Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница4/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Білуге тиіс. Негізгі оқшаулағыш құрылымдар мен жабындар, фактураланған бұйымдарды бекіту тәсілдері, тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарды оқшаулау кезіндегі плиталы материалдармен жұмыс өндірісінің ережесі, су құбырлары үстіңгі қабаттарының қисық сызықты учаскелеріндегі жабындарды дайын бөлшектермен монтаждау әдістері, қосу түрлері, арнаулы желімделгіш құрамдардың қасиеттері, тік және цилиндрлі үстіңгі қабаттарға битум мастикасы мен рулонды материалдарды төсеу тәсілдері, оқшаулау материалдары мен құрылымдардың сапасына қойылатын талаптар.


37. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды термооқшаулау жөніндегі күрделі жұмысты орындау.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.

Фланецті қосындыларды, вентильдерді, тегіс сферикалық және коникалық қабаттарды, жабдықтарды даналы бұйымдармен және мастикалармен оқшаулау, оқшаулауны өңдеу. Үстіңгі қабаттарды бүктемеленген фольгамен оқшаулау. Изоляция тысын өңдеу. Қисық сызықты қабаттарды асбест матрацтармен оқшаулау. Бұйымдарды кесуге арналған шаблондарды дайындау. Металл жабындардың мөлшерін сол жерінде түсіру. Картиналарды пішіндеу және дайындау. Картиналарды құрастыру және күрделі конфигурациялы метал жабындарды монтаждау. Температура тігістерін орнату және оқшаулауны оның қозғалмайтын тіреулермен және жабдық бөліктерімен түйіскен жерлерінде өңдеу. Қазандықтар мен құрғақбулықтардың от жағу және цилиндрлі бөліктерін оқшаулау. Күрделі конфигурациялы жабындарды қосарланған материалдармен, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдар негізіндегі материалдармен жабу. Оқшаулауды шаңдату және құю әдісімен жүргізу. Жауапты орындардағы оқшаулауды бөлшектеу.

Ыстық үстіңгі қабаттарды оқшаулау.

Изоляциялау плиталарынан сегменттерді кесуге арналған шаблондарды дайындау. Ірі блоктар мен тыстамалардан оқшаулау жабындарын құру. Ірі блоктар мен тыстамалардан жасалған оқшаулау жабындардың құрылымы. Оқшаулау бойымен тасу-оқшаулау машинасының (ТИМ) көмегімен сылақ жабындарын жағу. Тығынды плитканың фасонды бөліктерін оқшаулау. Тоңазыту камералары мен зертхана орынжайларын көп қабатты оқшаулау. Ғимараттар қабырға бөліктерінің қисық және томпақ бөліктерін «Термошуба» әдісімен және т.б. оқшаулау. Құбырлардың фланецті қосындыларын оларды оқшаулаулайтын жерде дайындай отырып, асбест матрацтармен оқшаулау. Мұнайгаз өнімдері құбырларының оқшаулау жабындарының қаусырмаларының қабат қалыңдығы мен біркелкілігін механикаландырылған жұмыс тәсілімен өлшеу.

Білуге тиіс. Оқшаулағыш бұйымдар мен қосарланған материалдармен, синтетикалық және табиғи полимерлер негізіндегі материалдан, минералды материалдардан жасалған жабын бөлшектерінің технологиясы, битум мастикаларының, ерітінділер мен желімдегіш құрамдардың құрамы, металл картиналарды орнында өлшеу, белгілеу және пішіндеу тәсілдері, оқшаулау жұмыстарын машиналар мен механизмдерді пайданала отырып жүргізу ережесі, шаблондар мен күрделі бұйымдарды пішу және дайындау тәсілдері, оқшаулау сапасын бақылауға арналған жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принциптері.


38. Термооқшаулаудағы оқшаулаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдарды, су құбырлары мен технологиялық жабдықтарды термоизоляциялау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау. Аса күрделі конфигурациялар – турбиналар мен машиналардың, П-үлгісіндегі және лироүлгідегі компенсаторлардың қосарланған қисықтарының ыстық және суық үстіңгі қабаттарын оқшаулау. Эскиздерді жасау және солар бойынша үлгі пішу. Металдан, қосарлы материалдан, синтетикалық полимер негізіндегі материалдардан жасалған жабындардың, арматуралардың фасонды бөліктерінің бөлшектерін құрастыру және бөлшектеу. Дірілдегіш қабаттарды, бақылау-өлшеуіш жабдықтарды, газ-ауа клапандарын, жабушы фасонды бөліктерді оқшаулау. Аса күрделі шаблондарды дайындау және оқшаулаулық жабындар үшін материалдарды (шар қабаттарды, жабу арматурасына алмалы жабындарды, фланецті қосындыларды, жапырақшадан жасалған аппараттардың сферикалық бөліктері) пішу. Шар және дірілдегіш қабаттарды оқшаулау жабындарының бөлшектерін монтаждау.

Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурациялардың үстіңгі қабаттарын оқшаулаудың түрлері мен әдістері, оқшаулау материалдарын, мастикалар мен ерітінділерді қолдану саласы және олардың қасиеттері, оқшаулауның сапасын тексеру тәсілдері, жылу оқшаулау материалдары мен бұйымдарының физикалық-механикалық қасиеттері.


Тас қалаушы


39. Тас қалаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еден лагасының астына кірпіш бағаншасын қалау. Ерітінділерді қолмен әзірлеу. Кірпішті ерітіндіден тазарту. Кірпіш және бут қаламдарында ұяларды, бороздалар мен тесіктерді тесу. Бут іргетастарды, кірпіш қабырғалар мен бағаншаларды қолмен бөлшектеу. Арналар мен қораптарды ұнтақ тәріздес материалдармен және минералды мақтамен толтыру. Ілмектерді, контейнерлерді, темірбетон бұйымдарды мен басқа да жүктерді инвентарь ілмегімен монтаждау ілгектерінен, скобаларынан, ілгіштерінен және т.б. ілу.

Білуге тиіс. Қабырғалық материалдардың негізгі түрлері, қаламда ұялар мен тесіктерді тесу тәсілдері, іргетастарды, қабырғалар мен бағаншалар қаламдарын бөлшектеу ережесі, ілмектер мен ілу айлабұйымдарының түрлері, такелаж жабдықтарының түрлері, массасы шағын жүктерді тасымалдау және қоймалау ережесі.


40. Тас қалаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі қарапайым жұмыстарды орындау. Кірпіштен және ұсақ блоктардан қарапайым қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында тігістер келтіре отырып қалау. Қаңқа қабырғаларды толтыру. Бут және кірпіш қиыршықтастан құюға және цемент қосынды іргетастарын орнату. Іргетасты рулонды материалдармен жазық гидроизоляцияны орнату. Бороздаларды ұялар мен тесіктерді механикаландырылған құралмен бітеу. Ұяларды, бороздалар мен тесіктерді механикаландырылған құралмен тесу. Бас ғимараттардағы терезе және есік үстінің, нишалардың үстіне темірбетон арқалықтарды монтаждау. Қатыру әдісімен қалау кезінде қаланатын қабырғалардың жазық қабаттарына жылытылған ерітіндіні жаю. Кірпіш қабырғалардың толтырылатын жерлерін қалау.

Білуге тиіс. Гидроизоляциялық, қабырғалық матриалдар мен ерітінділердің негізгі қасиеттері, қалаудың және тігісті байламдаудың қарапайым схемалары, қысқы жағдайларда қатыру әдісімен тас қалаудың, тепляктардағы жасанды және химиялық қоспалармен жылытудың ережесі мен тәсілдері, қабырғада ерітіндіні жаюдың, кірпіш пен забутканы бөлектеп қалау тәсілдері, пневматикалық және электрлендірілген жабдықпен жұмыс істеу ережесі, тас ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде қолданылатын бөлшектердің және құрастырмалы құрылымдардың негізгі түрлері, тас ғимараттарда құрастырылатын кірпіш қаламы мен құрастырмалы темір-бетон құрылымдардың сапасына қойылатын талаптар.


41. Тас қалаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындау.

Ғимараттар мен өнеркәсіптік құрылымдар.

Кірпіштен және ұсақ блоктардан күрделілігі орташа қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында тігістер келтіре отырып қалау. Қарапайым қабырғаларды бір мезгілде қаптай отырып қалау. Жеңілдетілген құрылымдардың қарапайым қабырғаларын қалау. «Бессер» типтес ұялы блоктардан және т.б. желіммен қабырға қалау. Тас ғимараттарда темірбетон балкаларды, аражабын плиталарын, арақабырғаларды, баспалдақ марштарын, алаңдарды, балкон плиталарды, басқыштарды монтаждау. Терезе және есік қораптары мен блоктарын, терезе алдының тақтайлары мен плиталарын орнату. Кірпіштен, гипсолитті және басқа да плиталардан арақабырға салу. Бұрын қаланған қаламдардың тігістерін сөгу. Аражабындар мен жабындардың құрастырмалы темірбетон құрылымдарындағы тігістерді бітеу және құю. Болат элементтер мен бөлшектерді қаламға салу. Тұрақты үйлесімді және тікбұрышты ұштасатын коллекторлар құдықтарын қалау. Барлық түрдегі кірпіш тоғыспаларын бөлшектеу. Кірпіш қабырғалардың үстіңгі қабатындағы жарамсыз кірпіштерді сындырып алып, есік қалам жіктерінің байламдарын сақтай отырып жаңа кірпіштермен ауыстырып жөндеу. Пайдаланудағы ғимараттар іргетастарының кірпіш және бут учаскелерін жекелеген жөндеу және ауыстыру. Терезе алды плиталары мен баспалдақтың жекелеген басқыштарын ауыстыру. Желдеткіш блоктарды монтаждау. Шыныблоктардан құрылымдар қалау. Тас ғимараттарда қабылдау толтырымдары мен шыныпрофилиттен арақабырғалар орнату. Қоқыс құбырына арналған асбестцемент құбырларын монтаждау. Саусақтар мен шығармалы штоктардағы блокты, инвентар пакетті төсеніштерді орнату, қайта орнату және бөлшектеу.

Көпірлер мен гидротехникалық құрылымдар

Іргетастар мен көпір тіреулерін қалау. Тіреулердің қоспалау және шекті қабырлағаларын қалау. Тік сызықты суүсті қабырғаларды және порт құрылымдарының кордонды тастарын қалау. Массасы орташа құрылымдардың тас көпірлер мен гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде қолданылатын құрастырмалы бетон және темірбетон элементтерін құрастыру.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа қабырғаларды, қарапайым қабырғаларды бірмезгілде қаптай отырып, жеңілдетілген кұрылым қабырғаларын қалау тәсілдері, шыныблоктан құрылымдар қалау тәсілдері, массасы орташа құрастырмалы элементтер мен бөлшектерді монтаждау тәсілдері, монтаждалатын элементтерді ілмектеу және бекіту ережесі, кірпіш қабырғалар мен арақабырғаларды арматуралау тәсілдері.


42. Тас қалаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау кезіндегі күрделі жұмыстарды орындау.

Ғимараттар мен өнеркәсіптік құрылымдар.

Қүрылымы күрделі қабырғаларды сылақ асты және қалам барысында жіктерді сөге отырып қалау. Ұстындарды және тікбұрышты ұштасатын жеке тұрған құбырларды қалау. Карниздарды қалау. Кірпішті мүсіндеп ою. Күрделілігі орта және жеңілдетілген күрделі құрылым қабырғаларын қалау. Құдық қабырғаларын қатты байламдар жылытқышымен қалау. Сыналы аралықтарды қалау. Ауыспалы кесу және жұмыр және шатырлы кесу құдықтарын қалау. Сыналы аралықтарды ескі қалауын бөлшектей отырып қайта қалау. Берілген сурет бойынша декоративті түсті кірпішпен бір мезгілде қаптай отырып қалау.

Көпірлер мен гидротехникалық құрылымдар

Аркалы көпірлердің, құбырлардың, астаушалар мен басқы ұштардың тоғыспа үсті құрылымын табиғи тастан қалау. Тік сызықты көпір тіреулерінің сыртқы қатарын мүсінделіп ойылған тастан қалау.

Білуге тиіс. Күрделі, күрделілігі орташа және бір мезгілде қапталатын күрделі стандарды қалау тәсілдері.


43. Тас қалаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттардың, көпірлердің, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстардың тас құрылымдарын қалау, жөндеу және қайта құрылымдау кезіндегі аса күрделі жұмыстарды орындау.

Ғимараттар мен өнеркәсіптік құрылымдар.

Қүрылымы аса күрделі темір құрылымдарды, тоғыспаларды, аркалар мен мұнараларды, бір мезгілде қаптай отырып қалау және реставрациялық жөндеу. Дөңгелек кесінді ұстындарды қалау. Бұрын жасалған қабырғаларды күейту кезіндегі қалау және жаңа қаламды бұрынғымен қайта бекіту. Гидроизоляция және жылуизоляциясы қондырғыларының төмен қабырғаларын қалау.

Көпірлер мен гидротехникалық құрылымдар

Мұзкескіштерді тасты іріктей отырып табыиғи мүсінделген тастан қалау. Көпір тіреулерінің карнизді және фермаасты тастарын қалау. Аркалардағы және тас көпірлер тоғыспаларындағы табан тастарды қалау. Тоғыспалар мен аркаларды қалау.

Білуге тиіс. Аса күрделі құрылымдарды қалаудың, оларды көтерудің және доғалаудың, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды күшейту кезіндегі қаламды бекіту тәсілдері.


Кессоншы – аппаратшы


44. Кессоншы - аппаратшы 4-разряд


Жұмыс сипаты. Жұмысшыларды шлюзді аппараттарға түсіру және шығару, шлюздеу және шлюзден шығару. Жүк тиелген қауғаларды қабылдау және камера жанында бос қауғалар мен вагонеткаларды беру. Материалдарды, жабдықтар пен инструменттерді камера жанына беру. Кессон пышағын орнату. Лебедка мен редукторды бөлшектеу. Жуушы айлабұйымды, сифонды, ауа әкетуші, су айдаушы және пультжеткізуші линияларды монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс. Шлюзді аппараттың, су құбырының, прикамеркалардың құрылымы, аппарат адамдарын түсіру және шығару ережесі, алдын алу айлабұйымдарының, өлшеу және дабылдатқыш жабдықтардың құрылымы мен орналасуы.


45. Кессоншы - аппаратшы 5-разряд


Жұмыс сипаты. Шлюзді аппараттан қауғаларды, материалдар мен жабдықтарды есікті ашып-жауып қабылдау және беру. Шахта құбырларын монтаждау және бөлшектеу. Бағыттаушы планкалар мен сатыларды орнату. Кессондағы гидромеханикаландыру жабдықтарын монтаждау. Шлюз аппаратын монтаждау. Полиаспастарды қорландыру және қорсыздандыру. Блоктарды бекіту және болат канаттардың жүйелерін байламдау. Шахта құбырларын ұзарту және бөлшектеу, шлюзды аппараттағы рельс жолдарын орнату. Механизмдерді, арматураны, су құбырларын, гидромонитерлар мен гидроэлеваторларды жөндеу.

Білуге тиіс. Әртүрлі жүйелердің шлюз аппараттарының, гидроэлеваторлары мен жер сору қондырғыларының құрылымы, шлюзды аппараттан қауғаларды, материалдар мен жабдықтарды қабылдау және беру ережесі, кессон жабдығын пайдалану ережесі, жақпалар мен механизмдерге арналған майларды қолдану тәсілдері.


46. Кессоншы-аппаратшы 6-разряд


Жұмыс сипаты. Шлюзды аппараттың көтеру механизмдерін басқару. Қауғаларды түсіру және көтеру. Құралдарды, материалдар мен жабдықтарды жұмыс камерасы арқылы өткізу. Шахта құбырларын декельдеу және декелсіздеу кезінде сығымдалған ауаны реттеу. Шлюз аппаратының орталық камерасын прокладка төсеп және фланец болттармен қоса отырып орнату. Прикамералар мен есіктерді орнату. Насос және жер сору стансаларын, арматура және әртүрлі жүйедегі шлюзді аппараттың көтеру механизмдерін монтаждау. Шахта құбырлары мен шлангілерін жоғарылатылған гидравликалық қысыммен сынау.

Білуге тиіс. Кессон жабдығын монтаждаудың және ағымдағы жөндеу ережесі, кессон жұмыстары өндірісінің технологиясы, құралдарды, материалдар мен жабдықтарды жұмыс камерасы арқылы өткізу ережесі; бақылау аспаптарының дұрыстығын тексеру тәсілдері.


Кессоншы – жүргізуші


47. Кессоншы – жүргізуші 5-разряд


Жұмыс сипаты. Кессондағы топырақты қолмен және пневматикалық құралмен қауғаға лақтыру және тиеу арқылы дайындау. Шпурларды бұрғылау. Кессон камерасында топырақ беру және материалдарды қабылдау. Кессон камерасындағы шпал торкөздерді орнату және бөлшектеу.

Білуге тиіс. Топырақтың негізгі қасиеттері және оларды дайындау тәсілдері, шлюз аппараттарының және қолданылатын жүк тасымалдау айлабұйымдарының құрылымы, кессондарда жұмыс істеу кезінде жүкті ілмектеудің және тасымалдаудың тәсілдері.


48. Кессоншы – жүргізуші 6-разряд


Жұмыс сипаты. Кессон пышағының астындағы топырақты дайындау, кессонды төсемдерден түсіру және орнату.Кессондағы топырақты гидромониторды қолдана отырып әзірлеу. Пышақ астындағы кедергілерді кессонды түсіру барысында жою. Кессон камерасын толтыру кезінде бетонды және бутобетонды төсеу. Шахта құбырларын декельдеу және декелсіздеу. Кессонды монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс. Топырақты гидромонитормен әзірлеу тәсілдері, сифонды қолдану ережесі, кессонды төсемдерден түсіру және оны орнату ережесі, монтаждау жұмысы өндірісінің ережесі.


Кессоншы – электромонтажшы

49. Кессоншы – электромонтажшы 6-разряд


Жұмыс сипаты. Кессонды электр жабдықтарын, электр аппаратураларын, арматураны телефон байланысы жүйесін, электр сымдарының барлық түрлерін және дабылдатқыш жүйесін монтаждау және бөлшектеу. Электр кернеуіндегі монтаждың дұрыстығын тексеру. Шлюзді аппараттағы және кессондағы электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету. Моторды және қосуды реттеуші электр жабдығын қосу схемасын жасау. Желідегі және электр жабдықтарындағы ақауды анықтау және жою.

Білуге тиіс. Кессонды электр жабыдақтары мен телефон байланысы жүйесінің құрылымы, дабылдату ережесі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница