Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
страница14/34
Дата конвертации05.02.2016
Размер4 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zharmabilim.kz/wp-content/uploads/2012/03/Кусаинова.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Білуге тиіс. Такелаждық жиналмалы темірбетон колонилерді, фундаментті блоктар мен арқалықтарды, панельдерді, қабырғалардың ірі блоктарын және карниздік блоктарды орнату және бекіту тәсілдері, ғимараттар мен имараттардың болат құрылымдарын жеке ауыр элементтермен немесе блоктармен монтаждау тәсілдері, ауыр болат колони мен арқалықтарды монтаждау тәсілдері, ыстыққа төзімді бетонмен футерленген панельдерді және ірі блоктарды орнату мен бекітудің тәсілдері, өнеркәсіптік пештердің болат құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, болатқұрылымдарды ыстыққа төзімді бетоннан жасалған блоктармен түйістіру тәсілдері, тот баспайтын болаттан қорғағыш қаптамалар орнату тәсілдері, көпірлердің болат құрылымдарын ірілетіп жинау және көпірлердің аралық құрылыстарын төсем таяқтарда жинау тәсілдері, көпірлердің аралық құрылыстарын аспалы, жартылай аспалы және теңгерімді жинау кезінде түйістіру тәсілдері, күрделі болат және темірбетон құрылымдарды демонтаждау ерекшеліктері мен тәртібі, ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың күрделі құрылымдарын ірілетіп жинау және монтаждау кезінде такелаждық және көтергіш жабдықты жинау мен орнатудың тәсілдері, конструкциялар мен блоктарды күрделі ілмектеу тәсілдері, жүк көтергіш құралдарды пайдалану және сынақтан өткізу ережелері, болат арқандарды іріктеу және оларды сынақтан өткізу тәсілдері мен ережелері, олардың тозу және майлау мерзімдері, такелаждық жабдыққа, оның жабдықталуына және айлабұйымдарға қойылатын талаптар.


173. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темірбетон жақтауларды, арқалықтарды және фермаларды кейін арматураны кернеулетіп ірілетіп жинау. Бірнеше бөлшектен тұратын алдын-ала кернеулетілген темірбетон фермаларын ірілетіп жинау және бұл фермаларды монтаждау. Ғимараттардың темірбетон құрылымдарын және жиналмалы жақтаулардан жасалған имараттарды монтаждау. Салмалы бөлшектердің кертпе блоктарын монтаждау және біржола дұрыстау. Қысым құбырларының тіректерін монтаждау. Тіректердің болат құрылымдарын және арқан жолдарының және кабельді крандардың станцияларын, сондай-ақ ғимараттардың биіктігі 70 м артық болған жағдайда салмағы 20 т асатын жиналмалы темірбетон колонилерді монтаждау. Шнопкаларға, қаптама-плиткалар, Гидроэлектр станса арқылы көпірлік өтпелер арқалықтарына арналған қалқанды арқалықтар мен құдықтарды, плотиналар мен шлюздарды, шлюздар галереясының плиталары мен аражабындарын және сорғыш құбырларының плиталарын монтаждау. Кеңістікті жақтаулар мен қадалықтарды қағуға арналған ростверктерді орнату. Силостық имараттардың кеңістікті элементтерін орнату. Болат колонналарды, кран асты арқалықтарын және ғимараттар мен өзге де өнеркәсіптік имараттардың басқа да болат құрылымдарын элементтің немесе блоктың салмағы 15-тен 25 т артық болған кезде, сондай-ақ арақашықтығы 24-тен 36 м дейін фермаларды орнату және біржола дұрыстау. Домна пешінің, Жылу электрстансалырының (бұдан әрі - ЖЭО), аглофабрикалардың және т.б. газоотводтарын, домна пештерінің еңісті көпірлерін ірілетіп жинау. АЭС, ЖЭС, гидроэлектрстансаларының (бұдан әрі - ГЭС) ғимараттары мен имараттарының құрылымдарын жинау стендінде және плаз-кондукторында салмағы 50 т дейін кеңістікті блоктарға ірілетіп жинау. Панельдер мен блоктардан пештер құрылымдарын ірілетіп жинау. Имараттың биіктігі 150 м дейін болғанда, өнеркәсіптік пештерді және құбырларды ірілетілген тораптарға бөліп монтаждау. Өнеркәсіптік пештерді кейін жобалық қалпына жылжытып стендте монтаждау. Жиналмалы құбырларды фундаментке бекітілген шарнирден айнала бұрылу тәсілімен монтаждау. Ыстыққа төзімді бетонның блоктарынан айналмалы пештердің футеровкасын монтаждау. Ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттарды монтаждық схемалар бойынша монтаждауға арналған бөлшектерді жинақтау. Көпірлер элементтерінің саны 5-тен 8 дейін аралық құрылыстарын аса күрделі тораптарын жинақтау және монтаждау. Көпірлердің аралық құрылыстарының тірек бөліктерін орнату. Үстінгі накатты жолдарды орнату және оларды фермалардың тораптарына бекіту. Имараттардың биіктігі 100 м дейін теле- және радиомұнараларды монтаждау. Сыйымдылығы 1000-нан 3000 м* дейін метал және цилиндрлі темірбетон резервуарларды монтаждау. Жылжыту тәсілімен және бұру тәсілімен құрылымдарды монтаждау. Көпірлердің арқалық құрылыстарының құрастырмалы темірбетон арқалықтарын жинау. Биіктігі 150 м дейін баратын түтін мұржаларының газ кетіретін метал оқпандарын монтаждау. Жүк көтергіштігі 60-тан 100 т дейін монтаждық діңгектерді жабдықтау, орнату және орнын ауыстыру. Салмағы 60-тан 100 т дейін құрылыс құрылымдарын ілмектеу, көтеру және түсіру.құрылымдарды жұпталған крандармен, жебесі керілген, жебе астында уақытша тірек бағаны бар қайта жабдықталған крандармен, құлама жебенің көмегімен құрылымдарды көтеру және түсіру.

Білуге тиіс. Ғимараттардың және өнеркәсіптік имараттар құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, көпірлердің аралық құрылыстарын жинау, орнын жылжыту және орнату, такелаждық және көтергіш жабдықтың аса күрделі түрлерін жинау және орнату тәсілдері, резервуарлар мен газгольдерлерді жайма-жаймасымен және индустриалдық монтаждаудың тәсілдері, өнеркәсіптік пештердің ыстыққа төзімді бетоннан және темірбетоннан элементтері бар болат құрылымдарын ірілетіп жинау тәсілдері, құбырларды блоктардан (царгалардан) ірілетіп жинау және монтаждау тәсілдері, өнеркәсіптік пештерді құрастырмалы ыстыққа төзімді бетоннан және темірбетоннан жылжыту тәсілімен және құбырларды бұру тәсілімен монтаждау тәсілдері, айналмалы пештерді ыстыққа төзімді бетон блоктарынан монтаждау тәсілдері, аса күрделі және темірбетон құрылымдарын демонтаждаудың ерекшеліктері мен тәртібі, аса күрделі үлігілі емес ілмектеудің тәсілдері, монтаждау кезінде аса күрделі такелаждық жұмыстарды орындау ережелері,құрылымдарды торлы діңгектердің көмегімен жұпталған крандармен жебені немесе ригельді және т.б. орындаумен көтеру және түсіру тәсілдері, балансирлеу траверсаларын жұпталған крандармен жұмыс істеу кезінде қолдану ережелері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.


174. Құрылыс құрылымдарының монтажшысы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. АЭС, ЖЭС, ГЭС және т.б. ғимараттары мен имараттарының құрылымдарын жинау стендінде және плаз-кондукторды салмағы 50 т артық кеңістікті блоктарға ірілетіп жинау. Салмағы 50 т асатын құрылымдардың кеңістікті блоктарын монтаждау. Гидротехникалық имараттардың габаритті емес құбыржолдарының фасонды бөліктері мен компенсаторларын монтаждау. Кернеулі-арматураланған арқалықтарды және аражабындар фермаларын олардың арақашықтығына қарамастан монтаждау. Элементтің немесе блоктың салмағы 25 т астам болған жағдайда болат колонилерді, кран асты блоктарын және ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың өзге де болат құрылымдарын, сондай-ақ арақашықтығы 36 м астам фермаларды орнату және біржола дұрыстау. Элементтерінің саны 8 асатын көпірлердің аралық құрылыстарының аса күрделі тораптарын жинау және монтаждау. Металды және сыйымдылығы 3000 м² асатын цилиндрлі темірбетон резервуарларын, сондай-ақ сыйымдылығына қарамастан тереңдетілген траншеялық, сфералық резервуарлар мен газгольдерлерді монтаждау. Тікұшақтардың көмегімен түтін мұржаларының метал құрылымдарын монтаждау. Биіктігі 150 м асатын түтін мұржаларының газ кетіретін метал оқпандарын монтаждау. Керме құрылымдарын монтаждау. Толығымен құрастырмалы темірбетон сорғы градирняларын монтаждау. АЭС реакторының куполын монтаждау. Ірілетілген блоктардан көпоқпанды түтін және желдеткіш құбырларын монтаждау. Жүк көтергіштігі 100 т астам монтаждық діңгектерді жабдықтау, орнату және жылжыту.

Білуге тиіс. Ғимараттар мен өнеркәсіптік имараттардың аса ірі-габаритті және ауыр салмақты құрылымдарын жинау және монтаждау тәсілдері, такелаждық және көтергіш жабдықтың тым күрделі түрлерін және айлабұйымдарын жинау және орнату тәсілдері, құрылымдарды жәнеқұрылымдардың кеңістікті блоктарын аса күрделі типті емес түрде ілмектеу тәсілдері,тікұшақтардың және өзге де әуе құралдарының көмегімен ғимараттар мен имараттарды монтаждаудың ерекшеліктері,құрылымдарды тікұшақпен биіктікке көтеру және тікұшақтың монтаждау аумағына кіруі кезінде дұрыстау ережелері, биік көпоқпанды түтін және желдеткіш мұржаларын монтаждау тәсілдері, тасымалданатын радиостанциялардың үлгілері және оларды қолдану ережелері.

Орта арнайы (кәсіптік) білімнің болуы талап етіледі.


Құрылыс машиналары мен механизмдерінің монтажшысы


175. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 2- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс машиналары мен механизмдерді монтаждау және демонтаждау кезінде ең қарапайым жұмыстарды орындау. Жауапты емес бөлшектерді бұрандалардан босату. Тасымалдау алдында көлік құралдарында такелаж бен монтаждық айлабұйымдарды бекіту және бекітпеден босату.

Білуге тиіс. ең қарапайым такелаждық айлабұйымдарды қолдану түрлері мен тәсілдері, такелаж бен монтаждық айлабұйымдарды көлік құралдарына тиеу және оларды бекіту тәсілдері, бөлшектерді майлау тәсілдері, слесарлық аспаптың мақсаты.


176. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай бөлшектерді таңбалау. Бұрғы арқылы саңылаулар бұрғылау. Бұрандалы және ернемекті жалғауларды жинау және бөлшектеу. Металл құрылымдарын түзеу. Жіктерді монтаждық жалғаулармен бекіту. Балластты мұнаралы кранның тірек-жүріс бөлігіне тиеу және бекітпесінен босатып алу. Бүйірлік тартқыштарды және зәкірлік арқанды алу. Басты зәкірді бөлшектеп, ілмектерді, құрсауларды, ұстап тұратын арқандарды ағытып, тірек пятасын алып тастап, қосалқы инвентарлық зәкірлерді орнату және бөлшектеу. Оттяжкаларды ілмекті құрсаудан ағыту. Мұнара консолінен қарама-қарсы консольді алып тастау. Жылжымалы және жылжымайтын кран мұнараларының секцияларын бір-бірінен ажырату. Қысқа арқан коуштарын бұрылыс платформасынан және жебелік кермеден мұнараның монтаждық проушиналардан бекіту және бекітпеден босату. Арқандарды орап байлау. Монтаждық барабанды бекіту. Басқару шкафын, кабинаны, қызмет көрсету алаңын, сатыларды, қоршауларды алу. Көтергіштердің діңгектерін орнату үшін түғырнамалар дайындау. Көтергіштердің тірек жақтауын алып тастау. Діңгекті ғимараттан босатып алу. Пневмодөңгелектерді түсіру. Жылжымалы құрылыс машиналарын демонтаждау кезінде жүк тросын распасовкалау. Жәшікке контржүк балластын төсеп салу және түсіру. Жүк шығыршасымен алға жылжыту механизмі арқанын бумадан босату. Бетонараластырғыштарды, ерітіндіараластырғыштарды, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тасуатқыш қондырғыларын, дірілді електерді, уатқыштарды, дөңгелек болатты түзетуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды монтаждау және демонтаждау. Машиналарды (стационарлықтар үшін) фундаменттер үстінен бекітпеден босатып ағытып алу, дөңгелектерді (жылжымалы) тежеуден ағыту және босату.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың сортаменті, монтаждық күрделі емес жұмыстарды орындау тәсілдері, қарапайым такелаждық құралдарды пайдалану ережелері.


177. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды рельсті жолдардан алу. Балластты кранның тірек-жүріс және бұрылыс бөліктеріне бекіту және бекітпеден босатып алу. Мұнара секцияларын бір-біріне жалғау және бір-бірінен ажырату. Мұнара бастиектерін бекіту және ажырату. Қарама-қайшы консольді бекіту. Басқару кабинасын кранға орнату, бекіту және ажырату. Кранның жебесін жинау, оны жүріс бөлікпен немесе тірек пятасына жалғау, монтаждық күйге көтеруге дайындау және көтеру. Құрсама ілмектерін және арқандарды бекітіп, тірек табанын орнату негізгі зәкірдің құрылғысы. Жебені монтаждық күйден түсіру, оны тірек-жүріс бөлігінен немесе тірек табанынан ажырату, жұмыс қалпына көтеруге дайындау. Қарама-қайшы консольдан балластты тиеу және түсіру. Механизм арқанын енгізу, жүкшығырларға жылжытып шығару. Кранды тягачқа тіркеу және ажырату. Итермелі арбашаны босату. Жүкшығырлар мен автокранның көмегімен кернегішті бекітпеден босату. Телескоптық кернегіштердің бұрандамаларын бекіту және босату. Монтаждық тірек полиспастының арқандарын бәсеңдету. Көтергілердің діңгектерін жақтаудағы қиғаштіреулермен бекіту. Жүк платформасын діңгекке орнату және алып астау. Діңгекті көтергінің жұмыс тросын енгізу және шығару. Діңгекті кронштейндермен ғимаратқа бекіту. Бетонараластырғыштарды, ерітінді араластырғыштарды, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уату қондырғыларын, дірілді електерді, ұсатқыштарды, дөңгелек болатты түзеуге, кесуге және бүгуге арналған станоктарды орнату, дұрыстау және бекіту. Жылжымалы крандардың арқандарын шешіп және орап алу. Қабылдағыш құрылғыны орнату, бекітпеден босату және алып тастау. Машиналарды тапсыруға дайындау. Арқан ұштарын бұрылыс платформасымен жалғау және полиспастты керу. Монтаждық тіректі көтеру, түсіру және бекіту. Ілмек құрсауын жұмыс қалпына көтеру. Жүкшығыр мен жебешығырлардың арқандарын қайта енгізу. Оларды бұрылыс платформасына бекіту. Механизмдерді бекіту. Крандардың және машиналардың тораптары мен элементтерін көлік орамасынан босату. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5 м² дейін механизмдерді монтаждау.

Білуге тиіс. Күрделілігі орташа монтаждық және демонтаждық жұмыстарды орындау тәсілдері, монтаждалған жабдықты және машиналар мен механизмдердің бөліктерін (мұнаралық крандардың, діңгекті көтергілердің, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптау барабандарын, уату-сұрыптау және тас уатқыш қондырғыларды, дірілді електерді, дөңгелек болатты түзетуге және бүгуге арналған станоктарды) дұрыстаудың ең қарапайым тәсілдері, механикаландырылған аспапты қолдану тәсілдері, жүк көтергіш механизмдер мен такелаждық құралдардың құрылғысы мен оларды қолдану тәсілдері, оларды сынақтан өткізу тәсілдері, тозу мерзімдері, тростар мен арқандарды сынақтан өткізу ережелері, крандар элементтерін және басқа да машиналарды көтеру және олардың орнын ауыстыру ережелері.


178. Құрылыс машиналары мен

механизмдерінің монтажшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мұнаралық кранды буксирлі автомобильмен кранасты жолының рельстері арасына орнату. Кран мұнарасы астына монтаждық тірек орнату. Итермелі арбашықты бекітпеден босату және домалатып шығару немесе пневмодөңгелектерді алып тастау. Тірек-жүріс бөлігін итермелі арбашыққа немесе рельсті жолға орнату. Кран мұнарасын тік қалпына көтеру. Мұнарадағы жебені көтеріп жұмыс қалпына бекіту. Жебені жұмыс күйінен босату және төменге түсіру. Тік қалпынан инвентарлық ағаш атқа кран мұнараларын түсіру. Мұнараның телескоптық секцияларын алға шығару және түсіру кезінде электр шығырдың көмегімен секцияларды алға жылжыту (опус-канде). Монтаж ақаулықтарын сынамалау, жою, кран механизмдерін реттеу, сынақтан өткізу және пайдалануға тапсыру. Діңгектің биіктігі 10 м дейін болғанда оның өзінің шығырының көмегімен көтергіш діңгегінің секцияларын тігінен орнатып монтаждау; биіктігі 10 м артық болған кезде - қалған секцияларды монтаждық тіректің көмегімен жалғау. Жиналған қалпында оны көтеріп діңгекті монтаждау немесе қосалқы діңгектің көмегімен қосымша жалғау. Механизмдерді реттеп көтергілерді сынақтан өткізу және іске қосу. Діңгегінің биіктігі 10 м дейін болған жағдайда, өз шығырының көмегімен діңгекті көлденең қалпына түсіру, діңгегінің биіктігі 10 м асатын болғанда алып тастау. Көтергілердің тірек-бағыттаушы секцияларын демонтаждау. Қайталанбалы платформасы бар жылжымалы (арбашықты) құрылыс крандарының жүріс бөлігін орнату. Жылжымалы крандардың тростарын енгізу. Жебені платформада бекіту. Кранның жүріс бөлігін бұрылыс платформасынан алып тастау. Механизмді реттеу. Жылжымалы құрылыс крандарын сынақтан өткізу және оларды іске қосу. Электрқозғалтқыш орнатып, бетон араластырғыштардың, ерітінді араластырғыштардың, жуғыш-сұрыптағыш барабандардың, тас уатушы қондырғылардың, дөңгелек болатты түзету, кесу және бүгуге арналған станоктарының барлық бөліктері мен тораптарын зая жүрісі кезінде дұрыстаумен, реттеумен, сынамалаумен монтаждау және жұмыс қалпына келтіру. Барлық бөліктерді, тораптарды бөлшектеу, жоғарыда аталған машиналарды демонтаждау кезінде электрқозғалтқыштарды ажырату. Штукатурлық станцияларды орнату және іске қосу. Топырақ сорғыш снарядтарды монтаждау және штукатуралық станцияларды орнату. Өнімділігі сағатына 300 м² дейін баратын жер сорғыш снарядтарды және айдау қондырғыларын монтаждау. Шөмішінің сыйымдылығы 0,5-тен 1 м² дейін экскаваторлар механизмдерін монтаждау.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница