Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница8/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

Орта арнаулы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.


Скрепер машинисі


88. Скрепер машинисі 8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топырақты әзірлемелеу және жылжыту, үйінділердің, резервтердің, кавальерлер мен банкеттердің ойықтарын жасау кезінде, автомобиль жолдарын және теміржолдар, суару және кеме жүретін арналар, плотиналар салу, қоршайтын жер дамбаларын, ғимараттар мен құрылыстар және сол сияқты имараттардың астына қазаншұңқырлар қазу кезінде тіркемелі және өздігімен жүретін құрылғыларды басқару. Тягачтарды тексеру және оларға жанар-жағар май құю. Өлшеу құралдары, арқандар, блоктар, буксирлер, тораптар бекітпесінің және тежегіш құрылғылардың беріктігін бақылау. Тягачты, тіркемелі және аспалы жабдықты жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс. Тягачтардың, тіркемелі және аспалы жабдықтың құрылғысы және техникалық сипаттамасы, орнатылған сигнализация, әртүрлі тереңдікте әзірленетін әртүрлі санаттағы топырақтарды әзірлемелеу және жылжыту ережелері, алдын-ала белгіленген профильдер мен белгілер бойынша ойықтар әзірлемелеу және үйінділер үю, жол жүру ережелері.

Қозғалтқышының қуаттылығы 73кВт дейін (100 ат күшіне дейін) баратын скреперді басқару кезінде - 5- разряд;

Қозғалтқышының қуаттылығы айрықша 73-тен 120 кВт дейін (айрықша 360-тан 850 ат күшіне дейін) баратын - 8-разряд;

Ескертпе. Тау-кен және күрделі кен жұмыстарымен, сондай-ақ сипаттамада көрсетілмеген басқа да жұмыстармен айналысатын скрепер машинистері бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың «Тау-кен және күрделі кен жұмыстарының жалпы кәсіптері» тарауы, 4 шығарылым, бойынша тарификацияланады.


Экскаватор машинисі

89. Экскаватор машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль жолдарын және теміржолдар, суару және кеме жүретін арналарды, қоршайтын жер дамбаларын, ғимараттар мен құрылыстар астына қазаншұңқырлар қазу, электроберіліс желілері мен байланыс желісінің тіректерін, жер асты коммуникациялары үшін траншеялар, су бұрғыш кюветтер, таулық жыра забанкетті жыралар және өзге де тәріздес құрылыстарды салу кезінде ойықтар, үйінділер, резервтер, кавальерлер және банкеттер жасау барысында топырақты әзірлемелеу және тасымалдау. Жанар-жағар май құю. Жүру механизмдерін сынақтан өткізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, канттардың беріктігін, қозғалтқыштардың бекітілуін, тежегіш құрылғыларды қадағалау. Профилактикалық тексеру және жөндеудің өзге де түрлеріне қатысу. Белгіленген техникалық іс-қағаздарды жүргізу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін экскаватордың құрылғысы мен техникалық сипаттамасы, механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс істеу принципі, ашық тау-кен жұмыстарының негізгі мәліметтері, өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың мақсаты мен жұмыс істеу принципі, көлікпен атқарылатын құбыр төсеу жұмыстары өндірісінің ережелері, тереңдігі әртүрлі забойларда әртүрлі санаттағы топырақтарды экскавациялау тәсілдері, топырақтарды алдын-ала белгіленген профильдер мен белгілерді сақтай отырып экскавациялау ережелері, тез тозатын бөлшектер мен тораптарды, оларды ауыстыру тәртібі, ақаулылықтардың пайда болуы себептері және оларды жою тәсілдері.

Шөмішінің сыйымдылығы 0,15м² дейін баратын бір шөмішті экскаваторларды басқарғанда - 4-разряд ;

Шөмішінің сыйымдылығы 0,15-тен 0,4 м² дейін баратын, өнімділігі 1000 сағатына м² (жыра қазушы және траншеялық) бір шөмішті роторлық экскаваторларды басқару кезінде -5-разряд;

Шөмішінің сыйымдылығы 0,4-тен 1,25 м* (айрықша) дейін баратын бір шөмішті экскаваторларды, сағатына 2500 м* (айрықша) дейінгі роторлық экскаваторларды басқару кезінде - 6-разряд;

Шөмішінің сыйымдылығы 1,25-тен 0,4 м* дейін баратын бір шөмішті экскаваторларды, өнімділігі сағатына 2500-тен 4500 м* (айрықша) дейін баратын роторлық экскаваторларды, «жерге қондырылған қабырға» әдісімен имараттар салу кезінде тереңдігі 20-дан 40 м (айрықша) дейін баратын траншеялар қазу (УДС-110, УДС-117 үлгісіндегі) автомобиль шассиіндегі планировщиктерді басқару кезінде - 7-разряд;

Шөмішінің сыйымдылығы 4-тен 9м² (айрықша) баратын бір шөмішті экскаваторларды, өнімділігі сағатына 4500 м² дейін және одан да артық роторлық экскаваторларды, тереңдігі 40 м және одан да артық траншеяларды қазу үшін (УДС-110, УДС-114 үлгісіндегі) автомобиль шассиіндегі планировщиктерді басқару кезінде - 8-разряд.

7-8 разрядтарды беру үшін арнаулы орта (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.

Ескертпе. Тау-кен және күрделі кен жұмыстарын, сондай-ақ сипаттамада көрсетілмеген барлық басқа жұмыстарды орындаумен айналысатын экскаватор машинистері бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың «Тау-кен және күрделі кен жұмыстарының жалпы кәсіптері» тарауы бойынша, 4-шығарылым, тарификацияланады.


Сәулеттік бөлшектерді модельдеуші


90. Сәулеттік бөлшектерді модельдеуші 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балшықтан өрнегі қарапайым жазық модельдер илеу. Қажетті шаблондар ою және ағаш қалыптар әзірлеу. Жазық модельдердің гипсті негіздерін созу. Тегіс бетті жазық гипс модельдерін, сондай-ақ өрнегі қарапайым жазық модельдерді жинақтау. Гипстен сухарьлар, тамшылар, моншақтар модельдерін және басқа да тәріздес шағын бұйымдар ою. Гипс модельдердің үстінен қарапайым өрнек ою. Тегіс бетті жазық және ауқымды модельдерді, сондай-ақ өрнегі қарапайым жазық модельдерді тегістеу.

Білуге тиіс. Архитектуралық бөлшектердің түрлері және олардың құрамдас бөліктері, жапсырмалы өрнектің түрлері, модельдер жасауда қолданылатын материалдардың қасиеттері, олардың сапасына қойылатын талаптар, станоктар құрылғыларының негіздері және модельдер бөлшектерін созуға арналған айлабұйымдар.


91. Сәулеттік бөлшектерді модельдеуші 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балшық пен пластилиннен өрнегі күрделі жазық модельдер илеу. Көлемді модельдердің бөлшектерін созу, жону және ою. Өрнегі күрделі гипс модельдерін, сондай-ақ өрнегі қарапайым көлемді модельдерді жинақтау. Гипс модельдеріне күрделі ою-өрнектер ою. Өрнегі күрделі көлемді модельдерді тегістеу.

Білуге тиіс. Күрделі архитектуралық бөлшектерді құрастыру тәсілдері, күрделі жапсырма өрнегін композициялау ережелері.


92. Сәулеттік бөлшектерді модельдеуші 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Балшық пен пластилиннен өрнегі ерекше күрделі көлемді модельдер илеу. Өрнегі ерекше күрделі гипс модельдерін, сондай-ақ өрнегі күрделі көлемді модельдерді жинау. Гипс модельдерге аса күрделі өрнектер ою. Өрнегі аса күрделі көлемді модельдерді тегістеу.

Білуге тиіс. Аса күрделі архитектуралық бөлшектерді құрастыру тәсілдері, аса күрделі жапсырмалы өрнекті композициялау ережесі.


Мозаикашы


93. Мозаикашы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алдын-ала белгіленген рецепт бойынша цемент ерітіндісін және мозаикалық масса әзірлеу. Үстіне мозаикалық масса төселетін тұғырларды керту және тегістеу. Мозаикалық едендерді қолмен жылтырату.

Білуге тиіс. Мозаикалық жабындарды салу кезінде қолданылатын негізгі материалдардың түрлері, тұғырлар беттерін керту мен тегістеу тәсілдері, мозаикалық массаны әзірлеу технологиясы, мозаикалық жабындарды салу кезінде ылғалдылық режимін қамтамасыз ету тәсілдері.


94. Мозаикашы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еденнің мозаикалық жабындарын салу кезінде дайын белгілер бойынша маяк тақтайшасының деңгейіне қарап төсеу. Нығыздамамен қоса астарлы қабатты төсеу. Мозаикалық едендерді беті тегістелгенше қолмен әрлеу. Мозаикалық беттерді цементті ерітінді арқылы бітеу. Едендерді жылтыратқыш машиналар арқылы жылтырату. Сәулеттік әшекейлеу бөлшектерін жасауға арналған қалыптарды жинау, бөлшектеу және тазарту. Цемент ерітіндісін қолмен төсеу, еден бетіне ұнтақтарды себу, ерітінді қабатындағы ұнтақтарды нығыздау.

Білуге тиіс. Мозаикалық жұмыстарда қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, жабын беттерін өңдеу кезінде қолданылатын абразивтердің түрлері мен қасиеттері, маяк таяқшаларын төсеу тәсілдері, жылтырату машиналарының құрылғысы.


95. Мозаикашы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еден бетіндегі әрлегіш мозаикалық қабатты төсеу және нығыздау. Жабын беттерін асу және маяктар орнату. Орналасуын белгілей отырып тік сызықты және лекалолық жолақтар басу. Әртүрлі түстегі мозаикалық құрамдарды едендерге және сәулеттік бөлшектерге төсеуге арналған орындарды бөліп қою, уақытша жақтаулар орнату. Полимерцементқұмды едендердің құрылғысы. Тік сызықты беттерді механикаландырылған аспап арқылы жылтырату. Жазық архитектуралық әшекейлеу бөлшектерінің (плинтустардың, галтельдердің, тұтқалардың және т.б.) мозаикалық жабындарының құрылғысы.

Білуге тиіс. Мозаикалық едендер түрлерін және архитектуралық әшекейлеу бөлшектері түрлерін, тік сызықты беттерді бөліп қою ережесі, шыны, мәрмір және металл жолақтарын төсеу тәсілдері, мозаикалық едендердің бетіне және архитектуралық әшекейлеу бөлшектеріне қойылатын талаптар.


96. Мозаикашы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты беттерде әрлегіш мозаикалық қабатты төсеу және тығыздау. Мыс және жез жолақтарын дайындау. Жуан шыныдан лекалолық жолақтар кесу. Жолақтар төсей отырып суретті бөліп қою. Қисық сызықты мозаикалық архитектуралық бөлшектер құрылғысы. Қисық сызықты беттерді тегістеу және жылтырату.

Білуге тиіс. қисық сызықты беттерді әзірлеу және асу тәсілдері, қажетті түстегі масса алу үшін бояғыштарды мөлшерлеу тәртібі, отырғызылған мозаика үшін қолданылатын тастың қасиеттері, суретті құрастыру ережесі, ерітінді әзірлеуге қажетті жабдықтың құрылғысы.


97. Мозаикашы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суретшінің суреттері мен сұлбалары бойынша көркем-сәндік мозаикалық жабындар құрылғысы. Мәрмәр сынықтарынан, жылтыратылған граниттен, смальтадан тікелей ерітіндіге төселетін мозаикалық жабындар құрылғысы. Мозаикалық едендер мен архитектуралық бөлшектерді реставрациялау.

Білуге тиіс. Көркем-сәндік жабындарға арналған беттерді белгілеу және бөліп қою тәсілдері, суреттер мен эскиздер бойынша сәндік жабындар салу тәсілдері, көне мозаикалық едендер мен архитектуралық әшекейлеу бөлшектерін қалпына келтіру (реставрациялау) тәсілдері.


Гидроагрегаттар монтажшысы


98. Гидроагрегаттар монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты бумадан және консервілерден босату. Шаблон бойынша бөлшектерді белгілеп қою. Сылдырмақ пен қол бұрғымен саңылаулар бұрғылау. Бұрандамалық және ернемек жалғауларын жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Астарлар мен аралық төсемдер әзірлеу. Металл құрылымдарын түзету. Түйіспелерді монтаждық бұрандалармен бекіту.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату және оны консервациядан ағыту, қолданылатын материалдар сортаменті, күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау, қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі.


99. Гидроагрегаттар монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орта деңгейлі жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын техникалық қарау. Фундаменттік бұрандалар мен анкерлік плиталар, желдеткіш келтеқұбырларын және генератор торларын орнату. Дренаждау құрылғыларын, баспалдақтар, қорғағыш қаптамалар, турбиналар қоршауларын монтаждау. Ротор білдегін престеу. Барлық түрдегі белгілерге бандаждар салу. Турбинаның бағыттаушы аппаратының вакуумды суыру клапанын, қалақшаларын, подшипниктерін, тұтқаларын және сақиналарын, жұмысшы дөңгелекті асуға арналған консольдерді, өрт сөндіру жүйесін және генератордың ауа ажыратқыш қалқандарын орнату. Статор орамасының түйіспе жерлерін қалайылау. Статор мен роторда қалайылаудан кейінгі түйсіпе орындарын тазарту. Статордың ықтарына оқшаулау аратөсемдер мен қадалар орнату. Қоздыру жүйесінің щеткелік аппаратын орнату. Жабдықтар тораптарының жиектерін дәнекерлеуге дайындау. Жабдық беттерін және пісірілген жерлерді тегістеу. Пісірілген жік жерлерінің ақаулықтарын анықтау.

Білуге тиіс. Монтаждалатын жабдықтың құрылғысы және оны монтаждау технологиясы, монтаждалатын жабдық астына фундаменттердің мөлшерлерін тексеру тәсілдері, жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты қолдану ережесі.


100. Гидроагрегаттар монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Монтаждалатын жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын техникалық тексеру. Реттегіш сақинаны монтаждау. Саңылауларды реттей отырып, бағыттаушы аппараттың қалақшаларын асу. Май сорғыштары бар реттеу жүйесінің май қысымды қондырғысын монтаждау. Комбинатордың және регулятордың кері байланыстарын жинақтау. Генератордың, май салқындатқыштардың және ауа салқындатқыштардың тежеу жүйесін монтаждау. Подпятниктің майлы ванналарын жинақтау. Тік сорғылардың жұмыс дөңгелегін жинақтау. Орамалардың түйіспе орындарын оқшаулау және оларды лакпен сырлау. Ротор мен статордың фазалық қосқыш құрылғыларының түйіспелерін қалайылау. Қосалқы жабдықты монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және орнын ауыстыру тәсілдері, монтаждауға арналған фундаментті және жабдықты орнату орындарын тексеру және қабылдау ережесі, монтаждалатын жабдықты теңгерімдеу, центрлеу, тексеру және реттеу тәсілдері, майлау жүйесінің қолданылу принципі, агрегаттарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар және белгіленген рұқсатнамалар, күрделі жабдықты пайдалануға қосу ережесі.


101. Гидроагрегаттар монтажшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спиральді камераларды монтаждау. Подпятникті монтаждау, подпятник дискісінің перпендикулярлығын және білек осін дұрыстау. Генератор роторын жинау. Ротор төлкесін генератордың білдегіне тағу. Тік сорғыларды және олардың электрқозғалтқыштарын монтаждау. Фундаментті сақиналарды, бағыттаушы аппараттардың сақиналарын, подшипниктерді монтаждау. Сервомоторларды, золотник блоктарын және клапандар блоктарын монтаждау және баптау. Статор орамасын монтаждау. Капсульді агрегаттар подпятниктерінің тығыздамаларын әзірлеу. Агрегаттарды жеке сынақтарға дайындау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты монтаждау, оны реттеу және баптау ережелері.


102. Гидроагрегаттар монтажшысы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Капсулаларды монтаждау. Агрегаттар білдектерін центрлеу және бір-біріне біріктіру және олардың ортақ сызығын өлшеп тексеру. Реттеу жүйесін монтаждау. Статорлар мен қоздыру жүйесін монтаждаушы. Турбиналар статорларын, жұмысшы дөңгелек камераларын, жұмысшы дөңгелектерді монтаждау. Агрегаттарды жеке сынақтан өткізу.

Білуге тиіс. Бірегей жабдықты монтаждау тәсілдері, пайдалануға қосу кезінде агрегаттар мен машиналарды пайдалануға қосу ережесі.

Арнаулы орта (кәсіби) білім талап етіледі.


Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы


103. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Реттегіш микропроцессорлық контроллерлерді, процессорларды, шығарылатын терминалдарды, модемдерді бумалардан шығару консервациядан босату. Кабельді канализацияда полиэтиленді қорғағыш түтіктерде, қораптарда және қабырға үстімен қапсырмалармен жабыстырып талшық-оптикалық кабельдер өткізу.Ұштары оптикалық қосылыстармен бітелген бірталшықты кабельді өткізу. Объектілі талшықты-оптикалық кабельдер өткізу.

Білуге тиіс. Оптикалық талшық бойынша жарық сигналының берілуінің негізгі прициптері, жобалау құжаттамамен жұмыс істеу ережесі, микропроцессорлық аппаратураны және олардың блоктарын бумасынан босату, пистолеттің монтаждау-поршеньдерінің және перфораторды пайдаланудың құрылғысы мен ережесі, талшықты-оптикалық кабельдердің үлгілері мен конструкциялық ерекшеліктері, талшықты-оптикалық және электр кабельдерін өткізу технологиясы, моментті шығыршаны және бұралуға қарсы құрылғыны қолдану ережесі, талшықты-оптикалық кабельдерді таңбалау тәсілдері, талшықтық-оптикалық кабельдерді өткізуде және таңбалауда қолданылатын бұйымдар мен материалдардың номенклатурасы.


104. Микропроцессорлық және талшықты-оптикалық

техниканың монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріндегі басқарушы шағынпроцессорлық контроллердерді орнату және іске қосу. Микропроцессорлық техниканы жерге қосу жүйесін монтаждау. Талшықты-оптикалық кабельдерді бөлшектеу және оптикалық талшықтарды дәнекерлеуге және өлшемдерді келтіруге дайындау. Көп модты және бір модты оптикалық талшықтарды пісіру, дәнекерленген орындарды қорғау. Талшықты-оптикалық кабельдерде түйістіру муфталарын және коммутациялық құрылғыларды монтаждау.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница