігіне факторлардың тигізетін әсерін талдау оның салалық және уақытаралық түрлерінің көмегімен жүргізіледі, талдаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады: салыстыру, графикалық, индекстік және тізбектеп қою, ал азық-түлік қауіпсіздігін болжамдау қарастырылған процесстердің экономика-математикалық модельдеуі арқылы орындалды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің қабылданған анықтамасының негізгі аспектілері, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің критерийлері мен көрсеткіштері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі және оған талдау мен болжамдау жүргізу әдістемесі осы жұмыстың келесі бөлімдерінде қолданылды.




1 Сурет. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін талдау және болжамдау тізбесі

Ескерту – Суретті автор құрастырған

  1   2   3   4

Похожие:

Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconАқтөбе қаласының азық-түлік
Ақтөбе қаласының мәслихаты жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіп саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру және облыс орталығының...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЭкономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
Азық-түлік қауіпсіздігі барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconШҰбаттың химиялық ҚҰрамы және оның адам ағзасына әсері балтабаева Динара Нұрланқызы, Жүсіпова Гүлманат Күлімбетқызы
Нда агроонеркәсіп кешенін дамыту экономиаканы әртараптандыру мен мемлекеттің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconПавлодар Кереку 2009
Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconАманкелді Д. А., Оспанбаев Ж. А
Сонымен қатар, даму жағынан артта қалған елдердегі азық-түлік тапшылығы да үлкен мәселе болып табылады. Жер шары тұрғындарының 14...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» факультетінің деканы
Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы, тиімділігі, сапасы, стандарттау және жіктеу. Тамақ өнімдерінің сапасын анықтауға әсер ететін факторлар,...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Сонымен қатар металлургиялық өндірісте (60,9 ға), машина жасауда (62 ға), электрмен қамтамасыз етуде, газ беруде, пар және ауа кондиционированиясында...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) iconЖамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Экономикалық өсуге жәрдемдесу және Жамбыл облысы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік...
Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі (Жамбыл облысының материалдарында) icon«Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу» пәнінен

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница