Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница9/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

Білуге тиіс. Микропроцессорлық техниканы орнату және оның жүйелерінің элементтерін жинақтау ережесі, сақтандырғыш жерлендіру жүйелерін іске қосу және микропроцессорлық техниканы монтаждау кезінде қоректендіру фазаларын іріктеу тәсілдері, ақпарат берудің талшықты-оптикалық жүйелерінің жұмыс істеу принциптері, жарықтың сынуы көрсеткіші сатылы және градиентті болып келетін бір модты және көп модты жарыққұбырларының негізгі сипаттамалары, оларды түйістіруге қажетті оптикалық талшықтарды іріктеу тәсілдері, олардың жұмыс істеу принципін, құрылғыларының конструкциясын және оларды талшықтарды пісіру үшін қолдану ережесі, оптикалық талшықтарды түйістіру тәсілдері мен технологиясы, коммутациялық құрылғылардың түйістіру муфталарының құрылғысын, талшықты-оптикалық кабельдерде оларды монтаждау технологиясы.


105. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Іске қосу және микропроцессорлық техника жүйесіне кіретін ақпарат бейнелеу құрылғыларына: видеотерминалдарға, алфавиттік-цифрлік дисплейлерге және т.б. сынамалау өткізу. Оптикалық кабельдерге кірме бақылауын жүргізу. Талшықты-оптикалық кабельдер өткізуден кейін сигналдардың бәсеңсу өлшемдерін, сондай-ақ түйіспе муфталарын және тармақтандырғыш коммутациялық құрылғыларды монтаждау кезінде орындау. Оптикалық модульдер параметрлерін бақылау.

Білуге тиіс. Микропроцессорлық техника жүйелерінің жұмыс істеу принципі, микропроцессорлық техниканы іске қосу және оған сынамалау жүргізу ережесі, рефлекторлардың, оптикалық тестерлердің, оптикалық импульстар генераторларының, оптикалық қуаттылықты өлшегіштердің мақсаты, олардың жұмыс істеу принципі және қолдану ережесі, кірме бақылауын және оптикалық кабельдердің жеке талшықтарында сигналдардың бәсеңсуін монтаждау алдында өлшеу ережесі, оның бүтінділігін тексеру, оптикалық созбалардың үзілген жерлерін анықтау, оптикалық модульдер параметрлеріне бақылауды жүргізу ережесі.

Орта арнаулы (кәсіби) білім талап етіледі.


Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы


106. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Станоктарды, траншеяларды және котловандарды тазалау. Монтаждау алдында коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың құбырларын, фасонды бөліктерін және арматурасын тазарту. Тығыздамаларды орнату және босату. Материалдарды траншеялар мен котловандарға жеткізіп отыру. Түйіспе жерлерін бітеу үшін ерітінді әзірлеу.

Білуге тиіс. құбыржолдарының, жинақталатын темірбетон коллекторларының, каналдарының, камералар мен құдықтардың негізгі бөліктері, оларды тазарту ережесі мен тәсілдері, ерітінді әзірлеу технологиясы.


107. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдары, коллекторлар, каналдар, камералар және құдықтар астына әртүрлі тұғырнамалар жасау. Көтергіш-такелаждық айлабұйымдар орнату. Құбыржолдар, коллекторлар, каналдар, камералар және құдықтардың бөлшектерін ілмектеу және ілмектен босату. Болат құбырлардың ұштарын пісіруге жинақтау кезінде тегістеу және жоңқалалау. Төселген құбыржолдарын топырақпен не бетонмен қымталау. Метал емес құбырларды белгілеу, шабу, кесу. Асбестоцементті муфталар мен құбырлар арасындағы саңылауларды бітеу. Болат құбырларының түйіспе жерлерін пісіру кезінде кептіру және жылыту. Түйіспелерді пісіру кезінде болат құбырларын бұрып отыру. Құбырларды манжеталармен бір-біріне жалғастыру және оларды ерітіндімен бітеу (кабельдерді өткізу кезінде). Тығындамаларды орнату және ағыту. Механикаландырылған аспаппен камералар мен құдықтар қабырғасында құбырлар енгізу үшін саңылаулар ұрып тесу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттарымен басып тесу кезінде топырақты әзірлеу.

Білуге тиіс. Құбырлар, жинақталатын темірбетон коллекторлар, каналдар, камер алар мен құдықтар бөлшектерінің тізбесі, көтергіш-такелаждық айлабұйымдардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі, құбырлар мен бөлшектерді ілмектеу тәсілдері, траншеялар мен котловандарды бекіту ережелері, құбырлар астына табиғи және жасанды негіздер әзірлеу тәсілдері, төселген құбырларды топырақпен және бетонмен ұлтандау тәсілдері, болат құбырларын басып тесу кезінде топырақты әзірлеу ережесі мен тәсілдері, пісіру кезінде болат құбырлардың түйіспе жерлерін кептіру және қымтау тәсілдері, құбырлардың түйіспе жерлерін бітеуге арналған битумдық мастикаларды әзірлеу технологиясы.


108. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Буындарды және диаметрі 500 мм дейін жеке болат және диаметрі 800 мм дейін шойын құбырларды, бетон, темірбетон, асбестцементті, керамикалық және полимерлі материалдардан жасалған құбырларды төсеу. Диаметрі 800 мм дейін баратын қысымды құбырларды және диаметрі 1500 мм дейін қысымсыз құбырларды бітеу. Газқұбыры құбырларының түйіспелерін полиэтиленмен пісіру. Коллекторлардың, каналдардың, камералар мен құдықтардың негіздерінің және арқауларының темірбетон плиталарын төсеу. Коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың түйіспе жерлерін бітеу.Темірбетон тірек плиталарды ысырмалы тіректер астына, фасондық бөліктеріне және арматураға салу. Диаметрі 1000 мм дейін дөңгелек темірбетон құдықтардың цилиндрлерін және құдықтар мен камералардың темірбетон қылталарын монтаждау. Камералар мен құдықтарда жылжымалы тұтқаларды не сатылыр мен люктар орнату. Құдықтарда лотоктар орнату. Бетон және асбест құбырларды блоктарға төсеу. Жерде бұрғыланған ұңғымаларда құбырлар төсеу. Метал емес құбырларды жұмыс істеп тұрған канализация мен су ағызу желісіне ойып орнату. Болат құбырлардың ұштарын суық күйінде және қыздырып түзету (калибрлеу). Болат құбырлардың ұштарын әзірлеу және арнайы агрегаттар арқылы сыртқы гратты ағыту. Диаметрі 500 мм дейін болат және шойын фасонды бөліктерді және диаметрі кемінде 150 мм суырмаларды орнату. Фланец қоспаларын тұрақты бұрандалармен бұрау. Диаметрі 400 мм дейін сифондар мен гидрозатворларды және сальниктерді орнату. Жер асты құбырлары мен кабельдерді асу. Болат құбыржолдарын хлорлап жуып-шаю. Коверларды, гидранттарды, су бөлгіш колонкалар мен вантуздарды орнату. Ернемектерді құбырларға, ернемекті бөліктерге кигізу. Пісірілген жіктер астына төсеме сақиналарын орнату. Каналдарда қалқанды темірбетон тіректерін орнату. Құбырларды арнаулы жүктермен немесе таспен ауырлату.

Білуге тиіс. Құбырларды төсеу ережесі және жинақталатын темірбетон коллекторлардың, каналдардың, камералардың және құдықтардың құрылғысы, такелажды жұмыстарды орындау ережесі және құбырларға ауырлататын жүктерді ілу ережесі мен тәсілдері, жер асты құбырларын асу ережесі мен тәсілдері, құбырларды жуып-шаю тәсілдері.


109. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі диаметрдегі болат құбырларын буындап жинау. Диаметрі 500 мм дейін болат құбырларын сабақтар түрінде және 500 мм асатын құбырларды - буындармен төсеу. Жеке-жеке шойын, темірбетон және асбестцемент құбырларын 800-ден 1500 мм дейін төсеу. Диаметрі 800 мм асатын қысым құбырларының және диаметрі 1500 мм асатын қысымды емес құбырлардың түйіспе орындарын бітеу. Коллекторлардың, каналдардың, камералар мен құдықтардың темірбетон қабырғалық блоктарын орнату. Коллекторлар мен каналдардың көлемді секцияларын бұрандалармен бір-біріне бекітіп монтаждау. Диаметрі 1000 мм артық темірбетон құдықтардың дөңгелек цилиндрлерін монтаждау. Құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттары арқылы басып тесу. Диаметрі 500 мм дейін құбырларды футлярларға төсеу. Муфтадағы асбестцементті құбырлардың түйіспе жерлерін жинақтау. Диаметрі 350 мм құбырларды су кедергілері, монтаж және өтпелер арқылы төсеу. Понтондарды орнату және жабдықтау, құбырлар сабақтарын роликті жолдарға және вагонеткаларға домалатып жеткізу. Құбырларды катоктарда және рельсті жолдарда итеріп айдау арқылы төсеу. Диаметрі 500 мм дейін болат және шойын фасонды бөліктерді, 150-тен 400 мм дейінгі суырмалар мен компенсаторларды орнату. Диаметрі 400 мм асатын сифондар мен гидравликалық затворларды орнату. Құбырлар мен кабельдер астына арнайы тіректер мен кронштейндер орнату. Көлемі 300 м дейін оголовокты немесе бас тоғанды суға түсіру, суда жылжыту және су астындағы табанға орнату.

Білуге тиіс. Болат түтіктерді буындап жинау және оларды сабақтап төсеу ережесі, пісіруге жинақталған болат құбырлардың жиектері мен түйіспелеріне қойылатын талаптар, түйіспелерді іліп әкету тәсілдері, құбырларды және коллекторларды гидравликалық әдіспен сынақтан өткізу тәсілдері, болат құбырларын домкраттардың көмегімен басып тесу тәсілдері, дюкерлер мен құбырларды су кедергілері арқылы төсеу ережесі.


110. Сыртқы құбыржолдардың монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Болат түтіктерді сабақтар түрінде жинақтау. Диаметрі 500 мм асатын болат құбырларын және диаметрі 1500 мм темірбетон құбырларды төсеу. Магистрлады құбырларды су кедергілері арқылы төсеу. Диаметрі 350 мм асатын дюкерлер мен өтпелерді монтаждау. Көлемі 300 м асатын оголовоктар мен бас тоғандарды орнату. Құбырларды су үстінен жылжыту және олардың су асты траншеяларының қақпаларын орнату. Құбырларды су астына жіберу және жағалауға пісіріп тіркеу үшін асып орнату. Құбыржолына түрлі сақтандырғыш және тірек арматурасын қиюластырып орнату. Диаметрі 500 мм асатын құбырларды футлярларға төсеу. Диаметрі 400 мм асатын компенсаторлар мен суырмаларды орнату. Болат қаптамаларды көлденең бұрғылау және жыныстарды гидрошнектік іріктеу әдісімен траншеясыз төсеу. Болат құбырларын гидравликалық және қол домкраттары көмегімен басып тесуге арналған жабдықты монтаждау. Оны шнур мен деңгей бойынша салыстырып тексеріп, көлденең бұрғыны орнату және бекіту. Саңылаулар тесіп оларға құбырларды тартып кіргізіп кеңейту.

Білуге тиіс. Болат құбырларын сабақтар түрінде буындарға жинау ережесі, ұзынынан пісірілген жіктері бар болат құбырларын жинақтау және төсеу тәсілдері, құбырларды әуеде сынақтан өткізу ережесі.


Атом энергетикасы қондырғылары жабдығының монтажшысы


111. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын бумадан және консервациядан алу. Қарапайым такелажды құралдардың (домкраттар, қол шығыршалары) көмегімен жабдықтардың орнын алмастыру. Шаблон бойынша бөлшектерді белгілеу. Трещотка мен бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалық және ернемекті қоспаларды жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер мен аратөсемдер жасау. Метал құрылымдарын түзеу. Түйіспе орындарын монтаждық бұрандалармен нығыздап бекіту. Құбырлардың ұштарын өңдеу.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысын және оларды қолдану ережесі, жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын бумадан, консервациясынан босату тәсілдері.


112. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтарды жинақтау және оларға қызмет көрсету алаңдарын орнату. Жабдықтардың тірек құрылымдарын, бекітпе бөлшектерін орнату. Бассейн затворларын монтаждау, закладтық бөліктерге түйісу тығыздылығын тексере отырып сынау және жүкті артығымен тиеу. Термопарларға арналған қаптамаларды орнату. Жабдықтар тораптарының жиектерін пісіруге дайындау, ақауларды анықтау және пісірілген қоспалардағы тігіс ұшын тегістеу. Жабдықтардың бетін және пісірілген тігіс жерлерін Rz=40 тазалығына дейін тегістеу.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа жабдықтар астына салынатын фундаменттердің мөлшерін тексеру тәсілдері, монтаждау үстіндегі күрделілігі орташа жабдықтың құрылғысы, монтаждау үстіндегі жабдықтың құрылғысы мен оны монтаждау технологиясы, жабдықты монтаждау тәсілдері және монтаждалған жабдықты тексеру тәсілдері, гидравликалық сынақтардың тәсілдері, механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты қолдану тәсілдері, жүктерді ілмектеу және жылжыту тәсілдері.


113. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты техникалық тексеру және монтаждауға дайындау. Реактор корпусының жылулық қорғанысын және реактор астындағы бөлмені монтаждау. Бактарды, сүзгілерді, жылуалмастырғыш жабдықты, буландыру аппараттарын монтаждау. Ионизациялық камераларды шығаруға арналған құрылғыны монтаждау. САОЗ гидросыймдылығына және қысым компенсаторына электржылытқыштарды орнату. Герметикалық проходкаларды жинақтау. Реактордың толтырылмалы шахталарын, қорғағыш құбырлардың блогын және корпус ішіндегі қондырғыларды монтаждау. Негізгі циркуляциялық сорғының май фильтрлерін монтаждау. Қорғағыш құбырлардың блогын тасымалдау үшін платформаны жинақтау. Жабдықтар беттерін және пісірілген тігіс жерлерін Rz = 20 тазалығына дейін тегістеу. Жабдықтар беттерін жоңқалау.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және орнын ауыстыру тәсілдері, фундаментті монтаждауға алу үшін тексеру және қабылдау ережесі және жабдықты орнату орны, монтаждау үстіндегі жабдықты монтаждау, теңгерімдеу, центрлеу, тексеру және реттеу тәсілдері, майлау жүйелерінің құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, жабдықты монтаждауға қойылатын техникалық талаптар және белгіленген рұқсатнамалар.


114. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Биологиялық қорғаныс құрылымдарын, бекініс фермаларын, бөлгіш сильфонды монтаждау. Универсалды ұяны, төзімдету бассейндерінің стеллаждарын монтаждау. Негізгі және авариялық герметикалық шлюздарды, герметикалық арматуралық және штендік проходкаларды монтаждау. Сыртқабаттардың герметикалылығын бақылау жүйесінің жүйелерін монтаждау. Сейсмикалық төзімділік гидроамортизаторларды монтаждау. Битумдау жүйесінің жабдықтарын монтаждау. Бірінші контурдағы жабдықты монтаждаудан бұрын жеке сынақтардан өткізуге дайындау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері, жабдықты реттеу және сынамалау тәсілдері.

Орта арнайы (кәсіби) білім талап етіледі.


115. Атом энергетикасы қондырғылары

жабдығының монтажшысы 7- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Реакторлар корпустарын және корпус ішіндегі құрылғыларды монтаждау. Жоғарғы блокты монтаждау. Басқару және қорғау жүйесінің жетектерін монтаждау. Бу генераторын монтаждау. Негізгі циркуляциялық құбырлар мен сорғыларды монтаждау. Қысым компенсаторын, зонаны авариялық салқындату жүйесінің гидросыймдылығын монтаждау. Барботальді бакты, қоректендіру, борлық және термикалық реттеу деаэраторын монтаждау. Авариялық салқындату жылуалмастырғыштарын, регенеративтік үрлеу, үрлеудің біржола салқындатқышын монтаждау. Асқынжүк машинасын монтаждау. Бірінші контур жабдықтарына жеке сынақтар өткізу.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдері, бірінші контурлы жабдыққа жеке сынақтар өткізу ережесі.

Орта арнайы (кәсіби) білім талап етіледі.


Теміржол көлігінде блокадалау және

орталықтандыру жабдығының монтажшысы


116. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жуапты емес бөлшектерді араластыру бұрандамалау. Жабдықты бумадан босату. Аппараттар мен жабдықта нөмірлік таяқшалар жасау және орнату.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату тәсілдерін, ең қарапайым такелаждық айлабұйымдар түрлері және оларды пайдалану ережелері, жабдықтар бөлшектерін майлау тәсілдері, слесарлық аспаптың мақсаты.


117. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру

жабдығының монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шаблон бойынша бөлшектерге белгі қою. Трещотка мен бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалы және фланецті қоспаларды бұрғылау. Бұранданы қолмен кесу. Төсемдер мен аратөсемдер жасау. Метал құрылымдарын түзеу. Түйіспе жерлерін монтаждық бұрандамалармен бекіту.

Білуге тиіс. Қолданылатын матераилдардың сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі.


118. Теміржол көлігінде блокадалау және орталықтандыру
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница