Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница2/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Білуге тиіс. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындардың астыңғы негіздемелеріне қойылатын негізгі талаптар, эмульсия мастикаларының, асфальт қоспалары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған қоспалардың сапасына қойылатын талаптар, жабындарды асфальтбетонмен және қара қоспамен шұңқырлы жөндеудің ережесі мен тәсілдері.


10. Асфальтбетоншы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды жабын материалдарын қолмен және механикаландырылған жолмен салу кезінде қималау және өңдеу. Салынатын жолақты асфальттау алдында бөлу. Материалдар қабатының қалыңдығын катокпен тығыздап реттеу. Қоспаларды асфальттөсегішпен салғаннан кейінгі соңғы өңдеу. Ұстасу коэффициенті арттырылған арнайы іріктелген қоспалардан және түсті асфальтбетоннан жасалған жабындарды өңдеу.

Білуге тиіс. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарға қойылатын талаптар, төселетін қоспалар мен материалдарды тығыздау схемасы, қоспалар мен материалдарды төсеудің және тығыдаудың температуралық режимі, жетілдірілген жабындарды құру тәсілдері, үстіңгі активті қосындысы бар түрлі асфальтбетон қоспаларын қолдану ережесі, жолақтарды өзара және құдық люктерімен, торкөздермен және трамвай жолдарымен ұштастыру құрылымы тәсілдері, асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындар астының күрделі конфигурация негіздерін бөлу тәсілдері, асфальт жабындарының үстінің кедір-бұдыр қабаты құрылымының схемасы.


Бетоншы


11. Бетоншы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құз негіздер мен бетон үстіңгі қабатын тазарту. Бетонның үстіңгі қабатын қол жабдығымен оймыштау. Бетон қоспасын көлік құралдарынан қабылдау. Бетон қоспасын қайта лақтыру және науамен, хоботпен түсіру. Құрамдастарды массасы мен көлемі бойынша айлабұйым (арба, өлшеуіш) көмегімен дозалау. Бетон қоспасын дайындау. Бетон және темірбетон құрылымдарын қолмен бөлшектеу. Бетон және темірбетон құрылымдарына қол жабдығымен тесіктер мен бороздалар салу. Темірбетон қадалардың ұштарын қолмен кесу. Бетонды баптау. Қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу. Қораманы бетоннан тазарту.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларын дайындау технологиясы, бетонның үстіңгі қабаттарын оймыштау тәсілдері, дайын бетон қоспаларын құрылымдарға беру, бетонды баптау ережесі, темірбетон құрылымдары мен қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу тәсілдері.


12. Бетоншы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын қорамаларға, негіздер мен массивтерге төсеу. Бетон қоспасын жазық тегістіктерге төсеу. Бутобетон іргетастарын құйма, төсем қабаттары мен еденнің, цемент тұтастырғыштардың бетон негіздері астына орналастыру. Қауғаларды инвентарь ілмекпен құлағынан (скоба, қайырма) ілу. Бетон және темірбетон құрылымдарын пневматикалық және электрлендірілген құралмен оймыштау және сындыру. Майысуларды, тесіктер мен бороздаларды бетон қоспасымен бітеу. Қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу. Темірбетон қадалардың ұштарын пневматикалық құралмен кесу. Арнақұрушыларды монтаждау және серпентинит қоспаларын АЭС құрғақ қорғау блоктарына төсеу.

Білуге тиіс. Цементтің, толтырғыштар мен бетон қоспалардың маркалары мен қасиеттері, монолитті бетон және темірбетон құрылымдарынын негізгі элементтері, бетон қоспасын төсеу және тығыздау тәсілдері, электрлендірілген және пневматикалық құралдың құрылымы және олармен жұмыс істеу ережесі, қарапайым құрылымдардың қорамаларын құрастыру ережесі, бетон және темірбетон құрылымдарын механикаландырылған құралдың көмегімен сындыру тәсілдері, жүктердің орнын ауыстыру және беру ережесі.


13. Бетоншы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын ұстындарға, қабырғаларға, тіреулерге, плиталарға, көпір тіректеріне, кеспекке салу. Бетон қоспасын қисық тегістіктерге (бөгеттердің, арналардың, дамбылар мен т.б. құламаларына) төсеу. Арнайы және ауыр бетон қоспаларын атом электростансалары құрылымдарына төсеу. Полигондардағы құрылыс алаңдарында көпірлердің аралық құрылыстарының плиталы блоктарын дайындау. Таза бетон едендерді жолақтар мен дестелерге кесе отырып орнату және жөндеу. Таза бетон едендерді вакуумдеу әдісімен орнату. Бетон едендерді төсеу және жөндеу. Бетон қоспасын су асында тік жылжымалы құбырлар әдісімен төсеу және су асты қуыстарын ерітіндіні тік жеткізумен толтыру. Үстіңгі қабатты цемент себе отырып металл тегістеуішпен тегістеу. Цемент-бетон жол жабындарын салу кезінде температура тігістерін өңдей отырып тесу. Жабындардың тігістері мен үстіңгі қабаттарын өңдеу. Бетонды электрмен және бумен жылыту. Қорамалардың барлық түрлеріндегі, оның ішінде «Модостр» ұсақ қорғаныс үлгісіндегі түзу сызықты шеңберлер мен элементтердің щитті қорамасын орнату.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларының, дайын құрылымдар мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, темір-бетон жабындарын орнату ережесі мен олардың сапасына қойылатын талаптар, бетоннасостары мен бетон жүргізушілердің, машиналар мен цемент-бетон жол жабындарын орнату кезінде жіктерді тесуге арналған айлабұйымдардың, вибраторлар мен вибро алаңдардың, вакуумді агрегаттардың құрылымы, қыс кезінде құрылымдарды бетондау ережесі мен бетонды жылыту тәсілдері, аязға қарсы қоспа түрлері және олардың қолданылу аясы, күрделілігі орташа қорама құрылымдары мен сүйеніш мінбесатыларды орнату және бөлшектеу ережесі, қарапайым арматураны құрастыру және бөлшектеу ережесі мен тәсілдері, қаптама астының бетон қабатын дайындауға қойылатын талаптар, футерлеу және сырлау ережесі,темірлеу және қабаттарды флюатирлеу тәсілдері.


14. Бетоншы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын мұнаралардың, тоғыспалардың, жалғыз және қосарлы қисықтар қабаттарының жұқа қабырғалы құрылымдарына, резервуарлар мен бункерлердің, аэроценді камералардың құрылымдарына, жуылатын галереялардың бөлек қабырғалары мен тұндырғыштардың камерааралық қабырғаларына, спиральді қамералар қабырғаларына, гидроқұрылымдардың аралық жабындары мен сору құбырларына, көпірлердің аралық құрылыстарындағы қырлы, қорапты және басқа да күрделі құрылымдарға, сондай-ақ барлық монолитті құрылымдарға салу. Ерекше ауыр бетон қоспасын АЭС құрылымдарына салу. Бетон қоспасын қаптама сыртына және штрабтарға салынды бөлшектермен құю. Құрылыс алаңдары полигонында қатаң арматураланған темір-бетон бұйымдарын (көпірлер мен жол құбырларының аралық құрылымдары, ұзын өлшемді қадалар мен тіреулер, үлкен аралықтардың фермалары мен тағандары) дайындау. Турбогенераторлардың және қоректендіру насостары мен т.б. іргетастарына салынды бөлшектерді құю. Ұңғымалар мен траншеяларды бетондау. Бұрғы ұратын қадаларды орнату.

Білуге тиіс. Қатаң арматураланған темір-бетон құрылымдары мен бұйымдарын дайындау технологиясы, бетон бөлшектеу машиналарының жұмыс істеу принципі, күрделі арматура қорамаларын құрастыру ережесі, арнайы бетон қоспаларының құрамы (пластификаторлар, суперпластификаторлар), вибрациялы жабдықтар астындағы іргетастарының салынды бөлшектерін бетондау (құю) әдістері, монтажды және салынды бөлшектерді, оның ішінде анкерлік болттарды бетондау кезінде орнатуға қойылатын талаптар, бетон қоспалары мен дайын бетонды тексеру тәсілдері, зақымдалған және реконструкцияланатын құрылымдарды күшейту тәсілдері.

Ескерту. Темірбетон құбырларды, радиобашнялар мен басқа да зәулім жұқа қабырғалы құрылымдарды тұрғызу жөніндегі жұмыстар өнеркәсіптік темірбетон құбырларын салатын құбырсалғышпен орындалады және осы кәсіп бойынша біліктілік сипаттамаларына сәйкес тарифтелуге тиіс.


Жол жұмысшысы


16. Жол жұмысшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол табандарын қардан, ластан, және шаңнан қолмен тазарту. Құмды, малтатас және қиыршыққұмды қайта үю. Жол табандары мен жабындарын сумен шаю. Цемент-бетон жабындарын орнату кезінде рельс формалардың үстіңгі қабатын тазарту және майлау. Цемент-бетон жабындарға құм себу. Жол белгілері мен жол жағдайы элементтерін қолмен тазарту. Жол табандары мен жабындарын салу және жөндеу кезінде жол құрылысы материалдарын бөлу.Жерқазу машиналарынан кейін астауларды қолмен тазарту. Рельс формаларды жамау. Жол табандарын, жабындар мен бордюрлерді қолмен бөлшектеу. Тегіс жұлманы жабдықтау және жөндеу. Жылжымалы електердегі құмды, малтатас және қиыршыққұмды қолмен елеу. Жиектерді қолмен жоспарлау. Тұтқырғыш материалдарды бөліп құю. Қоспаны өзі түсіретін автомобильден бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып қабылдау. Бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып өзі түсіретін автомобильден жаңа салынған қоспаның жиектерін кесу. Жаңа салынған бетон қоспасының жиектерін кесу. Механикаладырылған төсем жетпейтін жерлерді қолмен тығыздау. Тас дестелерді және пакеляж дайындау. Тас пен пакеляжді сұрыптау.

Білуге тиіс. Негізгі жол-құрылысы материалдарының, жол қабаты құрылымдарының және жолдардағы жасанды құрылымдардың түрлері, асфальт-бетон, цемент-бетон, битумматериалды және басқа да қоспаларды дайындау ережесі, жолтайғақтан және қар үйінділерінен тазалау тәсілдері, жол қозғалысы ережесі.


17. Жол жұмысшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маяктар, маячныйлар, маяк рейкалары, құмнан, құмцементтен, малтатастан, қиыршықтастан жасалған жол табандарының шаблондары бойынша каток асты орнату және пішіндеу. Топырақ және жақсартылған топырақ жолдарды пішіндеу. Жол белгілерін орнату. Дренаждарды орнату және жөндеу. Жақсартылған топырақ жолдарды, малтатасты, қиыршықтасты жабындар мен табандарды механикаландырылған құралдың көмегімен шұңқырлы жөндеу. Кестелі жұлманы жабдықтау және жөндеу. Ернеулі тас төсемі астына табан салу. Кюветтерді, су әкету және төбеүсті арналарын, көлденең пішіндердің бойлық еңістерін сақтай отырып орнату және қалпына келтіру. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары сызықтарын одан әрі түсіру үшін бақылау нүктелерін шаблон көмегімен қолмен айқындау. Қоршау құрылымдары мен конустарын орнату және алу. Лак-сырлау материалдары қолданылатын жұмыс өндірісі.

Білуге тиіс. Пайдаланылатын жол-құрылыс және лак-сырлау материалдарының негізгі қасиеттері, жақсартылған топырақ жолдарды, тротуарларды және асфальт-бетон, цемент-бетон жабындары асты табандарын орнату және жөндеу ережесі, жол құрылысы және жөндеу кезінде қолданылатын механикаландырылған құралдарды пайдалану ережесі, механикаландырылған құралдардың көмегімен жабындар мен табандарды бөлшектеу және кесу, жол қабатын бұзу және қалпына келтіру тәсілдері, цемент-бетон жолдарын салу кезінде рельс-форма астына табан дайындау тәсілдері, дренаж құрылысының негіздері, жол белгілеу түрлері және оны қол әдісімен салу тәсілдері, автомобиль қозғалысын жаппай және жұмыс өндіріс кезінде орынды қоршаусыз жұмыс орындау ережесі.


8. Жол жұмысшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маяктар, маячныйлар, маяк рейкалары шаблондар бойынша жабындарды орнату және пішіндеу. Қиыршықтасты және малтатасты жабындарды жекелеген карталармен жөндеу. Жол жабындарының үстіңгі қабатын машинамен тегістегеннен кейін соңғы жоспарлау. Бордюр тасын, маяктар мен маяк рейкаларын орнату. Қадалар мен құбырлар іргетасының астын қиыршық тас пен малтатасқа дайындау қабатын төсеу. Атмосфера шөгінділерін жолдар мен жасанды құрылымдардан әкету. Цементбетон жабындарының жіктері мен үстіңгі қабатының жиектерін жиектеу және жөндеу, Барьер және трос қоршамаларын орнату және қызмет көрсету. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде: қозғалысты ұйымдастыру схемасы бойынша бақылау нүктелерін алдын ала белгілеу, шаблондарды құрастыру және орнату, шаң бүркуші-пистолеттің көмегімен белгілеу материалын салу, ескі белгіні қайта таңбалау, белгілеу машиналарымен жолға белгі салу жұмысына қатысу.

Білуге тиіс. Жолдарды салу, жөндеу және таңбалау кезінде қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, қысқы уақытта бетондау ережесі және бетонды жылыту тәсілдері, жол тыстарын, жасанды құрылымдарды және жол жағдайын салу және пайдалану ережесі, бойлық және тік белгілеу түрлері және оларды салу тәртібі, трафареттерді пайдалана отырып, шаң бүркуші-пистолетпен белгі салу кезіндегі жұмыстарды жүргізу ережесі және тәсілдері, белгілеу материалдарының шығыс нормалары, орындалатын жұмыс сапасына қойылатын талаптар, автомобиль қозғалысын ішінара жауып және жаппаған жағдайларда жұмыс орындау ережесі.


9. Жол жұмысшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол жабындарының шөккен жерлерін жою. Құбырларды, астаушаларды, ұштарды, тіреу қабырғалар мен парапеттерді орнату және жөндеу. Автомобиль жолдарының архитектуралық безендіру элементтерінің жекелеген бүлінулерін түзету. Жоспардағы жол пикетажы мен элементтерін бөлу. Жол құрылымдарының биік белгілерін геодезиялық құралдың көмегімен анықтау. Дренаждар мен төсем тастарды сүзгілерді қалпына келтіре отырып орнату және жөндеу. Қоршау және дабыл қағу құралдарын орнату. Жайылма жыраларды бекіту. Автомобиль жолдары жол жабындарын белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде, «Зебра» типтес жаяу жүргіншілер өтпе жолы сызықтарын бояумен және термопластикалық материалдармен салу, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлуші аралшаларды трафарет бойынша шаң бүркуші-пистолетпен белгілеу. Жолақ бойынша қозғалыс бағытын көрсететін жебе белгіні қос компонентті пластиктермен, жарық қайтарғыш элементтерді – пневматикалық пистолетпен, тіреулердің, көпірлердің, жол құбырларының, порталдардың, туннельдердің, парапеттердің сыртқы қабатттарына салу.

Білуге тиіс. Жол жабындары мен жасанды құрылыстардың жағдайын бағалау әдістері, геодезиялық құралды қолдану және оның ережесі, бояулардың, еріткіштер ме термопластикалық материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері, олардың тұтқырлығы мен ағымдылығын айқындау әдістері, лак-бояу материалдарын жағу тәсілдері, жазық белгі сызықтарының, жебе белгілері мен жазуларының мөлшері, белгілерді жол белгілерімен немесе бағдаршаммен үйлесімді белгілеу тәртібі, жол белгісіне қойылатын техникалық талаптар, таңбалау жасайтын материалдарды жарық қайтарғыш элементтермен үйлесімді салу ережесі, термопластикалық материалдарды салуға арналған механикаландырылған құралдың құрылымы және жұмыс істеу принципі, қос компонентті пластикалық материалдарды құрамы мен жүргізу технологиясы, топырақ эрозиясымен күрес әдістері, жолдардағы көктайғақты жою тәсілдері.


20. Жол жұмысшысы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрастырмалы темір-бетон жол және аэродром плиталарын монтаждау. Болат және шойын плиталарды монтаждау

Білуге тиіс. Құрастырмалы темір-бетон жол және аэродром плиталарын, болат және шойын плиталарды монтаждау ережесі мен тәсілдері.


Жер қазушы


21. Жер қазушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұрын әзірленген топырақты қопсыту. Қопсытылған топырақты тасымалдау құралына тиеу және оны түсіру. Габаритті тазарту. Жаңа себілген топырақты тегістеу. Топырақты жазықтықта үю. Траншеяларды, оның ішінде құбыр төселгендерін, қазаншұңқырлар мен іргетас қойындарын топырақпен жабу.

Білуге тиіс. Қол құралдарының, инвентарь мен айлабұйымдардың қолданылу және оны пайдалану ережесі.


22. Жер қазушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бекітпесіз траншеялар мен қазаншұңқырларда жеңіл, орта және ауыр топырақпен, топырақты ернеуге тастай (лақтыра) отырып немесе оны тасымалдау құралына тией отырып әзірлеу. Қатқан топырақты түтін газымен еріту. Топырақты қол трамбовкасымен нығыздау.Үстіңгі қабатты «көзбен» мөлшерлей отырып жоспарлау және тазалау. Үйінділер мен арқалықтардың кемерлері мен құламаларын кесу. Жұлманы бекіту үшін дерн мен сым дайындау. Жер жаймасының құламаларын жаппай жұлмалау. Уақытша су әкету құрылғыларын орнату. Жылжымалы қоршауларды, дайын сатыларды, инвентарь көпіршелерін траншеялар, ескерту дабылдары мен плакаттар арқылы орнату. Қажетті жағдайларда кезекшілік; апаттық, электр немесе өзге де дабылдатқышты электрмен жылыту кезіндегі қауіпті аймақтарды күзету. Терең шурфтерде, құдықта және т.б. жұмыс істеу кезінде жер үстіндегі кезекшілік.

Білуге тиіс. Жартасты емес топырақтың түрлері мен негізгі қасиеттері, қатқан топырақты жібіту және бекітпесіз траншеялар мен қазақшұңқырларда топырақты қолмен әзірлеу тәсілдері, үстіңгі қабатты жоспарлау, дерн дайындау және төсеу, топырақты қолмен нығыздау тәсілдері, топырақтың өнім беретін қабатын алудың және жинаудың тәсілдері, жерасты суларын уақытша әкету тәсілдері, магистральді құбырларды жабу ережесі, топырақты тоңудан қорғау, жабылған құмды сумен нығыздау тәсілдері, қауіпті аймақтардың қоршауын орнату.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница