Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница5/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Орташа арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.


Қышқылға төзімдегіш-винипластикші


50. Қышқылға төзімдегіш-винипластикші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерге арналған контрукциялық пластмасса бөлшектер мен бұйымдарды шаблон бойынша дискілі және ленталы араларда белгілеп кесу. Контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды У- және Х үлгілік жіктермен, білікшемен, және тік немесе жазық жағдайда асырып және тік тоғыстырып қайырмалау. Қиықжиектерді түсіру. Қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды жасау және құрастыру. Қарапайым аппараттар мен жабдықтарды винилпластпен, асбовинилмен, фаолитпен, полиэтиленмен орап жабу. Контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды жылыту шкафында термиялық өңдеу. Пластикатты еденге, басқыш алаңдарына төсеу.

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған жартылай фабрикаттардың түрлері мен негізгі қасиеттері, пісіру шілтерінің, дискілі және ленталы аралардың құрылымы, контрукциялық пластмассаны пісіру және контрукциялық пластмассадан жасалған парақтар мен құбырларды термиялық өңдеу тәсілдері, қарапайым аппараттар мен жабдықтарды винилпластпен, асбовинилмен, фаолитпен, полиэтиленмен орап жабу тәсілдері.


51. Қышқылға төзімдегіш-винипластикші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді белгілеу және пішу. Винипласты пластикпен пісіру. Бұйымдарды орамдық полимерлік материалдармен нығайту. Контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдардың бөлшектері мен бөліктерін қиюластыру және құрастыру. Күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарды винилпластпен, асбовинилмен, фаолитпен және полихлорвинилді пластикатпен орап жабу. Күрделілігі орташа бұйымдарды кез келген ыңғайда пісіру, контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдар мен бөлшектерді қалыптау. Винипласт құбырларының ажыратпалы қосындылары мен ішпектерді қаңқақа орнату. Шикі фаолиттен су құбырларының фасонды бөліктерін дайындау және құрастыру. Берілген режим бойынша орау материалдарымен нығайту кезінде полимерлеу. Пластикатты төселген жерінде қол шілтерімен салыстыру. Платикат көмкермесін қабырғаға бекіту, баспалдақ марштарына төсеу.

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдардың бөлшектері мен бөліктерін құрастыру тәртібі, винипласт құбырларының ажыратпалы қосындыларының түрлері, кониялық және цилиндрлі бөлшектер мен аппаратураларды пішу, контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдар мен бөлшектерді қалыптау мен пресстеу тәсілдері, полимерлеу камераларының құрылымы және орап жабатын полимер материалдарын полимерлеу режимі, күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарды орап жабу тәсілдері, пластикатты төселген жерінде пісіру тәсілдері, поршеньді монтаждау пистолеттерінің құрылымы және оларды пайдалану ережесі.


52. Қышқылға төзімдегіш-винипластикші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конфигурациялық пластмассадан күрделі жабдықтар мен аппаратураларға бұйымдар мен бөлшектерді белгілеу және пішу. Күрделі аппараттар мен «Вакуум-сүзгі» типтес жабдықтарды желілермен және бөлшектермен жиынтықтау. Орнына қойылған винипласт ішпектерді қиюластыру. Винипласт құбырларды металл фланецтерге пресстеу және көмкеру. Винипласт фитингтерді дайындау. Контрукциялық пластмассадан жасалған күрделі конфигурация бұйымдарды барлық ыңғайда пісіру. Штуцерлер мен люктерді қосып пісіру. Винипласттан ортадан тебу насостарының жекелеген түйіндері мен вентильдерді, жабу крандарын (токар-фрезер жұмысынсыз) жасау. Күрделі конфигурация қабаттарын винилпластпен, асбовинилмен, фаолитпен және полихлоровинилді пластикатпен орап жабу. Шаблондарды дайындау.

Білуге тиіс. Күрделі аппараттарды контрукциялық пластмассадан жасалған бөлшектермен және желілермен жиынтықтау тәртібі, күрделі конфигурация қабаттарын винилпластпен, асбовинилмен, фаолитпен және полихлоровинилді пластикатпен орап жабу тәсілдері, пісіру жұмыстарын орындау ережесі.


53. Қышқылға төзімдегіш-винипластикші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Контрукциялық пластмассадан жасалған аса күрделі конфигурация бөлшектер мен бұйымдарды белгілеу, пішу және дайындау. Лекало мен шаблондарды дайындау. Аса күрделі қабаттарды пластикатпен, винилпластпен, асбовинилмен және фаолитпен орап жабу. Винипласттан аса күрделі конфигурацияларды: вакуум насостарын, вентильдерді, вентиляторларды, жасанды талшық иіру машиналарына ерітіндіге арналған ванналарды, тұзсыздандыру қондырғыларын және т.б. құрастыру.

Білуге тиіс. Контрукциялық пластмассадан жасалған аса күрделі бұйымдар мен бөлшектерді белгілеу, пішу және құрастыру тәсілдері, контрукциялық пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеудің, формалаудың, қалыптаудың және престеудің температуралық режимдері, ерекше күрделі қабаттарды орап жабу тәсілдері, пісірілген бұйымдардың және орау жабындарының сапасын детектордың көмегімен бақылау.


54. Қышқылға төзімдегіш - гуммирлеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үстіңгі қабатты тазарту, майсыздандыру және жуу. Құм ағыншаларын тазалау үшін құм елеу. Құбырларды, фитингілер мен басқа да бөлшектерді баритпен немесе құммен толтыру. Вулкандаушы қазандықтарды толтыру және босату. Каландрлендірілген резинаны, полиизобутиленді тазарту және оларды желіммен майлау.

Білуге тиіс. Гуммерлеу кезінде қолданылатын негізгі материалдар, метал және ағаш қабаттарды гуммерлеуге дайындау тәсілдері, вулкандатылған қазандықтарды толтыру тәртібі.


55. Қышқылға төзімдегіш- гуммирлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гуммерлеу үшін бұдырлау. Гуммерлеу жұмыстарына арналған хлорлы кальций, желім ерітіндісі мен өздігінен вулкандалатын герметикті дайындау. Гуммерленген ескі қабатты түсіру. Металл қабатын желіммен майлау. Аппаратура мен бөлшектерді вулкандату қазанында белгіленген режим бойынша жылыту. Каландрлендірілген резинаны қосарлау. Резина және полиизбутиленді парақтарды қарапайым конфигурация қабатына жеткізу.

Білуге тиіс. Вулкандату қазандары мен желімараластырғыш құрылымы, түрлі концентрациядағы резина желімдері мен өздігінен вулкандалатын герметикті дайындау рецепті және тәсілдері, аппаратура мен бөлшектерді жылыту режимі, гуммерлеу кезінде қолданылатын негізгі материалдар, метал және ағаш қабаттарды гуммерлеуге дайындау тәсілдері, вулкандатылған қазандықтарды толтыру тәртібі, каландрлендірілген резинаны қосарлаудың, қарапайым конфигурация қабаттарын гуммирлеудің және полиизбутиленмен және басқа да материалдармен қаптау тәсілдері.


56. Қышқылға төзімдегіш- гуммирлеуші 4- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кониялық және сферикалық қабаттарды резинамен қаптау. Тік және жазық қабаттарды үстінен асбестпен және полиизобутиленмен желімдеу. Резинаны және полиизобутилен парақтарын дайын пішіндеме мен шаблон бойынша конуске кесе отырып пішу. Викельдер мен шпонкаларды шприц-машинада дайындау. Полиизобутилен парақтарының жіктерін метал роликтерді жеткізе отырып пісіру. Резина және полиизобутилен қаптамаларын күрделілігі орташа конфигурациялы қабаттарға жеткізу. Ашық тәсілмен вулкандату. Өздігінен вулкандалатын герметиктің және хлоркаучук қабатына (нейриттерді) салу.

Білуге тиіс. Резинаның, полиизобутиленнің және өздігінен вулкандалатын герметик пен хлоркаучуктың (нейриттердің) қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар, кониялық және сферикалық қабаттарды қаптаудың және оларды рулонды материалдармен желімдеудің тәсілдері, Резинаны дайын шаблондар бойынша белгілеу және пішу ережесі, шприц-машина құрылымы, ісінуді жою тәсілдері, сыйымдылықтар мен бөлшектерді ашық вулкандатуға дайындау тәртібі, поршеньді монтаждау пистолеттерінің құрылымы және оларды пайдалану ережесі.


57. Қышқылға төзімдегіш- гуммирлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы аппаратураларды: арастырғышты, нутч-сүзгіні, аппараттардың алмалы қақпағын, мембаранлы вентильдерді және т.б. гуммирлеу. Құбырларды викельдердің көмегімен гуммирлеу. Аппаратураны вулкандатылған резинамен қаптау. Күрделі фигуралы қабаттарды резинамен желімдеу. Резинаға арналған шаблондар мен пішіндемелерді резинадан және полиизобутиленнен дайындау. Қазандарда қысыммен жабық тәсілмен вулкандату.

Білуге тиіс. Күрделі конфигурациялы аппараттар мен бөлшектерді гуммирлеу тәсілдері, бөлшектер мен аппаратураны қаптауға арналған резинаны белгілеу және пішу ережесі, вулкандату және қабаттарды резинамен қаптау сапасына қойылатын талаптар, гуммирлеу кезінде қолданылатын вулкандату қазаны мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы.


58. Қышқылға төзімдегіш- гуммирлеуші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі әртүрлі аппаратуралар мен жабдықтардың түрлерін: мұнараларды, үздіксіз жұмыс істейтін вакуум-сүзгіні, ортадан тепкіш насостарды, желдеткіштерді және т.б. гуммирлеу. Гуммирленген аппаратуралар мен жабдықтарды ыстық ауамен вулкандату. Гуммирлеу жұмыстарының сапасын бақылау.

Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурация қабаттарын гуммирлеу тәсілдері, гуммирленген аппаратуралар мен жабдықтарды ыстық ауамен вулкандату тәсілдері, гуммирлеу жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар.


Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы

59. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен жиынтықтау. Материалдар мен бұйымдарды орауын ашып, іріктеп-сұрыптай отырып қабылдау. Пәтерге немесе бөлмеге линолеумді, қаптама плитаны, құлыптарды, шпингалеттер мен т.б. материалдармен және бұйымдармен жиынтықтау.

Білуге тиіс. Құрылыс материалдарының номенклатурасы мен маркировкасы, оларды бүлінуден қоймалау тәсілдері, құрылыс нысандарын жиынтықтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, өлшеу аспаптары мен жабдықтарын қолдану ережесі, материалдар мен бұйымдардың жарамдылығын анықтау тәсілдері.


60. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын санитарлық - техникалық өндіріске және электромонтаж жұмыстарына арналған құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды орталық жылу, сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және канализация құбырларымен, фасонды бөліктермен және жабу арматурасымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды сым, кабельмен, стандартты шырағданмен, орнату жабдықтарымен, бекіту бөлшектерімен, қорғану құрылғыларымен және қоршаулармен жиынтықтау.

Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдарымен және бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы, құбырлардың, су құбыры мен арматураның түрлері мен сортаменті, сымдар мен кабельдердің негізгі маркалары, қара және түсті метал сортаменті, бекіту бөлшектері мен құрылымдарының негізгі түрлері.


61. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын жауапты және қымбат тұратын материалдарымен, ептілікті қажет ететін бұйымдармен, әртүрлі шыны түрлерімен, фаянс бұйымдарымен, кірістірілген жиһазбен, газ және электр плиталарымен, электр жабдықтарымен жиынтықтау. Материалдар мен және бұйымдардың есебін жүргізу. Қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдардың, бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы, аспаптар мен жабдықтар ережесі, қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу және жиынтықтаушы ведомостарды жасау ережес.і


Копровшы


62. Копровшы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Алаңдарды қадаларды, копр бөлшектерін және басқа да материалдарды қоймалауға жоспарлау. Қадалар мен копр бөлшектерінің орнын ауыстыру. Құрылымдарды монтаждау ілгектерінен инвентарь ілмектерімен ілмектеу.

Білуге тиіс. Такелаж жабдықтары мен жүк қармау айлабұйымдарының негізгі түрлері, қада жұмыстарын жүргізу кезінде дабылдату ережесі.


63. Копровшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қадалар мен диаметрі 0,6 мм. дейінгі қабықтарды ілмектеу, тарту және ілмектен ағыту. Вибротиегішті ілмектеу. Вибротиегішті переходникке немесе қабыққа бекіту және оны одан ағыту. Қамыттар мен басұштарды бекіту және алу.

Білуге тиіс. Қадалар мен қабықтарды артудың негізгі түрлері мен тәсілдері; шығырлардың, тальдардың, домкраттар мен басқа да такелаж айлабұйым құрылымының негіздері.


64. Копровшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еркін құлайтын балғасы бар универсалды емес копрларды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу. Қада мен шпунтты универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар жүзбелі копрмен қағу. Диаметрі 0,6 мм. асатын қабықтарды ілмектеу және ілмектен ағыту. Қабық тоғыспаларын болттау. Қадаларды вибратор басына апару. Копрларды жылжыту және бекіту. Винтті қадалардың орнын кран көмегімен ауыстыру. Қада мен шпунтты тальдың және шығырдың көмегімен суырып алу. Метал ұштарды қадалардың ұшталған басына отырғызу.

Білуге тиіс. Универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлшектеу тәсілдері, әртүрлі қадалар мен қабықтардың түрлерін тасымалдау, көтеру, оларды қада жебе және бағыттаушылардың ұштарына орнату және бекіту тәсілдері, шпунтты суырып алу кезінде бекіту тәсілдері, винтті қадаларды кранмен тасымалдау ережесі, қадалар мен қабық сапасына қоойылатын талаптар.


65. Копровшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Винтті тік және құлама қадаларды орнату және тексеру. Ұялы аралықтарды салу кезінде шаблондарды қайта орнату және тексеру. Темірбетон қадаларды булы, пневматикалық және дизельді балғасы бар копрлармен және вибробойлатқышпен жуумен және жуусыз тігінен қадау. Вибробойлатқышты орнату және алу. Универсалды копрларды құрастыру және бөлшектеу. Кранға ілінбе копр жабдығын орнату. Копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру. Қос әрекетті балғаның және вибробойлатқыш көмегімен қадалар мен шпунттарды суыру.

Білуге тиіс. Универсальді копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлектеу тәсілдері, кранға ілінбе копр жабдығын орнату тәсілдері, копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру тәсілдері, қадау кезінде қадалар мен қабықтарды жуу тәсілдері, бұрғы және ұрғы қадаларды орнату тәсілдері.


66. Копровшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қада негіздері мен шпунт линияларын дайын оқпандар бойынша орын бөлу. Винтті қадаларды кабестан мен қабық вибробойлатқышпен қадау. Кабестандарды құрастыру және бөлшектеу. Құлама қадаларды қадау.

Білуге тиіс. Қабықтарды, құлама және винтті қадаларды қадау тәсілдері мен ережесі, қада негіздемелері мен шпунт линияларын қойылған ескілері мен оқпандар бойынша бөлу ережесі, құлама қадаларды ұру кезінде копр тілінің еңісін тексеру ережесі; кабестандарды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу тәсілдері.


Металл шатырды шатырлаушы


67. Металл шатырды шатырлаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шатырдың болат парағының орауын жазу, тазалау және олифпен майлау. Парақтарды кесу. Қатарлы жабын суреттерін дайындау. Болат парақтан жасалған шатыр бөлшектеу.

Білуге тиіс. Шатырлық болат парақ түрлері, қатарлы жабын суреттерін қолмен дайындау тәсілдері, шатыр болатының олифін тазалау тәсілдері, шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі.


68. Металл шатырды шатырлаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір-екі еңісті шатырларды болат шатырмен жабу. Карниз еңісі мен қабырғалық наушалар үшін суреттер дайындау. Дайын тік учаскелерден, бунақтардан, бұрмалар мен астаушалы шұғынағынан суағар құбырлардың тік буындарын әзірлеу. Суағар наушаларды, қалпақтар мен зонттарды түтін және желдеткіш құбырларына орнату. Еңістерді, қосындылар мен тоғыспаларды, оның ішінде рулонды шатыр кезінде, шатырлық болат парағымен әдіптеу. Шатыр жабынының парақтарын ішінара ауыстыру.

Білуге тиіс. Шатыр болатының негізгі қасиеттері, қарапайым шатыр жабындарын белгілеу, жөндеу және құрастыру тәсілдері, суреттер дайындау және жабын бөлшектерін орнату ережесі, материалдар мен шатыр жабыны сапасына қойылатын талаптар.


69. Металл шатырды шатырлаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолық, Т- және Г-үлгілік жоспардағы шатырларды шатыр болаты парақтары мен металочерепицадан еңістерін әдіптей отырып орнату. Дефлекторларды дайындау және орнату. Цинктелген болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу. Суағар құбырларды ілу және ауыстыру. Металчерепицадан жасалған жабындар тұсына баспалдақ, жаяу жүргіншілер көпіршелері мен қар ұстағыштарды орнату.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница