Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница7/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

Машиналарды басқару кезінде:

3-разряд

1) Шағын механикаландыру құралдары: қорыту көлемі 425 л. дейінгі жылжымалы бетон араластырғыштар, көтергіштер мен шахталық, ерітінді насостары, қорыту көлемі 425 л. дейінгі жылжымалы ерітінді жеткізгіштер, электр шығырлар;

2) Қозғағышының ішкі жану қуаты 37 кВт дейінгі (50 а. к. дейінгі) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары.

4-разряд

1) Автомұналарар мен көтеру биіктігі 15 м. дейінгі автогидрокөтергіштер;

2) Өнімділігі 3 м²/мин. дейінгі автокомпрессорлар;

3) Ауасыз жоғары қысымды шаңдату агрегаттары;

4) Өнімділігі 10 м²/мин автокомпрессорлар жылжымалы;

5) Жүк көтерімділігі 6,3 т автомобиль крандары;

6) Стационарлық жағдайларда газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;

7) Шағын механикаландыру құралдары: өнімділігі 20*/сағ. дейінгі бетон насос қондырғылары, қорыту көлемі 425-тен 1200 л. дейінгі жылжымалы бетон араластырғыштар, сыршылар мен жылжымалы сылақ стансалары; жүк-жолаушы көтергіштер, қорыту көлемі 325-тен 750 л. дейінгі жылжымалы ерітінді араластырғыштар;

8) Диаметрі 1200 мм. дейінгі құбырларды майыстыруға арналған жылжымалы құбыригіш қондырғылар;

9) Жоғары және төмен қысым қондырғылары – қуаты 43 кВт (60а.к. дейінгі) бар қондырғылары;

10) Қозғағышының ішкі жану қуаты 37-ден 73 кВт дейінгі (50-ден 100 а. к. дейінгі) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;

11) Қозғағышының қуаты 37 кВт дейінгі (50 а. к. дейінгі) жылжымалы электр стансалары.

5-разряд

1) Өнімділігі 40м²/сағ. дейінгі автобетон насостары;

2) Автомұналарар мен көтеру биіктігі 15 м. асатын автогидрокөтергіштер;

3) Автогудронаторлар;

4) Өнімділігі 3 м²/мин. асатын автокомпрессорлар;

5) Бұрғылау тереңдігі 6 м. дейінгі бұрғылау және өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналары; автоямобурлар;

6) Өздігінен жүретін гидросеялакалар;

7) Жерқазу-фрезер машиналары – дренаж машиналары;

8) Суңгуірлерге ауа беруге арналған компрессорлар;

9) Өнімділігі 10-нан 50 м²/мин. дейінгі автокомпрессорлар;

10) Коперлер;

11)Жүк көтерімділігі 6,3 –тен 10 т. дейінгі автомобиль крандары (ерекше);

12) Трасса жағдайларында диаметрі 800 мм. дейінгі газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;

13) Күрделі арматура құрылымдарын дайындауға арналған механикаландырылған тартпалы құралдары;

14) Жылжымалы (сырғығыш) қораманы көтеру жөніндегі механикаландырылған жабдық.

15) Шағын механикаландыру құралдары: өнімділігі 20*/сағ. жоғары бетон насос қондырғылары, қорыту көлемі 1200-ден 2400 л. дейінгі жылжымалы бетон араластырғыштар;

16) Диаметрі 1200 мм. жоғары құбырларды майыстыруға арналған жылжымалы құбыригіш қондырғылар;

17) Қозғағышының қуаты 73 кВт дейінгі (100 а. к. дейінгі) құбыр тазалау машиналары;

18) Қозғағышының қуаты 73 кВт дейінгі (100 а. к. дейінгі) құбыр төсегіштер;

19) Нығыздаушы және планировкалаушы-нығыздаушы машиналар;

20) Жоғары және төмен қысым қондырғылары: қуаты 43-тен 73 кВт жоғары (60-тан 100 а.к. жоғары) трактордағы бар қондырғылары;

21) Өнімділігі 60м²/сағ дейінгі бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;

22) Қозғағышының ішкі жану қуаты 73-тен 110 кВт дейінгі (100-ден 150 а. к. дейінгі) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;

23) Қозғағышының қуаты 37 кВт жоғары және 110 кВт дейінгі (50-ден 150 а. к. дейінгі) жылжымалы электр стансалары.

6-разряд

1) Өнімділігі 40-тан 60 м²/сағ дейінгі автобетон насостары;

2) Автомұнаралар мен көтеру биіктігі 55 м. жоғары автогидрокөтергіштер;

3) Битум ерітетін жылжымалы қондырғылар;

4) Бұрғылау тереңдігі 6 м. жоғары бұрғылау және өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналары;

5) Өздігінен жүретін жерқазу-фрезер машиналары;

6) Өнімділігі 50-ден 70 м²/мин. асатын автокомпрессорлар;

7) Магистральді газ-мұнай өнімдері құбырларын пісіруге арналған контактілі-пісіру қондырғылары;

8) Универсальді коперлер, кран-коперлер, өздігінен жүрмейтін жүзбелі коперлер;

9) Жүк көтерімділігі 10-нан 20 т. дейінгі автомобиль крандары;

10) Трасса жағдайларында диаметрі 800-ден 1000 мм. дейінгі газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар (ерекше);

11) Қозғағышының қуаты 73 кВт жоғары (100 а. к. жоғары) құбыр тазалау машиналары;

12) Қозғағышының қуаты 73 кВт жоғары (100-ден жоғары 140 а. к. дейінгі) құбыр төсегіштер;

13) Жоғары және төмен қысым қондырғылары қуаты 73 кВт жоғары (100 а.к. жоғары) трактордағы бар қондырғылары;

14) Өнімділігі 80м²/сағ дейінгі бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;

15) Бұрғылау диаметрі 500 мм. дейінгі су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау жөніндегі қондырғылар;

16) Қозғағышының ішкі жану қуаты 110 кВт жоғары (150 а. к. жоғары) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;

17) Қозғағышының қуаты 110 кВт жоғары және 175 кВт дейінгі (150-ден 240 а. к. дейінгі) жылжымалы электр стансалары.

7-разряд

1) Өнімділігі 60-тан 180м²/сағ. дейінгі автобетон насостары;

2) Автомұналарар мен көтеру биіктігі 35 м. асатын автогидрокөтергіштер;

3) Бұрғылау диаметрі 400-ден 1200 мм. дейінгі бұрғылау және өздігінен жүретін қозғағышының қуаты 100-180 а.к. бұрғылау-кран машиналары;

4) Өнімділігі 70²/мин. жоғары компрессорлар;

5) Коперлер (өздігінен жүретін қондырғылар);

6) Жүк көтерімділігі 20-дан 40 т. дейінгі автомобиль крандары;

7) Трасса жағдайларында диаметрі 1000-ден 1200 мм. дейінгі газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар (ерекше);

8) Қозғағышының қуаты 100-ден 145 кВт дейінгі (140-тан 200 а. к. дейінгі) құбыр төсегіштер;

9) Өнімділігі 80-нен 120 м²/сағ дейінгі бетон және топырақ қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;

10) Бұрғылау диаметрі 500-ден 1000 мм. дейінгі су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау жөніндегі қондырғылар;

11) Қозғағышының қуаты 175 кВт жоғары (240 а. к. жоғары) жылжымалы электр стансалары.

8-разряд

1) Өнімділігі 180м²/сағ. дейінгі автобетон насостары;

2) Жүк көтерімджлігі 40-тан 60 т. дейінгі автомобиль крандары;

3) Трасса жағдайларында 1200 мм. және одан жоғары газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;

4) Қозғағышының қуаты 145-тен 220 кВт дейінгі (200-ден 300 а. к. дейінгі) құбыр төсегіштер (ерекше);

5) Өнімділігі 120 м²/сағ. бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;

6) Бұрғылау диаметрі 1000 мм. жоғары су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау жөніндегі қондырғылар.

7-8-разряд беру үшін орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.

Ескерту. АБКС типтес мұнаралы кранның машинисі кранның жүк көтерімділігі осындай болған кезде бір разряд жоғары тарифтеледі.


Машинист (қада ұру және сіңіру машинасының)


82. Машинист (қада ұру және сіңіру машинасының) 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қада негіздемелерін, шпунтты және причальді қоршауларды, тіреу қабырғалар мен басқа да ұқсас құрылыстарды орнату кезінде қадаларды ұру және сіңіру үшін қолданылатын әртүрлі типтегі және нысандағы машиналарды басқару. Машинаға техникалық қызмет көрсету, оның жүйелері мен тораптарының дұрыстығын тексеру. Жанар және жағармай құю. Жұмыс режимін таңдау. Машинаның жұмыс механизмдерін берілген режимге реттеу. Қызмет көрсетілетін машиналардың ақауларын анықтау және жою. Алдын ала жөндеу және жөндеудің басқа түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен техникалық сипаттамалары, оларды пайдалану, техникалық баптау және жөндеу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, жұмысты жүргізу технологиясы, жанар және жағармай, электр энергиясын жұмсау нормалары, майлар мен отынның маркалары мен қасиеттері, орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар, электротехника негіздері.

Машиналарды басқару кезінде:

5-разряд

1) Қозғағыш қуатының күші 73 кВт дейінгі (100 а.к.) өздігінен жүретін қадаларды дірілмен батырушы сіңіргіштер;

2) Коперсіз дірілмен сіңіргіштер;

3) Коперсіз дизель-балғалар.

6-разряд

  1. Қозғағыш қуатының күші 73 кВт жоғары (100 а.к. жоғары) өздігінен жүретін қадаларды дірілмен батырушы сіңіргіштер.

7-разряд

Өздігінен жүретін копер қондырғылар.

6-7-разрядтар беру үшін орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.


83. Машинист (топырақты су астында әзірлеу және

гидротасымалдау машиналары) 9-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арналарды салу, гидротехникалық және өнеркәсіп құрылыстарын, өзендердің түптереңдері мен жабық су көздері құрылысы кезінде топырақты су астында әзірлеу және гидротасымалдау үшін қолданылатын әртүрлі типтегі және нысандағы машиналарды басқару. Машинаға техникалық ықзмет көрсету, оның жүйелері мен тораптарының ақауларын тексеру. Машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Жоспарлы-алдын алу жөндеулеріне қатысу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналардың нысаны мен құрылымы, оларды пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, гидромеханикаландыру жұмыстарын жүргізу тәсілдері және олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, ішкі өзен жолдары бойынша кеме жүру ережелері, кемелердің айрықшалық жарықтары, негізгі дабылдары, кемедегі такелаж жұмыстарының өндіріс ережесі.

Машиналарды басқару кезінде:

4-разряд

1) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 2000 м²/сағ. топырақнасос қондырғыларының механикалық жабдығы;

2) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 2000 м²/сағ. топырақнасос қондырғыларының электр жабдығы.

5-разряд

1) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін өнімділігі 2000 м²/сағ. топырақнасос снарядтары.

2) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 2000-нан жоғары және 4000 м²/сағ. топырақнасос қондырғыларының механикалық жабдығы.

3) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 2000-нан жоғары және4000 м²/сағ. топырақнасос қондырғыларының электр жабдығы.

6-разряд

1) Гидромониторлы- эжекторлы жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтар.

2) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін өнімділігі 2000-нан жоғары және 4000 м²/сағ. снарядтар.

3) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 4000 м²/сағ. жоғары топырақнасос қондырғыларының механикалық жабдығы.

4) Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядтардың және өнімділігі 4000м²/сағ. жоғары топырақнасос қондырғыларының электр жабдығы.

Жер соратын, жүзбелі өздігінен жүрмейтін өнімділігі 2000-нан жоғары және 4000 м²/сағ. жоғары снарядтар.

Орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.


Бульдозер машинисі


84. Бульдозер машинисі 10- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль және теміржолдарды, суару және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршаулық жер дамбыларын, ғимараттар мен құрылымдардың астына қазаншұңқыр, электр беру және контакт желісі линияларының тіреуін, жер асты коммуникацияларына арналған траншеялар, суағызу кюветтері мен басқа да ұқсас құрылыстарды салу кезінде шұқанақ, үйінді, резервтер, кавальерлер мен банкеттер жасау кезінде топырақты әзірлеу, орнын ауыстыру және жоспарлау. Бульдозердерді қарау және оларға жанар, жағармай құю. Қажалатын бөлшектерін майлау. Алдын ала жөндеу және басқа да жөндеулерге қатысу.

Білуге тиіс. Бульдозердің құрылымы, техникалық сипаттамасы және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бульдозерді пайдалану, аспалы жабдықты монтаждау және бөлшектеу тәсілдері, түрлі санаттағы тереңдігі әртүрлі топырақыт әзірлеу және орнын ауыстыру ережесі, үймелерді қабатымен түсіру тәсілдері, берілген бейіндер мен белгілемелер бойынша шұқанақтарды әзірлеу, үймелерді түсіру және алаңдарды жоспарлау ережесі, жанар, жағармай материалдарының маркалары мен жұмсау нормалары, іштен жану қозғағыштарын майлау, қоректендіру және суыту жүйелері, ақаулардың туындау себептері мен оларды жою тәсілдері.

Қозғағышының қуаты 43 кВт дейінгі (60 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде - 4-разряд

Қозғағышының қуаты 43-тан жоғары 73 кВт дейінгі (60 а.к. жоғары және 100 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде - 5-разряд

Қозғағышының қуаты 73тен жоғары 150 кВт дейінгі (100 а.к. жоғары және 200 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде - 6-разряд

Қозғағышының қуаты 150-ден жоғары және 280 кВт дейінгі (200 а.к. жоғары және 380 а.к. дейінгі) бульдозерді жүргізу кезінде - 7-разряд

Қозғағышының қуаты 280 кВт жоғары (380 а.к. жоғары) бульдозерді жүргізу, бульдозерді су астында қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істеу кезінде - 8-разряд

Ескерту. Тау-кен және күрделі тау-кен жұмыстарын, сондай-ақ сипаттамада көрсетілмеген барлық жұмыстарды орындаумен айналысатын бульдозер машинистері БТБА, 4-шығарылымының «Таукен және күрделі тау-кен жұмыстары» бөлімі бойынша тарифтеледі.


Таңбалау машинасының машинисі

85. Таңбалау машинасының машинисі 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль жолдарының жол жабындарын біркомпонентті бояумен белгілеу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару. Белгілеу материалын белгілеудің технологиялық процесін ескере отырып дайындау. Таңбалаушы құрылымды жолдың берілген еніне ыңғайлау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді алдын ала жөндеу. Шлангілерді, су құбырларын, ажырату дискілерінің форсункаларын бояу қалдықтарынан жуу.

Білуге тиіс. Таңбалау машиналары механизмдерінің құрылымы, оларды пайдалану және алдын ала жөндеу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, таңбалаушы материалдарды жағу технологиясы, таңбалаушы лак-бояу материалдар мен ерітушілердің қасиеттері, жұмыстың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жол қозғалысы ережесі.


86. Таңбалау машинасының машинисі 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль жолдарында белгілеу және таңбаларды жою жұмыстарын орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару. Жол жабындарын таңбалаушы материалдардың түр-түрлерімен белгілеудің технологиялық процесін жүргізу. Қолданылатын бояуды алдын ала араластыру, қажет болған кезде оның консистенциясын талап етілетін тұтқырлыққа жеткізе отырып анықтау. Таңбалау машинасының бактарын толтыру. Штрихтарды бөлудің электронды бағдарлама блогін дайындау және реттеу. Белгіні жағу және берілген техникалық тапсырманың қамтамасыз етілу процесін қадағалау.


87. Таңбалау машинасының машинисі 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бояулар мен жарық қайтарғыш элементтері бар материалдармен белгі қою жұмыстарын орындау кезінде таңбалау машинасының механизмдерін басқару. Штрих сызықтарын автоматтандырылған түрде салу жүйесін, жылутасымалдағыштың температурасын бақылау және реттеу жүйесін жұмысқа әзірлеу және баптау.

Салынған сызықтардың осьаралық арақашықтығы мен таңбалау материалдардың салынатын қабатын бақылап өлшеу. Электропневмогидравликалық және механикалық жабдықты баптау, реттеу және оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс. Таңбалау машинасының құрылғысы, оның өзара әрекет етуінің принципі және пайдалану ережелері, электропневмогидравликалық және механикалық жабдықты баптау және реттеу ережесі, бақылау-өлшегіш аспаптардың мақсаты және қолданылу принципі, бояулардың, термопластикалық материалдардың және жарық қайтарғыш элементтердің физикалық-химиялық қасиеттері, оларды басу шарттары мен технологиясы, механизмдер жұмысындағы ақаулылықтардың пайда болуының себептері және оларды жою тәсілдері.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница